Јділет Ќабылов


шеткері (үй)?  Неге  ақырғы



Pdf көрінісі
бет12/21
Дата22.12.2023
өлшемі1,4 Mb.
#142807
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21
шеткері
(үй)? 
Неге 
ақырғы
(аялдама)? Мәтіннің атаулары тілдік көрінісімен кеңістіктік 
ұғымды бергенімен, концептуальдық тұрғыдан уақыттық мәнді өрнектейді. 
Кеңістіктің белгілі бір ауқымының шеткі, ақырғы нүктесін көрсетіп тұрған 
атаулар уақытпен өлшенетін адам өмірінің де шау тартқан шағындағы 
жабығуы мен жалғыздықтың тақсыретін тартып, өмірмен қоштасатын 
ақырын меңзеп тұрған жоқ па?!
Екі шығарма да бір орнында тұрмай, сыныптай сырғыған уақыттың 
адам өмірінде қалдырар өшпес таңбасын меңзейді. Уақытында жете мән 
бермей, терең пайымдамаған өмірлік ақиқаттың түптің түбінде опық жегізер 
өкінішін тұспалдайды. «Қандай заманда да өз бақыты жолында күресе 
білмейтін адамның өз өмірін мазмұнды, мағыналы ете алуы еш мүмкін емес» 
(Ә.Кекілбаев) екендігін еске салады [84]. 
Шеткері үй – бұл қаланың тау жақ шетіндегі шатырын тот басып 
күңгірттеніп кеткен қарағай үй ғана емес, өзінің жеке басының тыныштығын 
ғана күйттеп, оңашалыққа әбден бой алдырып, тасбауыр боп өмірден шет 
қалған, ақыры өлгенін де ешкім білмей, өлігін төрт-бес күн өткесін пошташы 
кемпір тауып алатын бейшара Зуһра!
Ақырғы аялдама – бұл мекемесі мен үйінің арасына қатынайтын 
маршруттың ақырғы аялдамасы ғана емес, өмір бойы қыр соңынан қалмаған 
жымысқы күлкінің астарлы мағынасын кеш түсініп, жасы жер ортасына 
келгенде жанын жегідей жеген жұмбақ күлкінің сырын кеш пайымдап, өзін 
қор тұтатын байғұс Бисеновтің адыра қалған арманы мен ақырғы ой тұйығы! 
Орыстың айтулы ғалымы М.Бахтиннің Ф.Рабле күлкісінің сырын 
пайымдағанда «не смеющийся смех» (күлмейтін күлкі) деген терминді 
қолданатыны бар. Аталмыш екі шығармадан да осындай «күлмейтін 
күлкінің» табын байқаймыз. Шынында да, мұндағы күлкі құбылыстарының 
көбісі оқырманды күлдірмейді, қайта мұңайтады, өмір-тіршіліктің 
оңайлықпен бой алдырмас иірімдеріне бойлатады. Жазушының қашан да 
қаузап ойлайтын, қазып айтатын суреткерлік таланты бұл шығармаларында 
да адамның ішкі сыры мен психологиялық жан күйзелісін терең зерделетіп, 
оқырманын қалың ойдың құшағына иіріп әкетеді. Адамның жетістікті 


121 
тұстарымен, мінезінің көшелі қасиеттерімен қатар, көлеңкелі жақтарын да 
қамтып, олардың арасалмағын безбендейді, алайда қатаң үкім шығармай, 
өмірдің өз суретін береді. 
Бұл шығармалардағы авторлық интенциядан танылатын ойлы әзіл мен 
астарлы ирония да нақты жағдайларға, негізінен кейіпкерлердің іс-әрекеті 
мен ой-танымдарына, солардан туындайтын ортақ нәтижеге, өмір сабағының 
оймен пішілгенмен, көркем дәлелденген қорытындысына бағытталып 
отырады. Мұндай әлеуметтік пайымдау лебінде астасып жататын ирониялық 
стиль автордың өзі суреттеп отырған нақты өмір құбылысына тұрақты сыни 
баға беру дағдысы мен тілдік оралымдарды қажетінше ойнақы қолдануды 
талап етеді. Мұндай ирония туралы В.Е.Хализев былай деп жазады: «Наряду 
с универсиальной иронией, направленной на мир и человеческую жизнь в 
целом, сушествует (и является весьма продуктивной для искусства и 
литературы) ирония, порождаемая восприятием и осмыслением конкретных, 
локальных и одновременно глубоко значимых противоречий жизни людей и 
их исторического бытия» [51,79]. 
«Шеткері үй» повесінде Зуһра кемпірдің өткен күндерін еске түсіруі 
лирикалық шегініс арқылы шолынады. Орталық кейіпкердің сөздері ашық 
монологтық немесе диалогтық формаларда тікелей көрінбегенімен, авторлық 
баяндаудың өзі негізінен кейіпкер ойымен, еске алуымен, елестетуімен 
тоғысып жатыр. Асылы, мұны авторлық баяндау жолымен жүзеге 
асырылатын кейіпкер монологы деп қарауға болар. Осындай қос арналы, 
тоғыспалы стильдің бір ерекшелігі – мұнда кейіпкердің бүкпесіз ішкі сыры, 
психологиялық халі суреттелумен қатар, автордың баяндау ырғағынан 
аңдалатын көзқарас, баға беру екпін-интонациясы негізінен әзілдік сурет-
өрнектер мен астарлы мысқыл-кекесіннен көрініп отырады десек, 
қателеспеспіз, сірә. 
Повестегі бас кейіпкер Зуһра – қаладағы ірі дүкен иесінің оң қолы, «үйі 
түгіл, қорасынан қонақ арылмайтын» Қара Махмұттың бірінен-бірі өткен 
сұлу үш қызының кенжесі. Жасынан сылаңдап ерке өскен Зуһраның жігіт 
біткен соңынан қалмай, көзін сататындығы түсінікті. Үйіне жігіттердің 
келгіштеп кеткеніне: «И, и, сұлу қыз деген солай болар. Соңынан еркектер 
шұбырып жүрмеген әйел әйел ме!» – деп қуанатын шешесі татар қара 
кемпірдің қызына айтатын ақылы мынау: «Бұл еркектердің көркіне 
қызықпай, бөркіне қызық. Көрік әйелдерге керек. Ал бөрік еркектің абыройы 
мен дәулетін көрсетеді. И, и сендер қайдан білейін деп едіңдер. Бұл еркек 
дегендердің көзге көрінбейтін екі, көзге көрінетін үш қасиеті болады. Көзге 
көрінбейтін бір қасиеті ақылы, екіншісін әлі бастарың жас, айтуға болмайды. 
Ал көзге көрінетін үш қасиеті: бетіндегі айбаты, қолындағы қайраты, 
қалтасындағы дәулеті. Көзге көрінбейтін қасиеттерін қателессеңдер оқасы 
жоқ, бірақ көрініп тұрған қасиеттерінен қате жібермеңдер. Әйел пақырдың 
бағы жанбайын десе сөйтіп қара басады. Құдайым сендерді тек сондай 
масқарадан аман қылғай» [28,175-176]. 
Сөйтіп жүргенде Зуһра Жәнібекке бұйырады. Кісіге көңілі біте 
бермейтін Қара Махмұттың күйеу баласына дегенде көңілі бөлек. Төбесі 


122 
көкке жеткендей. Өйтпегенде ше, қызының таңдауы шешесінің айтқан 
ақылының үдесінен шығып жатса!.. Әттең, бұлардың бақыты баянды болмай 
шықты ғой. Жәнібек соғыс басталысымен майданға аттанып, содан 
оралмады. Артында жалғыз тұяғы Әлібек қалады. Баласының қазасынан 
кейін Қара Махмұт та көп ұзамай о дүниелік болады.
Күйеуі өлгесін шөгіп қалған қара кемпір жастай жесір қалған қызына 
мынадай ақыл айтады тағы: «Әйел қырық шырақты» деген. Бағың жанайын 
десе, әлі де кеш емес. Бірақ, тұл қатынға тулақ құшақтаған да сауап деп кім 
көрінгенге қор болма. Бағы озық еркектің етегіне жармас. Қатын-баласының 
бар-жоғына қарама. Қашан да сұлу әйелдің ажары бағы асқан азаматтың, ал 
бағы жүрген еркектің дәулеті ажары асқан әйелдің салымы. Сендей әйелге 
қарайламайтын еркек кіндік кем де кем. Тек жасықтық жасап, ырыс-
несібеңнен қаралай қағылып жүрме. Мен де әкеңді қазақтың екі-үш 
майбалағы мен татардың төрт-бес тоташының аузынан жырып әкеткем.
Оралыңның барында ойқастап қалмасаң ешкім сені аямайды... Жаман 
ұрғашылардай етегің толып еңіреп жүргеніңді білсем, бұл дүние түгілі о 
дүниеде де: «Басында ми жоқ малғұн қаншық», – деп қарғап жатам» [28,185]. 
Шешесінің ақылымен баласы Әлібекті қиырдағы Нахимов училищесіне 
оқуға аттандырған Зуһраның мұнан кейінгі өмірі өз бойын түзеп, жеке 
басының қызығы мен күйін күйттеумен өтеді. Ауылдан арқаланып келген, 
туды-бітті көрмеген Жәнібектің ағайындарымен де жөн сұрасып жарытпады: 
бір түнді қалай өткізерін білмей тықыршып шығады. Араға жылдар салып 
демалысқа келген ересек Әлібегін де жатсынып қалған – бөтен адам секілді, 
қысылып-қымтырылып, әбден абдырайды, өз үйіне өзі сиюдан қалады. Теңіз 
офицері баласы екі аптадай болып, қызметіне қайтады.
Зуһраның жалғыздыққа әбден еті үйреніп кеткені соншалық, үйіне әлгі 
қап арқалаған екеу келгенде де, тіпті жалғыз ұлы Әлібек келгенде де төсекте 
тұншығып бара жатқандай төңбекшіп бітеді. Бөтен иістің өзі қолқасын атып, 
мазасын кетіреді. Баласын аттандырып салып, үйіне келгенде тынысы кеңіп 
сала беретіні, «Шіркін, оңашалық қандай жақсы еді!» – деп рахат күй 
кешетіні сондай бейқам оқшау тірлікке бой алдырғанының белгісі.
Тек әйел затының табиғи тілегі ғана Зуһрадай сұлуды еркекпен 
байланыстыратын жалғыз ғана арқау болып қалды. Зуһра еркектерді сорт-
сортқа бөліп, сан алуан «сөрелерге» орналастырып та үлгерді: «Зуһра қазір 
қай еркектің қандай екенін бетіне бір қарап-ақ айтып бере алады. Ала қызба 
ала бүлік, ә дегеннен әупірімдей жөнелетін әңгүдік, қимылының бәрі 
сағыздай созылып, бірақ бір жабысса, қашып құтыла алмайтын жымысқы, 
тап беруінен жалт беруі тез жылпос, емеурініңе-ақ өліп-өшетін елпекбай, 
сыздаймын деп отырып қаралай іш пыстыратын кергіме, жаутаңымен-ақ 
жалыныңды сөндіретін ынжық... Құдай тағала, еркек деген немелердің 
сорттары қандай көп еді!» [28,200].
Автор еркектерді кейіпкердің көзімен сипаттағанда юморлық бояумен 
күлкілілік мән үстесе, оның астарында Зуһраның дүниетанымы мен ішкі 
болмысына деген мысқыл жатыр. Оқырман шығармадағы сын астарын 


123 
осындай бір қарағанда жаймашуақ, алайда астарына сыншылдықпен сыр 
бүккен мысқыл-кекесіннен аңғарады. 
Кейіпкеріміз еркекті тану ғана емес, оларға қалай қарап, қандай амал-
айла істеу керектігін де бір кісідей меңгерген: «...Еркекті тану үшін сұлу 
әйелге көзін ойнатып, ернін жылмитқаннан артық қимыл, артық еңбектің 
қажеті шамалы. Соның өзі-ақ талай-талай талтаңбайдың көкірегінде не бар, 
не жоғын қолмен ұстатқандай жарқыратып жайып салады. Бір 
жымиғаныңнан-ақ көзін алып қашып, қызара жөнелсе – ұялшақ. Өзің 
қуаламасаң, ол қуаламайды. Жымиғаныңда ыржаңдап, соңына еріп, артына 
сырт айнала беріп, қабағыңды түйгенде әлгі екі езуі екі құлағындағы жайраң 
күлкісі жым-жылас жоғалса – қорқақ... Жымиғаныңда тура ұмтылып, 
қабағыңды түйгенде одан сайын өзеурей жөнелсе – әумесер... Жымисаң 
жымиып, қабағыңды түйсең жік-жаппар боп, бәрібір соңыңнан қалмайтындар 
– нағыз су ауыз сүмелектер. Олардың сезімі балықтың майындай күлімсі де 
жылымшы, олардың сүйгені сүліктің қадалғанындай жиренішті де 
қорқынышты. 
Жылмиғаныңда 
жылпылдап, 
қабағыңды 
түйгеніңде 
жаутаңдап, қайтадан қабағың жадырағанда қайтадан құрақ ұша жөнелетіндер 
– нағыз ұзын бұйда, кең тұсау бозтайлақ бозымбайлар. Олар қайда жетелесең 
сонда жүреді. Әйелдерді өзін-өзі ұмытып беріліп сүю, әйел жолында басын 
жоғалту тек сондайлардың ғана қолынан келеді» [28,200]. Осы жолдардан-ақ 
автор сатирасының сынық салғандай сылап-сипалап отырып-ақ, діттеген 
межесін дөп көздеп, кейіпкер ойымен әшкереленуші нысанды (құбылысты) 
жайратар жай оғындай күш-қуатын бағамдаймыз. 
Сондай еркектердің бірқатары Зуһраның да өмір жолында (өмір деуге 
ауыз барса!) жолығып, аз-кем дәмдес болатыны бар. Бірақ, Күзембаев, 
Себепбаев, Себепбаевпен бақас ғалым шал, қоңқақ мұрын көлтабан офицер, 
аузы құрғамайтын теңге мұрт ақын – осының бәрі өздерінің табиғи 
миссиясын өтегенмен, көп тұрақтамайтын, құштарлық бекетіне бір-бір 
дамылдап кететін уақытша қонақ репетті ғана.
Бұлардың қай-қайсысының да өзіндік әдет-дағдылары мен мінез-
машықтары бар. Автор мұндай эпизодтық кейіпкерлердің әрқайсысын бірер 
сөз, бірлі-жарым деталь-штрихтармен таныта кетеді. Олардың мінез 
қырларымен қатар, кейбір реттерде ой-танымы мен өмірлік ұстанымдарын да 
назардан тыс қалдырмайды. Себепбаевтың: «Кісі бақытты болу үшін не 
ешкіммен ешқандай шаруасы болмай саяқ жүруі керек, не жұрттың пыс-
пысына пысқырмауы керек. Онсыз бүгежектеп бауырыңды жаза алмайсың. 
Ал бұқпантайға бақыт бұйырушы ма еді!», – деп тұжырымдалатын 
пәлсапасы, мылжың ғалым шалдың осалдық деген иттің кім-кімде де бола 
беретінін ескертіп, «егер құдай көкте емес, жерде болып, бір-екі рет 
академияның сайлауына түсіп көрсе, оның да қадірінің қандай болатыны 
белгілі деп шиық-шиық күліп қоятыны» олардың «өмірлік тәжірибелері мен 
ғылыми тұжырымдарынан» хабар береді.
Солардың ішінде, әсіресе, Зуһраның көңілінде бөлекше із қалдырғаны – 
оның мысын басып, талай таңырқатқан, «қызым» деп бастаған әңгімесін 
атын атаумен аяқтап, дегеніне жетпей тынбайтын қалжыңбас ғалым 


124 
Себепбаев. Алыс бір жақта іссапарға жүріп, машинаның астына түсіп өлетін 
осы Себепбаев қана Зуһраның көңіліне әлдебір (онда да болар-болмас) 
қимастық сезім қалдырғандай. Оның қабірінің басына іздеп барып, өлгеніне 
көзін әрең жеткізетіні де – соның дәлелі болса керек. Және мұндай әрекет, 
біздің байқағанымыздай – өлі тұрмақ, тіріні іздемейтін Зуһра үшін тосын 
жайт сияқты.
«Еркек жарықтық та қызық халық қой. Қай-қайсысының да: 
«Қарындас!», «Зуһражан!», «Жеңеше!» деп басталатын мәймөңке әңгімесі 
шырқ үйіріліп келгенде баяғы бір гәпке тіреледі. Сосын әрқайсысы әр 
нәрсені сылтауратып, жөн-жөніне тайып тұрады. Бірақ соған бола налып 
жатқан Зуһра жоқ. Өйтетіні – солардың бетегеден биік, жусаннан аласа боп, 
сызылып-мызылып тұратындары бір-екі рет жолыққанша ғана. Ал қасыңа бір 
аптадан астам басыбайлы тоқтады-ақ, жоқтан өзгеге қиқу салып шыға келеді. 
Көрсеқызарлардың іштері тар болады деуші еді. Сол рас сияқты. Дүниедегі 
екі аяқты, төрт аяқтылардың ішінде еркектердей көрсеқызар жоқ шығар. 
Ендеше, солардан асқан іші тар да ештеңе жоқ екен» [28,214-215]. 
Бұны көрсе, шашының арасындағы құйқасына дейін ду қызарып шыға 
келетін, жарғақ құлағы одан сайын қалқия түсіп, ыңырсып бипаз сөйлейтін 
момын сары Күзембаев, қысы-жазы тақиясын тастамайтын, ит қуған 
тауықтай тызақтап шауып жүретін Себепбаевпен бақас шошаңбай мылжың 
ғалым шал, аузынан шыққан әр дыбыста ызыңнан гөрі ысқырық көбейіп 
кететін, келген-кеткенінде сұқты көзімен бұрыш-бұрышты тінткілеп бағып, 
Зуһраның еркін тіршілігін шектей жаздаған бәлденген қоңқақ мұрын офицер, 
қанша ішсе де, мұнтаздай боп таза жүретін, «қаламақы төлемеген жерге сөз 
шығындамайтын» сөзге сараң, күніне бір-ақ рет, онда да түн ортасында 
«Рахмет!» айтуды ғана білетін теңге мұрт ақыннан кейін бұл үйге еркек 
кіндік басын сұғуды қояды. Енді ше! Дәурен өтті, базар тарқады!
«Бір шоқ гүл мен бірер шампанның обалына қалып», «құрметті 
демалысқа» шыққан Зуһра үлкен қаланың шет жағындағы қарағай үйінде 
қабаған итімен оңаша қалады. Әйелдің ит жетектеген ғұмыры да ұзаққа 
бармады. Зуһра иті өлген күні ғана өксігін баса алмай ұзақ жылайды. Өмірі 
егіліп жылағаны осы болар! Итін көше сыпырушы шалға көмдіргеннен кейін 
абажадай үйде жалғыз қалады.
Бірінен-бірі аумайтын сұрықсыз күндер, тек құр кеудесін сүйреткен 
далбаса тірлік – Зуһраның баяғыдан бері ең қымбат санайтын емін-еркін 
бостандығы осы ма еді?! Бұрынғыдай қолына сурет альбомын алып, бетін 
аударыстыратынды да қойды. «Бетін ашса, баяғы кездің бақытты елестері 
емес, әлдебір әзәзіл мың-сан оқты қатар жаудыра жөнелетіндей жүрегі 
шаншып қоя береді». Күннен-күнге жапырағы түсіп сидаланып бара жатқан 
теректер, солғынданып әрі кетіп бара жатқан аласа аспан – Зуһраның да көңіл 
күйін бедерлейтін көңілсіз, мұңды көрініс. Құлағына еміс-еміс көшедегі ұлы 
тірліктің сарыны келеді. «Сол бір ұлы жосқын мұны жаңқадай жағаға 
лақтырып жібергендей. Әлде бұл сол жосқынға араласуға о бастан жүрегі 
дауаламады ма?!» Әрине, сөйткен болар. Өз еркіндігін қымбат көрді емес 
пе!? Өзімшіл тірліктің алдауында, әзәзіл қу нәпсінің арбауында жүріп 


125 
адаспады ма? Өмірде жар қызуы, бала қызығы, ағайын-орта қарым-қатынасы 
секілді байланыстардан тұратын тіршіліктің ұлы дүрмегінен шет қалып, 
жалғыздықты жар қылып ендігі жатысы мынау.
Алайда, бұл кейіпкерімізде осыларды ойлайтындай, ойласа да өмір 
сабағының кеш те болса бір ұшығын ұстайтындай жігерлі ой, жетелі пікір 
бар ма, сірә!? Күмәніміз бар. Тірліктен баз кешерінде итін сағынатыны бар-ау 
(«Несін айтасаң, ол барда осы үйдің өзі қандай еді! Пыс-пыс етіп дем 
алғанының өзі неге тұрады. Әйтеуір қасыңда сенен басқа да тіршілік иесі бар 
екенін біліп, жағаң жайлау еркін жатасың ғой»)! Енді қайтсін. Басқа кімді 
сағынбақ? Кімді көмекке шақырмақ? Жастайынан аласталып, жат боп кеткен 
жалғыз ұлы Жәнібекті ме? «Сол бір қаршыға көз жігіттен бір түрлі 
сескенетін сияқты». Күзембаевты ма? «Оның атын атауға аузы 
қияспайтындай». Себепбаевты ма? «Оны көруге де әлденеге жүзі жанатын 
сияқты».
Зуһра кемпірдің өткен күндерін есіне түсіргенде: «О да бір дәурен 
екен-ау. Өтіп бара жатқан... («өмір-ай!» деуге аузы бармай) күндер-ай!» – деп 
күрсінетіні көркем мәтінде бірнеше жерде қайталанады. Бұл – кейіпкердің 
өткен күндерін елестеткенде ойына оралатын ең бір маңызды сәттеріндей 
қабылданады.«Өмір» деуге аузы бармауының сыры мәлім. Осы бір жанның 
жүріп өткен мағынасыз ғұмыры, шынында да, өмір деуге келе ме өзі?! Абай 
айтқандай, «Дүниеде жалғыз қалған адам – адамның өлгені. Қапашылдықтың 
бәрі соның басында» [85,135] емес пе!? 
Шығармада жалғыздық мәселесі жалаң суреттелмей, оның бастаулары 
мен тірелер тұйығы, себептері мен салдары жан-жақты қамтылады. Мұның 
бәрі психологиялық талдаудың көмегімен жүзеге асып отырады. Ғалым 
Т.Сыдықов айтқандай, «Психоанализ–көркем әдебиеттің зерттеу әдістемесі. 
Өйткені, ол адамның жан-жүрегіне үңіледі. Адам жанының иірімдері, 
тылсым тұңғиығы, нәзік тебіреністері, томаға тұйық сырлары адамның ішкі 
әлемінде бүгулі, бүркеулі жатады. Сол басқаның көзімен қалтарыстағы сана 
мен сезім ағысын тек қуатты қалам иесі ғана көрмек, кестелемек», – деп 
жазады [86,178].
 
Жалғыздыққа ұшыраудың сыры неде? Ол адамның ерекше еркіндікке 
ұмтылуының салдарынан туындап жатқан жоқ па? Алайда, абсолюттік 
еркіндіктің болмайтынын, ал оған талпыныс тұлғаның тұйықталуына, 
қоғамнан оқшаулануға әкелетінін, біржақты өзімшілдік психологияның шын 
бақытқа жеткізбейтінін, қайта нағыз бақытсыздықтың, қасіреттің көзі 
болатынын оқырман осы шығарманы оқығанда тағы бір көз жеткізетіндей. 
Эгоцентристік пиғылдың астамшылық сипаты көкірегі ояу жандарға аса бір 
тосын жай да емес. Нағыз еркіндіктің мәні жеке бастың рахатын күйттеп 
оқшаулануда емес, қайта адамдардың жарасымды қарым-қатынасының 
табиғи ырғағынан туындайтын ерікті түрде бір-біріне қоғамдағы 
қабылданған тәртіппен бағынушылық, өз бақыты жолында белгілі бір 
«құрбандықтарға» баруда екенін көпшіліктің бағамдаулары да сондықтан 
болса керек. К.Ясперстің: «Біздің заманымыздың басты сипаты –жұрттың 
бәрі еркіндікке ұмтылса да, сонымен қатар көптеген адамдар еркіндікті 


126 
көтере алмайды. Олар еркіндік үшін еркіндіктен бас тартуға бейім тұрады» 
[87,12], – деуінің астарында осындай да хал-сыр жатпасын. 
Шығармада автордың байыпты баяндау арнасында ара-тұра нақты 
көрініс-құбылыстарды ойнақы әзіл тілмен ұшықтап, әзіл-мысқылмен сипай 
өтіп, езу тартқызып отыратыны жиі ұшырасады. Мысалы: «...Күні бойы 
топырлатып торға қамап қойған ақ сазандардай кеңсе-кеңседе жіпсіз 
байланып отырған көп балтыр көшеге атып-атып шығады» [28,172]; «Жалпы 
ол үйдің дастарқанына қарап ұйғырдың үйі, дастарқан басындағы әңгіме 
сыңайына қарап татардың үйі деп қалатынсыз. Анда-санда айлапат кең 
қораның түп жағында үйіліп жататын түйенің құмалағы мен Қара 
Махмұттың тамаққа тойып алған соң, терезені ашып қойып, үсті-үстіне 
кекіретіні ғана бұл үйдің қазақтарға да аз-мұз қатысы жоқ еместігін 
байқататын» [28,175]; «Бұл столдың тасасынан шығып, бастығының 
кабинетіне қарай аяқ басуы-ақ мұң, әлгінде ғана қыпша белге көп кідірген 
қыдырма көз «өз сапарын» одан әрі жалғастыра жөнелді» [28,198]; «Жарық 
сөнгенше өз көлеңкесінен өзі ұялғандай күйбеңдеп жүріп алған әйелі шам 
өшер-өшпесте бос кереуетті көрмей, «иә, құдайлап» күйеуінің қасына күмп 
бергені. Бейшара кереуеттің былқылдақ торы бауырымен жер сыза тоқтады. 
Бөлек кереуетке жататын әдептен қонақ әйел қандай бейхабар болса, күйеуі 
тірі әйел бөлек төсек түгілі бөлек жастық жастанбайтын әдеттен үй иесі әйел 
сондай бейхабар-тын. Оған қайқы тіс әйелдің біреу қараңғыны пайдаланып, 
күйеуін иемденіп қоятындай, жанына барып жарбиып жатып алғаны тіптен 
сөлекет көрінді» [28,194]. 
Жазушының әлеуметшілдік, қоғамшылдық позициясының бір арнасы 
осы жолы жеке адамның өз бақыты жолындағы күресінің қарапайым 
қағидасын естен шығарып, бетінің әрі барда келешегін ойламаған әйел 
тағдыры арқылы отбасы қызығынан шет қалу, ұрпақ тағдырына 
немқұрайлылық, пенделік томаға-тұйықтық, өзімшілдік, қоғамнан алшақтау 
секілді біздің бүгінгі өмірімізде орын алып отырған әлеуметтік-
психологиялық мерездердің белгілерін нақты жағдайды пайымдату арқылы 
келісті көрініс табады. Жастықтың алдамшы жалынына масайраған, өмірдің 
қызығына мастанған эгоцентрик, сөйте тұра өмірге есесін жіберген әйел 
Зуһра тағдыры оқырманын немқұрайлы қалдырмайды.
* * * 
Жазушының «Ақырғы аялдама» әңгімесі де – психологиялық шығарма.
Бас кейіпкердің өмір жолын шола отырып, мінезінің бір қырын, онда да бүкіл 
өмірінің беталысына кері әсер еткен, асқақ армандарына батыл ұмтылып, 
күш-қайратын орнына жұмсап, өмірден өз орнын алуына кесірін тигізген 
елеулі қырын – шектен шыққан момындық, ұялшақтықтан туындайтын 
батылсыздық мінезі, жігерсіздігі психологиялық тұрғыдан жеріне жеткізе 
талданады. Осы бір ғана мәселені көркемдік тұрғыдан тәпсірлеген, 
психологиялық шағын трактат жүгін көтеріп тұрған шығарма. 
Шығарманың басында Бисеновтің күнделікті машығымен, жұмыстағы 
тәртібімен, үй-тұрмыстағы дағдысымен біршама, бірақ қаныға танысамыз. 


127 
Бас кейіпкер Бисенов, бір қарағанда – жағымды-ақ кейіпкер. Оның тұл 
бойынан «әттеген-ай» дейтіндей бір мін таппайсың. Үлкен бір мекеме аузына 
қарайтын жетекші бөлімнің бастығының орынбасары. Білікті маман. 
Жұмысына тиянақты. Үлгілі отағасы. Жұрттың жазып әкелетін қағазын місе 
тұтпай, өзі қайта жазып шығатын, жұмысына қылдай болса да кінәрат 
түсірмеуге тырысатын еңбектің нағыз бәйгеторысы. Институтты жақсы 
бітіріп, бірден треске аға инженер боп тағайындалған оның ешбір ісінен 
шикілік шығып көрмеген.
Оны бастықтары да, бағыныштылары да құрметтейді. Тек... олардың 
мұны көргенде жымия қалатындары-ай! «...Ертеден қара кешке пысылдап 
қағаз жазып отыратын еңбекқорлығынан ба, қызметтестерінің өзінен 
лауазымы үлкенімен де, кішісімен де сөйлескенде құлағына дейін ду 
қызарып кететін ұялшақтығынан ба, жұмысқа жарты сағат бұрын келіп, 
жарты сағат соң кететін елден ала бөтен ыждаһаттылығынан ба, сөйте тұра 
осы кезге дейін орынбасарлықтан асып жоғарыламай-ақ қойған 
жолсыздығынан ба, өз алдына бастық болатын жерге жұмсаса, ат тонын ала 
қашатын орынсыз кішіпейілділігінен бе, әлде бүгін буфетте қандай тамақ 
ішсе, ертең де дәл соны ішетін бір мінезділігінен бе – әйтеуір мұнымен 
ұшырасқанда езулеріне ие бола алмай қалатын бір жындары бар» [28,341]. 
Жұрттың бәрінің де көңілінен шығатын оған көршілерінің арасында да 
«әй, кәпір» дейтін адам жоқ. Бисенов отбасының мамыражай тірлігін, оның 
жұртпен қарым-қатынасы мен әйелімен арасындағы жарасымды тұрмысын 
сипаттаудағы әдемі әзілдік өрімдерзілсізиронияға кеп тіреліп отырады: 
«...Өзі жер бетіндегі ұйым, қоғам, комитет атаулының бәріне мүше. Тіпті 
Тибеттің далайламасына да орынбасар керек боп, осы Бисенов шақыртылып 
жатса, оған еш таңғалуға болмайды. Үйі екеш үйінде де әйелі председатель, 
өзі орынбасар сияқты. Екі баласы бірдеңе болса шешесіне жүгіреді. Оған: 
«Мамам өй деп жатыр», «Мамам бүй деп жатыр» деп шешелерінің 
тапсырмасын айтуға ғана кіреді» [28,342]. 
Әйелі «Райхан да тепсінген тентек емес, өзі сияқты момын. Ауыз 
жаппас бәдік емес, өзі секілді үндемес. Бірақ сонда да әуел бастан-ақ ол 
бастап, бұл қостап әдеттенген. Әйелінің қолынан сыпырғыш алғанын көрсе, 
бұл білегін түріп шаң сорғышқа жармасады». «Осы кезге дейін көздерін аша 
сала: «Қайырлы таң!», ұйықтарда: «Жайлы ұйықтап, жақсы тұр!» – деп 
жатқандары. Әуелі рұқсат сұрап алмай тұрып бір-бірінің көрпесіне қонған 
көк шыбынды көлденең шертпейді». «Тіпті екеуінің ауру екеш аурулары да 
ұқсас. Біреуінің бүйрегі шаншиды, екіншісінің бауыры сыздайды». 
«Балалары да өздері сияқты. Біреуі қасық жуса, екіншісі бәтеңке майлап 
ұшып-қонып жүргендері».
Өз өмірінде бір-ақ рет кісі ренжітіпті. Доп түгілі жолында жатқан 
кесекке аяғы тиіп көрмеген Бисенов футболға жібермей баратын жанкүйер 
екен. Және ылғи қызу қанды жанкүйерлер отыратын шығыс жақтағы 
трибунаға билет алады. «Бисенов қызу қанды адамдарды жақсы көреді. Өзі 
айқайламаса да, қасындағылардың дуылдап отырғанан ұнатады. Қызметте де 
көңіліндегі ойды басқаның аузынан естігенде жұрт құсап апшымайды. Қайта 


128 
мұның отыз тісінен өмір бақи бері шықпай іште тұншығып арам өлетін 
пікірдің айтылғанына қуанады. Басын изеп, қол соғып бір жасап қалады. 
Стадионда да қызып кеткенде шартылдатып шапалағын аямайды. Әдемі гол 
қай қақпаға кірсе де, оған бәрібір. Әйтеуір әдемі болса болғаны...». Сөйтіп, 
«Қайраттың» қақпасына кірген допқа қол соғамын деп, бірде арт жағында 
отырған шалдан таяқ жеп қала жаздағаны бар. Одан басқа жерде жұрттың 
көңілінен шығады да жүреді. Мұндай психологиялық штрихтардың бәрі 
кейіпкеріміздің мінез-болмысын айқындауға, сөйтіп психологиялық 
портретті толыққанды сомдауға қызмет етіп отырады. 
«Бисеновтің дүниеде ең қорқатыны – жұрттың аузындағы сөз бен 
езуіндегі күлкі. Әңгіме шығатын, күлкі туатын жерден алты көш алыс 
жүреді». Осы детальдың өзі кейіпкер болмысындағы ең осал буынды әйгілеп 
тұр. Баяндалатын уақиға мен кейіпкер характері осы детальдың сырын ашып, 
мәнін әшкерелейді.
Бисенов қатаң тәртіпті жақсы көреді, істейтін нәрселерінің бәрін 
алдын-ала кесіп, пішіп, есептеп, жоспарлап қоюға дағдыланған. Тіпті 
автобуста отыратын орнына дейін білгілі. Осы режимді ешқашан бұзғысы 
жоқ. Өзінің момақан тірлігін мият тұтып, осылай жүре берер ме еді, қайтер 
еді, егер де бала күнгі арманы болған Құралай автобуста кездейсоқ 
ұшырасып, мұның жан-дүниесінің астан-кестенін шығармағанда. Осы бір 
көмескіленген бейне оның ұзақ тарихын көз алдынан өткізеді. Жоқ, оны 
ұмытпапты. Жоғары оқу орнында оқып жүрген кезінде түсіне жиі кіретін. 
Үйленгенде, тұңғыш балалы болғанда есіне түсіп, пәлен күн жүрегі сыздап 
жүріпті. Бертін келе, «алдын-ала тәптіштелген тәртіпті өмірге көшкен соң, ол 
өзі бекіткен күн тәртібінде өткен-кеткенді еске алуға бөлінген арнайы уақыт 
жоқ болғандықтан, көп қысыр қиялға берілмейтін» болып алған. 
Оның режимі бүгін бұзылды. Әлгі қыз мен келіншектің қай аялдамадан 
түсіп қалғанын аңғармаған ол апыл-ғұпыл автобустан түсіп, көшеде ойға 
батып, көп сенделді. Өткен өміріне ой жіберіп, бәрін рет-ретімен байыптап, 
мұның соңына түскен жымысқы күлкінің сырын ашады. Баяғыда Есеновке: 
«Ақымақсың, Есенов! Неткен ақымақ едің!» – деп айта алмай кеткен сөзін 
енді құлағының дәл түбінен біреу өзіне айтқандай болады.
Осы жұмбақ күлкі қайдан ғана пайда болып еді?! Алғаш рет баяғы 
Ертайға Құралайға арнап өлең жазып бергенін қыз біліп қалып, мысқылдай 
жымиғаны, ертесіне Құралайдың артқы партадағы қыздардың қасына орнын 
ауыстыратыны бар емес пе? Мектеп бітірерде клубтан шығып келе 
жатқанында, Ертаймен қолтықтасып кетіп бара жатқан Құралайдың бұған 
қарап: «Немене, Бисенов, танымай қалдың ба?» – деп сыңғырлай күлетінінде 
оның еріндерінен жымысқы күлкі жылт еткен жоқ па еді? Содан бері осы бір 
жымысқы күлкіден құтыла алмай-ақ қойды ғой. Жұрттың бәрі бұған солай 
күліп тұратын сияқты. Жұрттың езуінен соны көрсе, жігері құм болады. 
Оның жұрттан қашқақтап жүретіні де содан. Ақыры сол күлкінің мағынасын 
бүгін түсініп отыр.
Сөйтсе, «аяу мен мысқылдың жиренішті қосындысынан тұратын осы 
бір жексұрын күлкінің аты – мүсіркеушілік» екен. «Жұрт тек сүйсінуге де, 


129 
жек көруге де тұрмайтын бейшара адамдарды ғана мүсіркейді екен. 
Сорлылығын күстаналай отырып мүсіркейді екен».
Осы жымысқы күлкіде бір әділдік барына да бүгін көзі жетті. Соны 
уақытында сарапқа салып, пайымдай алмауы батылсыздығынан екенін де 
ұқты. Бірақ соны кеш түсінгенін айтсаңшы. Бұл жымысқы күлкі «үзілген 
үміт, орындалмаған армандарға үнсіз оқылатын дүға екен. Бұл дүниеде 
өмірлік мақсатқа айнала аламай, белді бекем буып кірісетін тәуекел таба 
алмай шәйіт кеткен ізгі үміт, жақсы армандардан обал не бар тәйірі! 
...Дүниедегі ең қара бет опасыздық көкірегіне уыз боп ұйыған ізгі арманның 
алдындағы опасыздық көрінеді».
Ойлап отырса, аңғал да албырт Құралай «көзіне ыстық көрінген аяулы 
жанның қайдағы бір даңғой мақтаншаққа оңай қолжаулық боп кеткенін 
кешіре алмапты». Талайды көрген жырынды профессор Жантазин мұның 
жасық екенін бірден сезсе де, ұзақ тексеріп, біраз сынап көріпті. Ақыры 
күдерін үзіпті. Алғыр болмаса да жігерлі, дегеніне жетпей тынбайтын 
Саурықовты аспирантураға қалдырыпты.
Әңгімедегі «барлық жақсы нәрсені таласып жүріп жеңіп алатын 
жүлдедей көретін» Ертай Есенов пен «аспандағы айды алам десе, алмай 
тынбайтын» Саурықовтар – Бисеновтың антиподтары.
Бисенов – қайшылықты тұлға. Өз ісін тәуір меңгерген, білімге зерек, әр 
нәрсені терең пайымдай алатын ақыл-зердесі мықты болғанмен, жасық та 
жігерсіз. Сол жігерсіздігінен қолындағы бардан айырылып қалатын 
сормаңдай. Балалық шақтан арман болған Құралайға жан сезімін айта алмай, 
өмір бойы өкініш қысып келсе, бұған сеніп артып, аспирантураға қалдырмақ 
болған профессор Жантазинге де ойындағы тұжырымды жауапты айтуға 
жүрегі дауаламады. Бұлар тек біздің білетініміз. Ал қырық жасына дейін тағы 
қандай өмір сыбағасынан қағылып келгенін бір құдай білсін! 
Сонау мектепте жүргеніндегі жуастығынан, өз ішіндегі пікірін айтуға 
жүрексінетін жасықтығынан жасы қырыққа келсе де айыға алмаған. Бір кезде 
«Мен Ахметоваға ғашықпын!» – деп сырын айтатын Ертаймен арадағы 
диалогтен-ақ Бисеновтің дауыстап айта алмаса да, іштегі қисынды жауабын, 
юморлық сезім өткірлігін көргендей боламыз. Әттең, соның бәрі тек іште 
өлген пікір болғанын айт-тағы:
« – Шын айтам! Анада дүкеннің алдында көргенде-ақ ұнатып қалдым! 
– деп үстемеледі. 
«Дұрыс бопты! Жақсылық хабарға жарылқадың! Осы жұрт сүйетін-
күйетінін беті шімірікпей қалай айтып салады. Сүйінші береді ғой дей ме 
екен!» 

Қалай ойлайсың? Әдемі қыз емес пе? 
«Әдемі болса қайт дейсің! Сенен басқада әдеміні көретін көз жоқ деп 
ойлайсың ба! Әдемі деп сұрағанша, сен де ғашық емеспісің деп неге 
сұрамайсың?» 

Жан дос, өзіңде бір бұйымтайым болып тұр... 
«Ол не бұйымтай? Мені құдалыққа жұмсайтыннан саусың ба? Әлде 
жеңгетай қылмақ па ең?» 


130 

Сен өлең жазасың ғой. Ақын деген адам жанын айтпай түсінуге тиісті. 
«Ал солай-ақ болсын... Сонда не демексің?» 

Бір бөлмеде жатып, бір партада отыратын жолдасым ақын болғанда не 
көрем? Ахметоваға өлеңмен хат жазып бер. 
«Тапқан екенсің, Жәңгір төрем, айтпағыңды жырға қосып отыратын 
Байтоғыңды. Сүйетініңді ауызба ауыз айтсаң, не қатырып тұрып қара сөзбен 
жазып берсең, тағыңнан түсіп қаламысың? Жаза бер өзің...». 
Әңгіменің басынан аяғына дейін сайқымазақ күлкі – самоирония желі 
тартып отырады. Прозадағы лиризм осы самоирониямен астасып адамның 
ішкі психологиясын мысқылмен ашатын талдаушылық көзқарасты жайып 
салады. Әңгімедегі «жымысқы күлкі» – шығарманың концептуальдық жүгін 
көтеріп тұрған образ-символ. Осы «жымысқы күлкінің» астарында терең мән 
бар. Адамның өмір жолындағы талай шырғалаңдардың, тағдыр талайының 
себептік-салдарлық мәнін ашуда осы бір символ ерекше қуатпен қарқын 
алып, «адамтанытушылық» қызмет атқарады. Адам табиғатында елеусіз 
ештеңе болмайтынын, жете мән берсек, кез келген құбылыстың, тіпті әрбір 
«күлкі құбылысының» астарында сыздаған сыр жататынын дәлелдейтін 
тамаша символ. Және бұл деталь ретінде жай ғана жолай кезігіп, шығарма 
сюжетіндегі бір сәттік «қызметін өтеуге» ғана емес, әңгіменің бүкіл 
композициялық-мазмұндық арқауындағы ең өзекті мәселені оқырманға 
тереңірек жеткізуге, көркемдік қуатпен сезіндіруге апаратын ерекше 
қолданыс! 
Шығарманың концептуальдық түйіні «Кісіге мынау қара жерді 
қалтырамай нық бастыратын ойыңа алған мақсат жолында белді бекем буған 
нар тәуекел мен орындалған арман екен ғой» деген сөйлемдегі ғибратты ойда 
жатыр. Жазушы әлеуметтік құбылыстың психологиялық аспектісін зерттейді, 
адамға деген махаббат, оның қателіктерін қайталамауы мен болашағына 
деген сенім – жазушы шығармашылығының орталық тақырыбы. Соларды 
оқи отырып, оқырмандарын уақыт туралы, өзі туралы ойлантады. 
* * * 
Әрбір суреткер – ғаламдық масштабтағы адамзаттық проблемаларды 
көтеріп, 
азаматтық 
ой-сана 
мен 
көркемдік-эстетикалық 
танымды 
толықтыруымен қатар, өз ұлтының болмыс-бітімін, арман-мұраты мен мұң-
наласын көркем кестелеп, жалпыадамзаттық проблемалар тұрғысынан 
талдайды, адамдық құндылықтардың идеальды мінсіз келбеті мен орын алып 
отырған 
жағдайларды 
салыстыра 
қарап, 
адамдық 
мәселелерді 
сарабдалдықпен саралап отырады. Өйткені, жазушы – ең алдымен өз 
ұлтының өкілі, өз дәуірінің перзенті.
Шынайы жазушы адамдар әлемін зерттей отырып, көркем суреткерлік 
шеңберінде қоғамның беталыс-болмысын, ұлттың бет-бейнесін, мінез-құлқы 
мен ар-ожданын кестелейді. Әдебиеттің даралық және жинақтаушылық 
қасиеті тоғыса келіп, көркем полотнодағы сан алуан бояулардың үйлесімімен 
қаныққан, көркемдік кеңістіктегі өз орнын айқындаған көркемдік 
компоненттердің жиынтығы жазушының жалпы қоғам мен жеке адам, өмір 


131 
мен тағдыр, уақыт пен мінез туралы ордалы ойларының тұтас галереясын 
құрайды. Осы суреттердің ішінде ұлт тағдыры, оның кешегісі мен бүгіні, 
қасиеті мен қасіреті, даналығы мен шалалығы туралы келелі ойлардың 
түзілісі оқырмандарды ойға жетеп, толғандырары даусыз. Жазушы әсте 
жекелеген жайлардан немесе тұтас болмыс бейнелерінен қорытынды 
шығарып, ақыл айтып, тұжырымдама ұсынып жатпайды. Әдебиеттің басты 
міндеті – санаға сәуле түсіру, өзіңе-өзіңді таныту, өмірдің сан түйткілдерін 
жайып салып, жақсылық пен жамандықтың төркінін пайымдату, ал жазылған 
жайлардан қорытынды шығару, толыққандылық пен кемелділікке ұмтылу – 
ойлы оқырманның патша көңіліне жүктелетін шаруа. 
«Осы біз қандай халықпыз?» Бұл сұрақ қаншама замандардан бері 
талай ұлт пен ұлыстарды толғандырып келеді. Қазақ халқының да сан 
ғасырлық тарихында ойшыл тұлғалар мен шығармашылық өкілдерінің ой-
толғам, сыни пікірлерінен мұның жауабын кездестіруге болады. Арғысын 
айтпағанда, Асан қайғыдан бергі абыз-ақылмандардың қазіргі кездегі қағазға 
түсіп хатталған мұраларынан ұлттың ұлылығы мен асыл қасиеттерін 
ұлықтаумен қатар, ұлттық мінездегі ажарсыз бояулар мен келеңсіз 
көріністерді де көрсетіп, жөнделудің жолын нұсқаған жанашырлықты да аз 
ұшыратпайтынымыз анық.
Бір ғана қазақтың бар мінін жіпке тізгендей көрсетіп, сын тоқпағына 
алғанда ұлы Абайдың суреткерлік парызды, азаматтық позиция, 
әлеуметшілдік-ұлтшылдық жауапкершілікті жоғары қойғанына ешкім дау 
айта алмайды. Ұлтты сүю оның кемшілігіне көз жұма қарау еместігін дана 
ақын өз шығармашылығының мазмұнымен дәлелдеп берді. Өз-өзіне сын 
көзімен қарап, кемшілігіне күле білу – болам деген жұрттың айнымас
қағидасы болмақ. Сондықтан қаламгер Ә.Кекілбаев та ұлт болмысының 
көлеңкелі жағына қабырғасы қайыса отырып көз жібереді. Бүкіл 
шығармашылығының тұл бойында қазақтың дарқан көңілін, жомарт мінезін, 
кеңпейілділігін қасиет тұтып көкке көтерсе, сонысымен қатар кейбір аяқтан 
шалып, кежегесін кейін тартқан кесір мінездерін де жасырмайды. Біздің 
қазақы мінезімізді көрсететін алауыздық, іштарлық, жалқаулық, күншілдік, 
сияқты жағымсыз қылықтарды жасырмай көрсетіп отырады. Халқын 
қапысыз сүйген суреткер мұның бәрін нақты оқиға, жекелеген жөн-жосық 
арнасында көрсетсе, кейде ой орамында, сөз арасында кейіпкер көзімен де, 
автор сөзімен де бірде мысыл-кекесінмен іліп-шалып, енді бірде әзіл 
әуенімен қағытып, кейде қатаң екпін түсіре, сақтандыра сөйлейді.
Автордың сыншылдық позициясы реалистікпен түзілген көркем 
суреттердің 
пайымдаушылық 
қисынынан, 
автор-кейіпкер-оқырман 
сұхбаттастығының ортақ репликасы іспетті мөлтек түйінінен көрініп 
отырады. Таратып айтар болсақ, мұндай мысқылдық іліп-шалу, кекесіндік 
лебіздер кейіпкер ойымен берілсе де, оның түпкі астарында авторлық қоштау 
жатады және бұл оқырман тарапынан да оң қабылданады, өйткені ол нақты 
психологиялық-әлеуметтік жағдай шығарманың контекстік қисынымен 
көркем дәлелденіп отырады.


132 
Қазақ қоғамындағы келеңсіз психологиялық қатынастар, ұлттық 
мінездегі кесірлік көріністері, әсіресе, кең тынысты әлеуметтік-
психологиялық шығармалар «Үркер» мен «Елең-алаң» романдарында жеріне 
жеткізіле кестеленеді. Негізінен орталық кейіпкер Әбілқайырдың ойынан 
туындап жататын мұндай ұлттық мінездің бұлтарыс-қалтарыстары 
шығарманың сюжеттік желісінің, концептуальдық түйінінің арналарынан 
туындап отырады. Мұндайда қазақ психологиясының, ұлттық мінез-
құлқының сипаттары, негізінен, өзіндік сын, сайқымазақ күлкі –
самоиронияның нысанасы болып келеді. Олардың көркемдік-поэтикалық 
өрнегі мен стильдік-ділмарлық қисыны да әр түрлі қалыпта сомдалады. Бұл 
туралы «Ирония иірімдері» тарауында сөз арасында айтып кетсек те, ұлттық 
мінез қырларын бейнелеудегі пайымдаушылық сипатты сатиралық тұрғыдан 
жіктеп-жіліктеп көрсеткен артық болмас дейміз. Мысалы: 
1. Жекелеген мінез қырларын жеңіл іліп-шалатын риторикалық сұрау 
ыңғайындағы жеңіл мысқыл:
 
«Тәйірі, қазақ қазақ болар да, ырду-дырдуға елікпей тұра алушы ма еді! 
Жүйрігін жетелеп, палуанын ертіп арсалаңдап жетті ғой жан-жақтан...» 
[14,269]; 
«Қотанындағы малды құдай айдап келе қалған кезбе қонақтың аузына 
ұстауға жиятын, кейінгі ұрпаққа сол қонақтың ел арасына жайып кеткен 
әңгімесін мирасқа қалдыратын қазекемде ат шығарғаннан артық мұрат 
болушы ма еді» [12,56]; 
«Бір нәрсені әуелі жақтары жыртылғанша кергілесіп, дауласып алып 
барып мақұлдамаса, қазақтың ішіне ас жаққан ба?» [14,264]; 
«Бір дәндеп алса, қанағатты білетін қазақ бар ма!» [12,150]; 
«...Жаудан түсер мол олжаның шеті көрініп тұрғанда керіліп-созылып 
үйде тыныш жататын қазақ бар ма? Қалғандар кенеліп жатқанда ол қайтып 
қалыс қала алады?! Өзіндей екінші бөрік кигеннің қолы неге жетсе, мен де 
қолымды соған жеткізем деп тыраштанып бақпай ма?..» [14,319]. 
2. Контексте бейнеленетін жекелеген іс-әрекет, құбылысты тұрақты 
жағдай ретінде кекесінмен шалып өтетін пародиялық эффектілі 
тұжырымдық-бекітушілік сипаттағы зәрсіз кекесін: 
«Қазекеңнің ең аяғы белін босатып алу үшін де биік жер іздейтін әдеті 
ғой» [12,9]; 
«Бұл қазақ әуелі басқа біреуден бірдеңені көріп, соған іші қыз-қыз 
қайнамай тұрып іс қылмайды» [14,320]; 
«Қымызға өкпелеген қазақтың өзі жыл он екі ай тоңторыс жүрмей 
қабағын жылытпайды» [12,360]. 
3. Ілкіде қоштаумен бастап, келеңсіз көріністерге шүкіршілікпен 
қарайтындай көрінетін зілсіз ирония: 
«Құдайға шүкір, дақпырта сөйлемесе басы ауыратын даңғойларға, 
түймедейді түйедей қып көкитін желбуаздарға қазақ арасы қашан да кенде 
болып көрген емес» [14,288]. 


133 
4. Ұлт өкілдерінің бойындағы жақсылы-жаманды қасиеттерді 
контрасты түрде алып, оларды инверсиялық екпінмен дамыта отырып, 
алогизмдік тұрғыдан қарастыратын кекті кекесін: 
«Қазақтан шапағат көргің келсе, мүсәпір бол! Сәл сәулет, сәл қасиет, 
сәл абырой, сәл бағыңды көре алмай қыржаңдап қалғыш жұрт, мүсәпірлерге 
дегенде қандай кешірімпаз, қандай кеңпейіл, қандай шапағатшыл!» [12,548]. 
5. Бұқараның жағымсыз қылықтарына жатсына қарап, ашынудан туған 
жинақтаушы мәндегі қатаң тұжырым:
«Бұл қазақ ел болып, еткен еңбегіңді біліп, мәртебеңді асырады деген 
мәңгінің қиялы!» [14,332]. 
Жазушы қолтаңбасында осындай келеңсіздіктерді суреттеудің күлкілі 
өрнектегі қызықты көріністерін де ұшыратамыз. Оларда оқығанда шымыңа 
тисе де, туралығына тәнті боласың, жинақтық характер жасаудағы автордың 
комизм құралдарына жүгінуінің астарлы мәні кім-кімді де иландырады: «Он 
қазақты бір дастарқанға жинасаң, бәрі де бір-бір бас, бір-бір жамбас 
ұстайтындай он басты, он жамбасты, қырық аяқты, жиырма көз, жиырма 
құлақты қой тауып союың керек. Ондай қой қандай таптырмайтын болса, 
қазақтың бабы да сондай таптырмайды. Бас-басына шалқаюды, бет-бетіне 
шіренуді еркіндік көреді» [12,76]. 
Ал осындай жат мінездер қайдан туындап жатыр? Бұл қазақтың
басына бақ бітсе, бас-басына шалқайып, басы бірікпейтін керенау кердеңдігі, 
өз-өзінен өрекпіп, бас бермес мақтанқұмарлығы, көрпесіне қарай көсілмейтін 
дарақылығы мен шашпалығы қайдан шығып отыр? Әбілқайыр секілді елге 
тұтқа болатын тұлғаның ой орамдары арқылы бұл мәселеге де қоғамдық-
әлеуметтік сатираның уытымен қанықтырып, салмақты сөз орамдарымен 
назар аудартады:
«...Біздің қазақта он қараның басын түзесе бай, он баланың басын 
қарайтса би болып шалқайып алады да, ортақтасып қам жасайтын шаруада 
ешкімге дес бермей қасарысып отырғаны. Сөйтіп жүріп кім көрінгенге ол көз 
түрткі болмағанда, кім көз түрткі болады?!» [12,77]. 
«Қай халықтың да қасіретке батқаны бірдей болғанмен, мақтанып-
масаттанғаны әр қилы. Қазақтың бағы жүрсе – кеукілдеген мақтан әңгімесі, 
гулеген өсегі, кеңірдегін күнге, кіндігін айға ілген кердең жүрісі көбейіп, 
қараптан-қарап іші жарылып, бұтқа толып болады» [12,77]. 
«Аз жетіліп қатарға қосылсын десең – ұзын арқау, кең тұсау тіршілікке 
жібермей, белін бекем будырып сара жолға сал. Көп көбейіп, дені жайылсын 
десең – тар қамауға тығып тұмшалай бермей кеңге шығар! Біздің қазақ 
осыны да білмейді. Аяғын көрпесіне қарай көсілмейді» [12,76]. 
Кейіпкер сөзі мен ой-пікірінен авторлық позиция анық көрініп 
отырады, пайымшылдықпен тәпсірленіп, ойлы тұжырымдар түзетін 
тапқырлықпен жазылған жайлардың қазіргі күн үшін де өзекті болып 
табылатыны сөзсіз, олардағы полемикалық назар автордың тақырыпты 
бірегей түрде бере білуінің де (трактовкасының) амалы ретінді көрінеді. Аз 
сөзге көп мағына сыйғызу шеберлігі,автор тіліндегі комизмдер көкейтесті 


134 
тақырыптың өзін жалпы баяндау фонында ойлы өрнекпен, сыншылдық 
пафоспен оңтайлы жеткізеді. 
Қазақ арасының сөз бен ісі орайласпай жататын рухани 
тиянақсыздығы, ағайын ішін алалап, жақ-жақ боп жаға жыртысып, ел 
бастауға лайық деген «көсемін» өзекке теуіп, жақынын ғана жақтауға бейім 
тұратын жікшілдігі, сөйтіп елдің асылын бағалауына жалған намыс, әсіре 
рушылдықтың тигізетін кесірі секілді мерездерді ашына отырып баяндаса да, 
оның өзін сын-сықақтың шоғына қақтап отырады,осылайша әлеуметтік-
этикалық тұрғыдағы пайымдауларға ұластырады: 
«...Үш арыс үш жаққа тартып, арыс басы екі-үштен хан ұстағылары 
келеді. Екі ұдай жұрттың өзі мынандай болып жатқанда, үш ұдай жұрт 
қайдан оңсын! Соны жеке-жеке тілдессең, бәрі де ұғатын сияқты. Қай-
қайсысы да: «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығармай тұрып біз қайдан 
оңайық?» – деп сарнап қоя береді. Ал сондай үш ауыз жұрттың пиғылын 
түзейтін дуалы ауызды қайдан табар екенбіз деп қармана бастасаң, баяғы 
пәтуаның барлығы ұмыт қалып, әр қайсысы әр жаққа тартып шыға келеді. 
Бәрі де ондай ортақ тізгінді өзінің ауылының белдеуіне қарай сүйрей 
жөнелгісі келеді де тұрады. Біреуді: «Осы лайық-ау!» – деп атай қалсаңыз, 
байғұстың баяғыдан бері байқалмай келе жатқан барлық міні бір күннің 
ішінде баттиып-баттиып көзге түсіп шыға келеді. Біреуі өзін, біреуі көзін 
ұнатпайды. Біреуі қайын жұртын, біреу нағашы жұртын жақтырмайды. Ең 
құрығанда, астындағы атының аяқ басқаны көңілден шықпайды. Әйтеуір мін 
табады. Ондай тал бойында бір міні жоқ пайғамбарлар мен періштелерді 
сорлатқанда қай қазақтың қатыны күнді топырлатып туып жатыр. Талай 
пайғамбар мен талай періштенің абыройларының асып жүргендері де біздің 
керауыз далада тумағандығында шығар. Біздің даладағы көп тал шаңырақтың 
біреуінің астында туса, солардың көбінің абыройы әрқашан-ақ айрандай 
төгілген болар ма еді, қайтер еді... Құдайдың құдайлығы да сонда ғой... 
Ешкімнің көзіне көрінбейтіндігінде ғой... Әйтпесе, біздің қазақ оның 
бойынан да бір кемшілік тауып шықылықтап күліп ала қайқаяр еді.» [14,343]. 
Кемелденуге кесірін тигізетін ақымақтық пен аярлық қашан да, қай 
ортада да кездеседі, олардың сыртқы көрінісі де, ішкі мән-мағынасы да 
баршаға таныс. Сондықтан, жазушы оқырманның өзіне таныс, өз ортасына, 
қазақ табиғатына етене жақын адамдардың бойында жиі кездесетін 
жағымсыз жағдайларға екпін түсіре жинақтап, алдыңғы планда көрсетуге 
тырысады. Жазушы шығармаларында оқиғаның бір ғана жағына мән беріп 
қоймайды, соған қатысты мұң мен күлкі астасып жататын барлық комикалық 
және драмалық жақтарына сәуле түсіреді, сөйтіп оқырманын ойға жетелейді. 
Жазушы мәнерінің ең маңызды сипатын өмірден байқағандарын кемел 
суреткерлік талғаммен пайдалануы құрайды. Кең көлемді көркем жинақтауға 
талпыныс нақты жағдайларды типтендіру арқылы ұлттық мінездің кең 
ауқымды портретін жасайды. Бұл туралы әдебиет сыншысы С.Жұмабек 
былай деп жазады: «Тәуелсіздігімізге дейін жарық көрген тарихи дүниелер 
арасында «Үркер» мен «Елең-алаң» роман-дилогиясына дейін халқымыздың 
ұлттық мінез-құлық психологиясындағы небір тамаша қасиеттер мен небір 


135 
жиіркенішті кемшіліктер жайында әрі сүйсіне, әрі ашына айтылған ойлар мен 
көркемдік тың жинақтаулар мүлдем сирек ұшырасатын. Мәселен, әрбір 
фактіні не деректі, әрбір іс-әрекетке негізделген оқиғаны келтіру бар да, оны 
көркемдік тәпсірлеу жағы, сондай-ақ дүниетаным көзқарастарымен 
таразылап, іріктеп-сұрыптап алу жағы және бар. Бұл орайда Әбіш 
шығармаларындағы тарихи фактілердің, іс-әрекетке негізделген оқиғалардың
қай-қайсысы болмасын әрқашан белгілі бір көркемдік мақсатқа жұмыла 
қызмет етеді, соған жұмыла қол жеткізеді» [88]. 
Әдебиеттегі күлкі – сынның эстетикалық формасы дедік. Ал әділ сын 
айту үшін өмірді жете тану, болмыс құбылыстарын сан қырынан, барлық 
ырғақ-үйлесімімен, реңк-бояуларымен қабылдай білу лазым. Нағыз күлкі 
қайшылықты жасырмайды, қайта ашып көрсетеді, ашына айтады. 
Ә.Кекілбаев шығармаларындағы күлкі құбылыстарының басты ерекшелігі – 
оның шындыққа негізделетіндігі, әзіл-қалжыңның, кекесін-мысқылдың 
шындықты ширатуға, сөздің қанаттануына қызмет етіп отыратындығы. Әзіл 
шындықпен қоян-қолтық араласып, қатар жүргенде ғана екеуі тағдырлас 
болып, өмір құбылыстарын ақиқат бейнелеуге, көркемдік қуатпен беруге 
бейім. Әзіл сөздің қолдауға ие болуы, оқырманын қызықтыруы оның 
астарында бұлтартпас батыл шындықтың болуына байланысты. 
Жоғарыда талданған жарқылды жолдар – халықтың рухын оятуда, 
намысын қайрауда, өзі мінін өзіне көрсете отырып ұятын шақыруда, қоғамды 
жат қылықтардан арылтуда ерекше орны бар ерекше пафосты сыншылдық 
сарын деп ұққан жөн. Тіке айтқанның тұрпайы, ашық айтқанның анайы
болып шықпауы үшін оның әзілмен әдіптеліп, айтқыштықпен астарланып, 
тұспалдап айтылуыныңелді иландыратындай қасиеті мол, әрі құлаққа естілуі 
жағымды, әрі шымбайыңа батып, жүрегіңді дір еткізер уыттылығымен 
құнды. 
* * * 
«Үркер» және «Елең-алаң» романдарындағы кейіпкер психологиясын 
олардың ой-танымы арқылы ашатын жолдар да оқырманын жылы сезімге 
бөлеп, жымитып отырады. Қыр қазағының ғалым адамын«қарқарадай сәлде 
киіп, жалтыраған иір мойын құман ұстап, ел сыртына шығып дәрет алатын, 
қалың кітап ашып, жұрттың сұрағына сақалын салалап қойып, бипаздап 
жауап қататын» ғұламамен салыстыра қарауы өмір шындығына сай сурет, 
таным талқысына лайық алынған штрихтар: «Бұлардың ғылымы қызық. Өзі 
ештеңе білмейді. Бәрін жұрттан сұрайды. Былтыр бас ұлыққа еріп келген екі 
көзіне қоқан арбаның екі дөңгелегіндей әйнек байлаған бір ұзынтұра күні 
бойы індігештің аузын бағып, тышқанның суретін, қоңыздың суретін, 
кесірткенің суретін салып, «мынаны қазақтар не дейді?», «башқұрттар не 
дейді?» деп көрінгеннің шалғайына жабысып әбден мазалап бітіп еді. Сау 
болғыр, бас ұлықпен бірге кетіп құлақты тыншытты. Әйтпесе, жылда бұлар 
қоңыз қоздатып, бақа боталатып отырғандай, «бұлардың еркегі қайсы, 
ұрғашысы қайсы?» деп әбден миды ашытар еді. Оны да бұлар «өсімдіктер 
мен жан-жануарлар жайында білмейтіні жоқ үлкен ғұлама» деп дабырайтқан. 


136 
Ата сақалы аузына шыққанша түйені қалай қайытатынынан хабарсыз жүрген 
ол не қылған данышпан екенін ит білсін!» [14,92].
Жазушы мұндай әзілмен өрілген әсерлі жайларды нақты суреттермен 
де толықтырып отырады. Мысалы, тарихи романдағы Сартайлақтың (Сергей 
Костюков) «шимайшылығына» қатысты мына бір эпизодты айта кетсек те 
жеткілікті: 
«Әлгі шимайшының салмайтыны жоқ. Қотырдың саптама етігін, дойыр 
қамшысын, жалбағайын салғанда мәймите қояды. Ханзаданың үсті-
басындағы киімінен де ештеңе тастаған жоқ. Әрқайсысының әр параққа 
бөлек-бөлек суретін салып, астына бұдан атын сұрап жазып қояды. 

Бұл не керек? – деп сұрайды Қотыр батыр. 
– Ғылымға керек. Мұндай нәрсе ғылым үшін өте-мөте маңызды, – деп 
шүлдірлейді Сартайлақ.
– Сонда сенің ғылымың менің ауы салбыраған іш киімімнен гөрі 
маңыздырақ ештеңе таба алмағаны ма? – деп мәз болады Қотыр батыр» 
[14,93]. 
Қыр қазағына қызық көрінетін нәрселерді суреттегенде де олардың 
көзімен қапысыз қамтып, елге ерсі көрінген жайларды күлкінің көрігіне сала 
өрнектейді. Мысалы, ағылшын адамын алғаш көргендегі елдегі жұрттың 
таңданысы мынадай күлкілі суреттеулері арқылы танылады: 
«Дудыраған ақ селеу шашын жауырынынан төмен салбырата түсіріп, 
ұшын бұрым қып өріп қойыпты. Үстіндегі тізесіне жетер-жетпес шолақ 
бешпетінің белін қыздардың киіміндей таңқитып қынап тастапты. Ал, енді 
тіз киімі қырғын! Өзін ақ шәйіден тігіпті. Әрі тар. Әрі жұқа. Бұтымен бұт. Ар 
жағында не қымтаулы екені бес енеден белгілі боп бадырайып тұр. Жұрт 
жырқ-жырқ күле бастады. Алдынан қарасаң бұлтитып, артынан қарасаң 
тыртитып, әйтеуір, аты лыпа, бірдеңе киіп алған әлгі сабаз дәнеңеден 
хабарсыз. От басқандай ойнақшып бір орнында тұра алмайды» [14,148-149]. 
* * * 
Әдебиет пен өнер шығармаларындағы көркем пайымдау – суреткердің 
өмір құбылыстарының, жаратылыс заңдарының мазмұн-мәнін адами 
тұрғыдан бағалауының, оларды адам қатынастарымен, қайғы-мұң, қуаныш-
сүйінішімен байланыстыра қарастыруының нәтижесі. Ой мен сезім 
тоғысынан туындайтын көркемдік таным суреткерлік пайымдаулар негізінде 
кейіпкер көзімен танылып, ой-пікірінен беріледі. Көп жағдайда олар автор 
көзқарасымен орайласып отырады, өйткені жазушы кейіпкері арқылы өзінің 
замана-қоғам, адам мен табиғат туралы көзқарасын, қызықты топшылау –
түйіндерін жарыққа шығарады.
М.Горькийше 
айтқанда: 
«Танып-білу 
дегеніміз 
– 
ойлау. 
Шығармашылық ой өрісінің мәнісі де дүние туралы ойлау, бірақ мұның тек 
бір артықшылығы – мейлінше «көркем» де айшықты. Бейнелі ой табиғат 
құбылыстары мен заттарға сезіну, ықылас-ниет тәрізді адам қасиеттерін 
дарыту қабілеті деп айтуға әбден болады» [89,469]. 


137 
Көркемдік пайым – өмір-тіршілік, болмыстың сан алуан мәселелері 
туралы айқын түсінік, анық тұжырым ғана емес, оларға адами қатынастардың 
түрлі түйткілді тұстарын алуан бейнелік-астарлық қалыпта бедерлейтін, 
жазушылық шеберлікпен сомдалатын әлеуметтік-психологиялық әрі 
қисындық-философиялық сипаттағы ойлы-суретті парықтаулар да. Көркем 
қисынға иек артқан тартымды талдау мен тәпсірлеу, орайын тауып, жүйесін 
келтіріп, шындық пен әзілді, туралық пен тұспалды әдемі астастырып өтімді 
ой айту – көркем пайымдаудың қашаннан келе жатқан тиімді құралдары. 
Тауып айтқан тапқырлық пен уәжді дәлелдерге арқа сүйеген аталы сөз – 
шындық пен әзілдің шекарасын шайып, ауқымын астастырып отырады. 
Олардағы әлеуметтік астардың басымдылығы, қуатты көркемдік пен ұтымды 
ой – кез келген айқын тұжырымдар мен дидактикалық сарыннан гөрі 
оқырмандарға жұғымды әрі тәрбиелік пәрменділігі жоғары болмақ.
Жазушының: «Құдіреттің өзі мынау аспанды жасағанда, ондағы мынау 
быжынаған көп жұлдызды жаратқанда қандай жосық ұстанды екен? Жасаған 
ие жерді аспанға қарап жаратты ма, жоқ аспанды жерге қарап жаратты ма, 
әйтеуір мәңгі бақи ермек қылар ойын керектей, өзі жаратқан ұсақ пен іріні, 
әлсіз бер күштіні, сұңғыла мен су миды балалардың хан талапай 
ойнағанындай әдейі быт-шыт қып ию-қию араластырып жібергендей» [12,21-
22], – деп келетін ойнақы суреттеуінің астарында жаратылыстағы кейде 
көрер көзге қораш көрінетін, әділетсіздіктей байқалатын жайларды жеңіл 
әзілдің ығымен көрсете отырып, адамзат тіршілігіндегі ала-құлалыққа, 
сәйкессіздік суреттеріне бағытталған тұспал жатыр.
Сол 
секілді: 
«Ұрысқақ 
қатындардың 
құмардан 
шыққанша 
шаңқылдасып алғасын гүл-гүл жайнап, құлпырып шыға келетінінің де мәні 
бар екен ғой. Өз көкірегіңдегі уды өзгенің бетіне шашу да рахат екен ғой», – 
деп ойлады [14,251], – деген эпизодта өмір-тіршіліктің бір сәттік көрінісін 
елестете отырып, адам психологиясының қарапайым бір қырына жете үңіле 
түсіп, оның психикалық салдарына жанашырлықпен қараған кекесін жатыр. 
Ә.Кекілбаев 
шығармашылығы 
адам 
табиғатының 
жұмбақ 
тылсымдарына бойлататын, мінез-құлық пен ішкі психологиялық иірімдерге 
назар салдырып, оңаша ойлантып-толғантып отыратын сәулелі суреттерге, 
парасатты пайым-толғаныстарға бай. Өмір-тіршілік сырлары, бақыт, 
қызғаныш, қуаныш пен қайғы, алданыш пен мақтан секілді сан арналы 
сезімдік толғаныстар оқырманын ойға жетелейді, көңілге түйткілді ойлар 
жүктейді, автормен ілесе отырып, оқырман да осы ой сілемдерінен өзінше 
түйін ұстауға тырысады. Прозадағы оқиға мен тартыс арналарынан туындап, 
диалогтер мен баяндау сипаттарында ой тудырып отыратын жәйттер өзінің 
терең пәлсапасымен, жұғымды ырғағымен, айшықты бояуларымен мәнді 
болып келеді. Мысалы: «...Асылы, адам көңілі өмірдің көп өткіншісі 
шұбырып жататын айдау қара жолының үстіндегі қайыршының кетік 
тостағаны сияқты; өткіншілердің біреуі у тамызады, біреуі бал тамызады; 
өңшең у болса, әлдеқашан жер қабар едің, аз да болса, анда-санда бір тамса 
да, жер үсті тіршіліктің тәттілігін сездіріп, таңдайыңды татытып кететін балы 
бар ғой тағы да. Адамның есінен қанша танғанымен, есірік дәмеден қол 


138 
үзбей, ылғи әлденеге тырмысып, арам тер болып жүретіні де сондықтан 
шығар» [28,368], немесе: «Бақыт... Адам байғұстың қиялы жеткен жердегі 
жақсы мен тәттіні бір бойына сыйғызған осы бір сөз қашан кісінің көңіліне 
шемен боп байланған сәтінен бастап, бастапқы мән-мағынасының бәрінен 
түгел айрылып, онсыз да кем қанағат, онсыз да өлермен пендені онан сайын 
жан алқымға түсіретін қайыс қамшыға айналатын көрінеді. Ондай қайыс 
қамшының саныңнан қан саулатып сабылтып жеткізетін жері – бақ шығар, 
дәулет шығар, даңқ шығар, әйтеуір бақыт емес...» [28,371]; «Адам мен аңның 
жалғыз айырмасы да сол кісінің өн бойын өртеп бара жатқан қызғанышты 
аяусыз баса біліп, әділетке жүгіне алатындығында емес пе?! Қызғаныштың 
дегеніне көнген қай мықтың да ақыры қабаған төбеттің кебін киіп, азуынан 
айырылып тынатын. Қызғанышты жеңіп, өзіңді-өзің қайрап өрге бастасаң, 
кім біліпті, күндердің күнінде сенің де айдарыңнан жел есер? Жел еспеген 
күнде де, ешкімге қиянатың тимей, бетіңе шіркеу түспей өтесің ғой!» 
Мұндай пайымдаулардағы терең ой, тегеурінді дәлелдер адами 
түсінікпен, ұлттық тұрмыс суреттерімен жымдасып келіп, өзінің өтімділігін 
арттырып отырады әрі керемет әсерлілігімен жүрекке жол тауып, 
қисындылығына ден қойдырады: «...Сонда өмір сүру деген енесіне жамырап 
кетпесін деп, күні бойы темір қазықты шырқ айналып шыға алмайтын 
арқандаулы қараша ботадай не қорлықты көрсең де, не сұмдықты бастан 
кешсең де, жан-жүйкеңді жадыратқан тәтті қиял, аңсар арманның бәрінен 
адыра қалып, маңдайыңды тауға ұрып, тасқа соқсаң да өзінің тіленіп 
келмеген, келгесін еш тілегіңді қабыл қылмайтын кер тағдырдың тастақ тар 
қойнауына қызыл өңешіңнен қылғына байлану ма?..» [28,376].
Болмаса, «Бір шөкім бұлт» повесіндегі Аққаймақтың: «...Мола екеш 
моланы да иемденіп, еміренудің не жөні бар деп ойлаушы еді. Сөйтсе кісі 
мола екеш молаға да бауыр басып, оны да өзімсінеді екен. Ата-мекен, ата-су 
болатыны сияқты, ата қауым да болады екен. Күні кеше соғыста өлгендер 
жарық дүниемен қоштасып жатқанда, кімнің көз алдына не елестеп, әркім өзі 
үшін ең аяулы нәрсені еске алғанда, біздің ауылдың талай жігітінің көз 
алдына тап осы жермен-жексен ескі мола көрініп, «Дүние-ай, соның кебір 
топырағына жеткізбедің-ау», – деп налымағанына кім кепіл. Тірі адам ет 
жақын, ниет жақынынан жылы сөз дәметсе, өлген адам ыстық көз жасын 
дәмететін шығар» [29,271], – деген ойының өзегіндегі адам-пенденің 
өмірімен ғана өлшенбейтін арман-аңсары, фәнилік мақсатты бақилық 
арманмен жалғастырып жататын жүрекжарды пәлсапасы жатқан жоқ па!? 
Әдетте, адам жалғандық, өтірік, алданыш, алдамшылық секілді ұғым-
түсініктерге бір жақты, жағымсыз әсермен қарап, намысқа бой алдырып, 
ақиқат жолын шындықтан, әділдіктен, реальды болмыстан іздеуге жетелесе 
де, автордың -пайымдаушы қаһарманның алданыш туралы мына секілді 
топшылаулары ешкімді бейтарап қалдырмасы анық: «...Адам алдана білмесе, 
кеп-келте ғұмырында басынан кешетін сан-сипат тауқымет пен азапқа бір 
күн де төзе алмас еді. Көңілдің қорғанышы – алданыш. Адам армандаймын 
деп жүріп алданумен болады, алданып жүріп-ақ талайды бітіреді» (3,377). 
«Жалған дүниенің» бір сырын мақал-нақыл түріндегі шағын ғана сырлы 


139 
өрнекпен орап алып, оптимизммен түйіндейтін мұндай ойлы орамдардың 
ойшыл автордың жазушылық лабораториясының концепциялық-идеялық 
негіздемесін, поэтикалық репертуарын толықтырып отыратын сәтті өрнек, 
қуатты пайымдаулар екендігіне шүбә жоқ! 
Жазушы поэтикасында күрделі ойдың кіріспесіндей, тоқсан ауыз сөздің 
тобықтай түйініндей болып келетін афоризм, қанатты сөз тектес ойлы 
оралымдар молынан ұшырасады. Оларда көбінесе бір-екі ауыз сөзбен ойнақы 
ой түйіп, сәтті салыстырулар жасап отырады: «Пышағы бар сүйгенін жейді, 
пышағы жоқ тигенін жейді» [12,116], «Бастағы бақыт – тақымдағы тақыт» 
[12,489], «Барақ барақтығын істеп төне сөйледі, Күшік күшіктігін істеп көне 
сөйледі» [14,286], «Көңіл итке көз бен сөзден өтімді не бар?!» [28,161], 
«Елжіреуік сезім де бір, ұстамайтын ышқыр да бір – екеуі де абыройыңды 
айрандай төгеді» [28,161], «Сабырсыз ерді орынсыз дәме болдыртады, 
сабырлы ерді орындалмайтын арман болдыртады» [28, 263], «Қызғаныштың 
тілінде шоқ, ұртында мұз. Шоғымен бетіңді, мұзымен жүрегіңді қарып 
сөйлемесе, қызғаныш бола ма!» [28,122], т.б. 
Бұл сияқты салыстырулар арқылы көркем пайымдаулар жасау, сөйтіп 
абстрактілі ұғымдарды заттық мәнді түсініктермен айқындап көрсету - ауыз 
әдебиеті мен халық шығармашылығының тиімді тәсілдерінің бірі. Мұндай 
дәстүрлі әдеби-тілдік тәсілді заманәуи жазба стильдің бояуымен 
қанықтырғанда, өз ажарымен жарқырап, ой түйінін айқын аңғарта 
түседі.Тіпті өзара жақын байланысып тұрмаған құбылыстардың өзін тосын 
әрі бірегей салыстырулармен беруі өзіндік үйлесіммен өріліп, кекілбаевтық 
колоритке тоғысады: «Ата-баба, аруақ, тек деген де алысқа қыстатып қойған 
малың сияқты ғой. Санын айтып, айбарымен қорқытпасаң, керек кезінде 
табыла бермейді. Ал, ақыл деген жарықтық, керек жерінде орнымен жұмсай 
қоятын, қолға ұстап отырған қоңыр қошақаның сияқты», «Мансап деген де 
етегін жел ашпаған балапан бойжеткеннің уыз ықыласындай өтпелі неме 
көрінеді. Дер кезінде қапы жібермей қауып қалмасаң, өмір бақи өкінумен 
өткенің» [12,527].
Комизм жасаудың синтаксистік құралдарының ішінде жазушының жиі 
қолданатын конструкциялары – өзара мәндес әрі кереғар ұғымдарды 
шендестіру жолымен салыстырмалы түрде кейде ұқсас, кейде қайшылықты 
тұстарын ашуды, сөздегі ассоциациялық, аллитерациялық үндестіктерді 
әсерлі қолдануды атауға болады. Олар бір ойды екінші оймен байланыстыра 
отырып, оқырман күтпеген тұстан алогизм тудырады: «Билікті ерлік 
бекемдесе, ерліктің атын билік шығаратыны ежелден белгілі. Бірақ, ерлік, 
тапқырлық, жомарттық, мәрттік көп кісінің қолынан келеді. Ал билік қашан 
да бір кісінің уысында. Ол кімнің ерлігі мен кімнің мәрттігіне көз 
тоқтататынын өзі біледі. Барлық гәп, міне, осында!» [14,264], «...Бағына 
білмегеннің сірә бағы жанған ба? Айбына білмегеннің айдыны асқан ба? Гәп 
бағынбауда, айбынбауда ма екен! Гәп кімге бағынып, кімнен айбынуда емес 
пе!» [14,342], «Ұрғашының қашанға қайраны біреу-ақ. Еркек басын беріп 
құтылатын жерде әйел намысын тонатып құтылады.» [28,162], «Алтын басты 
азаматтың асқар абыройын көбелек көңіл ұрғашының етегіне тәуелді қылып 


140 
қойған құдай шебер-ай! Жаратқан иенің еркек кіндікке жасаған жалғыз 
қысастығы – осы шығар» [28,163]. 
Суреттеліп отырған құбылыстың қысқа теңеулермен келетін маңызды 
да ауқымды сипаты біздің алдымызға комизмнің, юмор мен иронияның 
амалдарының бірі ретінде ұсынылады, соның бәрі өзіндік-тілдік құралдардың 
көмегімен шыншыл да типтік сурет болып, құбылыстың нақты да жан-жақты 
суретін жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет