Јділет Ќабылов



Pdf көрінісі
бет14/21
Дата22.12.2023
өлшемі1,4 Mb.
#142807
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21
 
ҚОРЫТЫНДЫ 
 
ХХ ғасырдың 60-80 жылдарындағы көркем проза,негізінен, қоғамның 
әлеуметтік және этикалық проблемаларына кеңес әдебиетінің реалистік 
дәстүрлеріне сәйкес, негізінен уағызшылдық және ұраншылдық сарында үн 
қосып отырса да. әдебиетіміздің адамгершілік, өміртанушылық әлеуеті тек 
кеңестік идеологияның талаптарымен ғана шектеліп қалған жоқ. 
Жазушыларымыздың шығармаларында ашық публицистикалық сипат та, 
философиялық және психологиялық прозаға ұмтылыс та көрініс беріп 
отырды. Кейінірек әлем әдебиетіндегідей көркем мәтінді шарттылықтың 
түрлі типтерінде (ертегілік, фантастикалық, мифологиялық) құруға 
негізделген ирониялық прозаның даму үрдісі де орын алды. Бұл әсіресе 
модернистік және постмодернистік әдебиетте тұрақты сипат алып, түрлі 
ізденістерге қозғау салып келе жатқан құбылыс. Қазіргі заман мен 
замандастарға айрықша көзқарас, ерекше ракурс, философиялық және 
адамгершілік проблемалардың басқаша қойылуы әдебиет пен өнер дамуының 
жаңа көкжиектерін айқындап келеді. 
Орыстың белгілі филологы М.Бахтин айтқандай, күлкі «тек сыртқы 
цензурадан ғана емес, бәрінен бұрын үлкен ішкі цензордан да азат етеді». 
Ішкі цензор кеңестік қырағы идеологияның қысымымен ондаған жылдар 
бойы көптеген қаламгерлердің адымын аштырмай келгені белгілі. Бұл 
жағдайда күлкі автор мен кейіпкерлерге, тіпті оқырмандарға даадамдарға 
«ресми мәдениет» таңған «әлеуметтік бетпердені» ашуына мүмкіндік береді. 
Мұндай тұрмыс ауыртпалығын жеңуге бағытталған мәжбүрлік әрекетті мәтін 
астарында жасырынып жататын әзіл-сықақ сипаттарынан да байқауға 
болады. ХХ ғасырда қазақ әдебиетінде де, «қорқынышты жеңуге 
бағытталған» («предпологаемый преодоление страха», М.Бахтин) күлкі 
маңызды орын алды. Шын мәнінде, күлкі қасаң догмаларға, шарттылықтарға, 
цензура мен тыйымдарға қарсы күрес құралы болды.
Ә.Кекілбаевтың 
сан 
қырлысуреткерлік 
шеберлігінің, 
өмір 
құбылыстарын көркем зерделеуіндегі ойшылдық әлеуетінің ауқымында да 
халықтың күлкі мәдениетінің кәусар тұмасынан тұшынып, қазіргі әдебиеттің 
өрелі өрнектерімен жасандыра білген қаламгердің интеллектуальды күлкісі 
өзіндік болмысымен ерекшеленеді. Яғни, сөз өнерінің ұтырлы құралдарының 
бірі – күлкімен көмкерілетін әдеби амал-тәсілдер жазушы шеберлігінің бір 
қыры болып табылады. Қаламгердің алғашқы шығармаларынан бастап ойлы 
да оралымды, астарлы да асқақ күлкінің сан алуан көріністерін көптеп 
кездестіреміз. Шығармаларының өн бойында кейде шымырлап жайылып, 
кейде шамырқана тасып отыратын сатира мен юмор элементтері көркем 
мәтіндегі бейнеленер жайлар мен аңғартылар ойларға ұтырлы мән үстеп 
тұратыны ақиқат. 
Әдебиеттің сатира, юмор, ирония, сарказм секілді күлкі реңктерін 
мақсатына қарай оңтайлы пайдалана білетін жазушының көркем 
полотносында әсіресе юмордың, әсерлі әзілдің орны ерекше көзге түседі. 


152 
Юмор – жазушы стихиясының ең бір етене, бірегей сипаты деп айтуға 
болады. Грузиннің белгілі жазушысы Н.Думбадзенің: «Сатира – кипяток, 
юмор – теплый душ. Я больше склонен к теплой воде – чтобы не обжигать 
человека, а снимать грязь... Но и сатирой пользуюсь: иногда кипяток тоже 
нужен» [94]–дегеніндей, бұл жағдай жазушының кемшілікті мансұқтап, жер 
қылу емес, көбінесе жанашырлықпен ой салып, міндерден арылту 
мақсатынан туындап жатса керек.
Жазушы күлкісінің астарында көбінесе санаға сәуле түсіретін, 
оқырманды қалың ойға жүктейтін ойлы мұң, кермекнала жататын секілді. 
Тарихтың ащы сабақтарын, өмірлік құбылыстардың қайғылы да қасіретті 
жақтарын, тұрмыс-тіршіліктің жабыңқы қабағын езу тартқыза отырып 
бейнелеу – жазушының суреткерлік ерекшеліктерінің бірі. Белгілі ғалым 
М.Жолдасбековтің: «Әбіштің күлкісі. Әрі ауыр, әрі терең күлкі. Әйтеуір 
астарлап әзілдей салайын, еміренбесе де – езу тартар дегеннің жеңілтап
шаппа-шап күлкісі емес. Жүрегіңді жаншып езер есті күлкі» [1], – деген 
пікірінің орайынан да осыны аңғарамыз. 
 
Жазушы шығармашылығында иронияның әмбебап қызметін ұтырлы 
пайдаланады. Ирония суреттеудің, бейнелеудің, сондай-ақ пайымдаудың 
астарында әдемі үйлесім тауып, философиялық, психологиялық, әлеуметтік 
талдаулар тұсында оңтайлы қызметке жегіліп отырады. Көбінесе авторлық 
баяндаудағы жазушы интенциясынан көрінетін ирониялық бағалау көркем 
мәтіннің концептуальдық өзегімен орайласып, автордың талдаушылық, 
бағалаушылық шеберлігінің бір амалы ретінде танылады. Және бұл жағдай 
оқырман ойымен де жарасым тауып, әсерлі қабылданады әрі сыни зерделеу 
нысанына бағыт береді. Бұл орайда алуан түр-реңктерде келетін ирония 
иірімдері – жазушы стиліндегі бірегей құбылыстардың бірі.
 
Қаламгер шығармаларында өзі бейнелеп отырған кезеңнің, суреттеп 
отырған кейіпкерінің тілімен сөйлейді. «Тілдік тұлғаның» ерекшеліктерін 
көрсету – өмір шындығын әзілдік тұрғыдан бейнелеуде де оңтайлы тәсіл 
ретінде көрінеді. Ә.Кекілбаев шығармаларының стилі мен тілі объективті 
болмысты суреттеудің реалистік сипатын танытады. Суреттеліп отырған 
құбылыстың анықтығы, шыншылдығы мен қарапайымдылығы олардағы 
өзекті ойлармен әлеуметтік астарды берудегі түрлі стильдік құралдар, 
поэтикалық өрнектер арқылы жүзеге асырылады. Мұндайда тілдік 
құралдарды таңдау мен тиімді пайдаланудағы бірегейлік те ұтымдылық 
танытады. Терең сезімталдық, жаймашуақ юмор мен көркем тіл – авторлық 
баяндау мен персонаж сөздері, көркем айшықты тың қолданыстар, көрікті 
теңеулер, халықтық етене сөйлеу тілі, фразеологиялық оралымдардың 
орнымен қолданылып, орайына қызмет етуі – суреткерлік талғампаздықтың 
белгісі. 
Жазушы тілінде экспрессивтік-эмоциональдық лексика мен нақты 
лексиканың 
байлығы 
ғана 
емес, 
көбінесе 
ерекше 
синтаксистік 
конструкциялар мейлінше көз тартады. Оның сөйлемдері көлемді де күрделі 
бола тұра, құрылысы жағынан оралымды, мәнерлі, сөздердің байланысы 
тұрғысынан оңтайлы, сондықтан да оқуға мақамды, қабылдауға ыңғайлы 


153 
болып келеді.Жазушының сөз тіркестеріне нақты синтаксистік суреттілік, 
стильдік шалымдылық пен ырғақты-саздылық тән.
Жазушы үшін теңеулер аса көп ізденіп, шамадан тыс соған құштар 
болудың нәтижесі емес, оның теңеулері халықтың ұғымымен етене, қазақтың 
түсінігіне сай, соның өмір тұрмысынан алынған таныс суреттерді көз 
алдымызға әкеледі. А.П.Чеховтың: «Вообще надо быть осторожным в 
сравнениях, которые, как бы они ни были невинны, всегда невольно 
вызывают подозрения и обвинения в подражании и подделке» [95,46], – деп 
жазғанындай, автор қолданысындағы теңеулер жазушының өзіндік стиліне 
тән, тұрмыс суреттерін ұлттық ұғымдармен етене жақындастыра түсетін 
көркемдегіш құрал болып табылады.
Жазушының көптеген шығармалары арқылы өтетін тағы бір этикалық, 
дәлірек айтсақ философиялық-психологиялық постулат – әрбір адамдық 
тұлғаның қайталанбас ерекшелігін, бірегей болмысын көрсету. Сондықтан да 
жазушы аяқталған фабулалық ситуациялардай емес, дидактикалық-
моральдық тұрғыдан бәрін айтып шығудан бойын аулақ салады. Басқаша 
айтқанда, оның қиялынан жасалған кейіпкерлерді жағымды немесе 
жағымсыз деп біржақты бағалауға келе бермейді. Күлкімен ишараланатын, 
кекесін-мысқыл мен сынға бейімделетін кейіпкерлердің өзінде не аяушылық 
тудыратын, не еріксіз үлгі болатын қасиеттер бар (Бисенов, Ержанов, Ертай 
Есенов, Саурықов, Ержан, Нұркен, т.б.). Алайда, оқырман оларға, олардың 
іс-әрекеті мен ой-толғамына, өмірлік ұстанымдарына өзіндік қарым-
қатынасын өздері анықтайды. Өйткені, автор өз кейіпкерлерін мінегенімен, 
әзіл-сықақ ырқына ыңғайлағанымен, ешқайсысына үкім шығармайды. 
Адамның бойындағы және біздің тұрмысымызда кездесетін адамдық 
қасиеттер мен міндер қаншама бөлектеніп әрі араласып кететіндігімен, 
суреткер үшін кейіпкерлерге қатысты жақсылық пен жамандық 
ұғымдарының жекелеген сипаттары нақтылығымен көрінеді.
Осы орайда М.Горькийдің А.П.Чехов туралы мақаласындағы: «Ол 
кемеңгер де кең пейіл кісі еді, ол адамдарға «инабатты болсаңдаршы!», – деп 
қаттырақ әрі ашық айтуға ырық бермеді. Инабатты болудың мейлінше қажет 
екенін жұрттың өздері-ақ түсінер деген үмітпен күн кешті. Күллі пасықтық 
пен күйкі нәрселерді мейлінше жек көре тұра, ол тіршілік мерездерін 
ақынның ізгі тілімен, юмористің майда мысқылымен суреттеді, әңгімелерінің 
әдемі сырт көрінісінен оның ішкі мазмұнындағы ащы мінеп-сынаған 
астарлар аңғарыла бермеуі мүмкін», – деген пікірі ойымызға оралады
[96,397]. 
Ә.Кекілбаев – көркем сөз бен көсемсөздің өрен жүйрігі. Қазақ тілінің 
құнарын бойға сіңіріп, ғасырлар тереңінен тамыр тартқан ана тіліміздің ен 
байлығын, терең де тылсым сырларын, көркемдік күші мен ойшылдық 
қарымынқалам қуатымен жасанта білген қаламгер әрбір шығармасымен 
оқырманын тіл құдіретіне табындыра түседі. Әлемдік мәдениет пен 
адамзаттық құндылықтарды бойға сіңіре отырып, туған халқың мен ана 
тіліңнің мерейін өсіруге қызмет етудің жарқын үлгісін көрсетіп келе жатқан 
Аға жазушы, Абыз қайраткердің «Тіл және тәуелсіздік» атты мақаласындағы 


154 
ордалы ойлары да жас ұрпаққа арналған асыл аманаттай. «...Тіл туралы 
ойлану – бәрі туралы ойлану», – деп толғанатын автордың: «Ата-ана 
махаббатын, атажұрт ықыласын, атамекен табиғатын, туған топырақтың 
ыстық табын сезінуден басталатын дүниетанудың ең сенімді, жарық 
жалғанның қыр-сырына қанығудан басталатын білім алудың ең сенімді жолы 
– өзіңе біткен ең етене түсінік-қабілеттер мен етіңмен ет, сүтіңмен сүт болып 
жаратылған төл тіліңді мейлінше жұмылдырып, ұршықтай үйіріп меңгере 
білу екені даусыз» [97], – деген тұжырымы кім-кімге де ой салары сөзсіз. 
Бұл еңбегімізде қазақ әдебиетіндегі сатира мен юмордың байыпты 
прозаның аясындағы көркемдік қызметін кернекті жазушы Ә.Кекілбаев 
шығармашылығы бойынша дәлелдеуге тырыстық. Хал-қадырымызша 
жазушының көркем прозасы мен поэзиялық шығармаларындағы күлкі 
құбылыстарына талдау жасап, күлкі реңктерін, олардың идеялық-мазмұндық, 
поэтикалық-стильдік қызметін нақты мысалдармен көрсетуге күш салдық. 
Жазушы сомдаған сатиралық-юморлық образдардан Итжемес пен Түсіп 
секілді типтердің жасалу сипаты, жалпы көркем бейне жасаудағы сатира мен 
юмор элементтерін қолдану шеберлігі арнайы сөз болды. Жекелеген 
тарауларда тақырыбымыздың орайына қарай кейбір аспектілерді жазушының 
нақты шығармалары негізінде қарастырдық. «Міне, керемет!», «Керек адам» 
әңгімелерінің әзілдік сипатын, «Есболай», «Тасбақаның шөбі» секілді 
шығармалардағы ойын элементтерінің қолданысын, «Бәсеке» повесі мен 
«Ауыз» әңгімесіндегі ирония иірімдерін, жазушының күлкі арқылы да 
парасатты ой, пайымды пікір түйетін тұжырымдарын, сондай-ақ поэзиялық 
шығармаларындағы кейбір әзілдік сипаттарды арнайы зерделеуге ден 
қойдық. Сөз арасында жазушының басқа шығармаларының тақырыбымызға 
қатысты тұстары да барынша қамтылып отырды. Мұның бәрі сөз зергерінің 
«ардың ісіне» (З.Қабдолов) күлкінің күшін пайдаланудағы шеберлігін 
біршама таныта алады ғой деп ойлаймыз. 
Түйіндеп айтар болсақ, Кекілбаев күлкісі – өмірдің өз суретін шынайы 
қалпында беріп, тұрмыс-болмыстың қалтарыс-қатпарларына ерекше леппен 
жарық сәуле түсіріп, нақты жағдайдағы тіршілік суреттерін бірде әсерлі 
әзілдің лебімен, бірде ойлы-мұңды екпінмен бедерлейтін, сөйтіп оқырманын 
кейде тура, көбіне астарлы-тұспалды емеурінмен іш тарта жымитатын, 
жымита отырып толғандыратын, парықты ойымен парасатқа шақыратын 
ойлы күлкі, парасат күлкісі деп білеміз. 


155 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет