Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет93/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   265
Сүлеймен қарақшы

Бiз қашқарлық ұрылармен бiрге сол үңгiрде көп уақыт тұрдық. 

Бұқардан  келген  қашқарлықтарды  сарттар  кейде  “жөйiттер” 

дейдi.  Жөйiттерден  өздерi  жаман  қорқады.  Қорықпағанда 

қайтсiн, жөйiттердiң ай сайын адам етiн жейтiн бiр мейрамы бар. 

Адамды  қалай  жеуге  болатынын  бiрiншi  рет  сонда  көргем.  Бiз 

аштықтан  адам  жеудi  үйрендiк.  Ал  олар  мейрам  уақытысында 

тоқ болса да жей бередi.

  Бiр  күнi  бiздi,  осы  үшеумiздi  қашқарлық  ұрылардың  һәм 

адам жегiштердiң басшысы бiр адамды, онда да жастау, әрi семiз 

қызды ұрлап келуге жұмсады. Өмiрiмiзде адам ұрлап көрмеген 

бiз бұған қалай барайық. Бiрақ оған “бармаймыз” деген жоқпыз. 

Олай айтсақ, өлтiрiп қоятынын бiлдiк. “Жарайды” деп үңгiрден 

шығып кеттiк те, сол күнi Тәшкеннен кетiп қалдық. Өйткенi онда 

жүре  берсек,  олар  бiздi  тауып  алатынын  бiлдiк.  Сөйтiп,  мiне, 

қаңғи-қаңғи осында тап болдық. Өкiмет ұстап алса, “жөйiттермен 

сыбайлас” деп атып тастайды. Содан Тәшкенде жемеген адамды 

аштықтың кесiрiнен осында жеп үйрендiк. Бiздiң тағдырымыз — 

осы.

—  Сен  әңгiменi  әдемi  айтады  екенсiң.  Мен  баяғыда,  тауда 



басмашылармен  бiрге  жүргенiмде  “Тәшкенде  адам  жейтiн 

жөйiттер бар” деп естушi едiм. Сол жөйiттердiң ұрпағы екенсiң 

ғой-ә.  Ендi  айтшы  сол  жөйiттерiң  кәдiмгi  адам  сияқты  ма?

— Әлбетте олар да адам ғой. Бiрақ неге екенiн қайдам, иттiң 

балалары жүдә, iрi, кәттә болады. Мына сiз сияқты. Ал Бекаба 

деген басшысы сiзден де дәу.

— Тәшкенде оларға қарсы тұрарлық не қазақтың, не сарттың 

бiр дәуi болмағаны ма?

—  Қайдан.  Дәу  дегендердiң  өздерi  олардың  алдында  үн 

шығара  алмайды.

— Өкiмет ше? Ол да жөйiттердi тезге сала алмады ма? 

—  Бiз  онда  жүргенде  жөйiттер  оларды  құйрығына 

қыстырмайтын.  Қазiр  қайдам.  Менiң  бiлуiмше,  Тәшкен 

бұрыннан-ақ баскесерлер мен қарақшылардың шаһары сияқты.

—  Жарайды.  Бiр  ғана  адам  жеген  айыбың  болмаса,  сен  де 

мен секiлдi тентiреп қалған адам екенсiң. Қолыңды босатып нан 

берейiн. Содан соң екеумiз жатып демалайық. Мен өзiме тимеген 



192

Сүлеймен қарақшы

адамға ешқашан да тимеймiн. Ал тисе… Жаңа көрдiң ғой қалай 

болатынын.  Күнi  бойы  атсоқты  болып  шаршап  қалдым.  Мына 

қамыс төселген лашығың ұйықтауға ыңғайлы екен. Сен де жатып 

демал. Ертең не iстейтiнiмiздi оянған соң кесiп-пiшермiз.

  Қай  заманның  да  батыры  аңғал  ғой.  Зүндiннiң  мүләйiмси 

айтқан  әңгiмесiне  сенiп,  оның  қолын  босатып,  нанын  берген 

Сүлеймен қамыс үстiне алаңсыз жата кеттi. Иә, бiр бұл жер емес, 

талай жерде дәл осылай аңғал сенгiштiгiнен көп мәрте ажал таба 

жаздаған.  Ал  қазiрше,  нанды  қомағайлана  қарпып  жеп  жатқан 

Зүндiнге  есiней  қарады:

— Осы жерге ең жақын ауыл қайсы тұста? 

—  Қыбыладан  оң  жақты  бетке  алып  жүрсе,  аттылы  адамға 

күншiлiк жерде Құлшығаш ауылы бар. Одан әрi Сыр өзенi мен 

Арнасай  таяқ  тастам  жер…  —  деп  Зүндiн  тағы  бiрдеңелердi 

айтты. Бiрақ Сүлеймен оларын естiген жоқ. Қалың ұйқыға батып 

кеттi…

  Әдетiнше  қатты  ұйықтаған.  Бiр  кезде  құлағына  қарагердiң 



күркiрей  кiсiнеген  даусы  келдi.  Сонда  да  дыбысқа  бiрден 

тұра  қоймайтын  дағдысына  басып,  бас  көтермей  жата  бердi. 

Бiрақ  қарагер  кiсiнеуiн  қоймады.  Тiптi  лашық  қабырғасын 

соққылап,  оны  құлатып  жiберердей  тулай  түстi.  Оның  бостан-

босқа  бұлай  тепсiнбейтiнi  ұйқылы  санасына  сәлден  кейiн  ғана 

жеткен Сүлеймен: “Уа, не болды?” — деп айқайлай атып тұрды. 

Қарагер  лашық  есiгiнен  сығалай  қарап  тұр  екен.  Сүлейменнiң 

оянғанын  көрiп,  “мына  жақтан  бiреу  келе  жатыр”  дегендей, 

басын  арғы  жаққа  қаратып  шұлғып-шұлғып  қойды.  Сүлеймен 

күректей алақанымен бетiн уқалап-уқалап жiберiп, айналасына 

қараса,  лашық  iшiнде  ешкiм  жоқ.  Жанына  қойған  шоқпары 

да,  бас  жағындағы  пышағы  да  көрiнбейдi.  Бұрышта  қоржыны 

ғана  жатыр.  “Қап,  анау  жексұрын  бар  қаруымды  алып,  тайып 

тұрған ба?” деп ойлап, лашықтан еңкейiп шыға берiп едi, қарсы 

алдындағы  қамыс  арасында  жалғыз  аяқ  жолмен  пышақ  пен 

шоқпарды  оңтайлана  ұстап  келе  жатқан  Зүндiндi  көрдi.  Осы 

кезде қарагер ат керi жылжып кеттi. Сүлейменге “шық” дегенiнiң 

белгiсi шығар бұл. Алайда Сүлеймен сыртқа шықпай, “Зүндiн не 

iстер  екен,  көрейiн”  деп  ойлады  да  орнына  қайта  жатты.



193



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет