Диханбаева ф. Т., Джетписбаева б. Ш., Матибаева а. И



Pdf көрінісі
бет16/64
Дата26.01.2023
өлшемі1,2 Mb.
#63057
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   64
1.4. Сапаны басқару әдістері 
Өнім сапасын басқару кезінде төмендегідей басқару әдістерін қолданады: 
- экономикалық; 
- әкімшіліктік; 
- әлеуметтік-психологиялық; 
- идеологиялық. 
Басқару әдісі дегеніміз өнім сапасына әсер ететін факторларды басқару 
органдары іске қосатын тәсілдер. 
Экономикалық басқару әдістерінің топтарына жоғары сапалы өнімді 
шығаруды ынталандырудың экономикалық әдістері, бағаның құралуы, жаңа 


24 
өнім нұсқауларын таңдаудың технико-экономикалық негіздемесі, техникалар 
мен 
технологиялар, 
жеткізушілер 
мен 
тұтынушылармен 
есептесуді 
ұйымдастыру және т.б. жатады. 
Басқарудың әкімшіліктік топтарына: өнімге нормативтік құжатты
технологиялық құжатты енгізуді қамтамасыз ету, бақылаудың қазіргі заманғы 
әдістері және т.б. жатады.
Басқарудың әлеуметтік-психологиялық тобына: ұжымдардың әлеуметтік 
жоспарлы дамуы, жағымды психологиялық климатты орнату, өнім сапасын 
жақсарту әдістерін қалыптастыру жатады.
Идеологиялық әдіс тобына өндіріс орындарын басқаратын жұмыскелерді 
кеңінен тарту жатады.
Бақылау сұрақтары: 
1. Өнім сапасын басқаруда қандай әдістерді қолданамыз? 
2. Экономикалық басқару әдістерінің топтарына не жатады? 
3. Басқарудың әлеуметтік-психологиялық тобына не жатады? 
4. Басқару әдісі дегеніміз не? 
5. Өндіріс орындарын басқаратын жұмыскелерді кеңінен тарту қай 
әдіске кіреді? 
6. Өнім сапасын басқаруда қандай әдістерді қолданамыз? 
1.5. Сапаның деңгейін бағалау 
Өнімнің сапасын жақсарту мен басқару үшін оның деңгейін сандық 
бағалау қажет. Өнім сапасын сандық бағалаумен байланысты қызмет аймағы
квалиметрия деп аталады. Квалиметрия – сапаны бағалаудың сандық әдістерін 
біріктіретін ғылым, бұл ғылым өнім сапасы мен стандартты басқару кезінде 
қолданылатын шешімдерді дәлелдеуде пайдаланылады.
Өнім сапасының деңгейін бағалау өнім сапасын басқару жүйесінде 
қажетті басқаратын шешімдерді дайындау үшін негіз болып табылады. Сапа 
деңгейін бағалау төмендегідей сатылардан тұрады: 
- сапа көрсеткішінің тізімдемесін таңдау және оның қажеттілігі мен 
жеткіліктілігін дәлелдеу;
- сапа көрсеткіштерінің мәнін анықтаудың әдістерін жасау немесе таңдау; 
- көрсеткіштердің негізгі мәні мен бағаланып отырған өнімнің сапасын 
анықтау үшін қажет бастапқы мәліметтерді таңдау; 
- сапа көрсеткішінің нақты мәнін анықтау және оларды негізгімен 
салыстыру; 
- болуы мүмкін шешімдердің нұсқауларына салыстырмалы талдау жасау 
және ең жақсысын табу; 
- басқаратын шешімді қабылдау үшін ұсыныстарды негіздеу. 


25 
Аталған сатылардың әрқайсысы және оларға жұмсалатын жұмыс көлемі 
өнім сапасын бағалаудың мақсатына айтарлықтай тәуелді. 
Бағалаудың мақсаты: 
- сапаның қарастыратын көрсеткіштерін таңдап алу керектігі; 
- қандай әдіспен және олардың мәнін қандай дәлдікпен анықтау керектігі; 
- ол үшін қандай құралдар керек болатындығы
- бағалаудың нәтижелерін қандай түрде көрсету мен қалай өңдеу 
керектігі; 
- болуы мүмкін шешімдердің қандай нұсқаларын бір-бірімен салыстыруға 
болатындығы. 
Бақылау сұрақтары: 
1. Бағалаудың мақсатын ата 
2. Сапа деңгейін бағалау қандай сатылардан тұрады? 
3.Квалиметрия қандай жағдайда пайдаланылады? 
4.Квалиметрия дегеніміз не? 
5.Баға деңгейін бағалайтын сатылар неге тәуелді болып келеді? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет