Јділет Ќабылов



Pdf көрінісі
бет5/21
Дата22.12.2023
өлшемі1,4 Mb.
#142807
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
(Портреті) 
Анау екі самайдан ай қасқаланып, торсиып бөліне шыққан жалпақ кең 
маңдайы, періштенің аузынан түскендей мүп-мүсінді болмаса да еркек кісіге 
лайық етті қыр мұрыны, сәл бұйығылау болғанмен, ылғи күлімсіреп тұратын 
қой көзі, етті-етті қайқайған еріндері, соның бәрін молынан сыйғызған үлкен 
дөңгелек беті, қанды қоңыр жүзі, қатарларынан ертерек шыққанмен, ерсі 
қайқайып кете қоймаған еркек адамға біртүрлі орнықтылық бітіріп, егделік 
сән беріп тұратын қозы қарыны, ортадан жоғары бойы, етті-женді денесі – 
осының бәрін құдайекең кез келген еркекке құшақтатып жатыр ма? Әйелдер 
еркектің бұдан артық келбеті мен сымбатын шайына езіп іше ме... Сөйтсе де 
мұның Маржаннан басқа әйелдің көйлегіне қолы тиіп көрген жоқ. Асылы, 
бұған әйел қарамайды емес, мәңгі кісідей маңқиып жүріп, мұның өзінің көп 
нәрсеге көзі түспейтін тәрізді. Баяғы жас жігіт кезінде құрдастары Балпан 
қызы бар үйге қонғанда қу кемпірлер қонақ түнде қозғалар ма екен деп
ұйықтап қалған соң көрпесінің үстіне бір уыс құмалақ қойса, таңертең сол 
құмалақ бір сынық құмалақ шығыны жоқ, әлгі орнында тұрады екен деп 
күлісіп жүретін. Сол қалпымен әлі келеді» [29,273]. 
Ал жағымсыз бейнені суреттегенде сатиралық бояуды қоюлата түсіп, 
кейіпкер бойындағы оспадарлық пен оғаштықты түйреп өтеді: «Жалғыз 
келіп, жалғыз ішіп, жалғыз сөйлеп «жел таратып» кететін Өтемағанбет 
кейінгі бір жолы жігіт боп қалған баласын ертіп келді. «Жұрттың ішіне 
киімшең кіріп-шыға береміз», – деп мақтанатын су жұқпас Өтемағанбеттің 
баласы Оразмағанбет әңгідіктеу көрінді. Жүріс-тұрысы түгіл сөйлеген сөзінің 
өзі келі түйгендей дүңк-дүңк етеді. 
Әкесінен төмен жайғасқан дүрдік ерін қара жігіт дастарқан жайылар-
жайылмаста келсаптай-келсаптай екі борбайды шай құйып отырған 
бойжеткеннің ту сыртынан босағаға қарай созып тастап, қолтығындағы құс 
жастықты өші бардай умаждап, дастарқан жиылар-жиылмаста елден бұрын 
атып тұрды...» [29,9]. 
Кейіпкердің дара тұлғалық ерекшеліктерін мейлінше терең ашып 
көрсететін және бұл ретте субъективтік-психикалық болмыс қырлары 
барынша айқын да шыншылдықпен танылатын көркемдік құралдардың бірі – 
кейіпкер тілі. Персонаждар тілі сөйлеуші субъектінің адамдық өресі мен 
рухани байлығын, интеллектуальдық деңгейін айқын аңғарта алады. 
Кейіпкер тілінің сипаты монолог, диалог, полилог, ішкі ой ағыны (ой 
толғаныс) түрінде беріліп отырады. Монологтарда кейіпкердің ішкі жан 
сырының мейлінше айқындалуы, ой ағыны арқылы терең психикалық 


38 
арналар аңғарылса, диалогтарда мінез-құлық құбылыстары кейіпкер сөзінен 
сыр тартады. Мұндайда Ф.Шиллердің: «Когда человек говорит, мы видим, 
как вместе говорит его взгляды, черты его лица, его руки, часто все тело, и 
нередко 
мимическая 
сторона 
разговора 
оказывается 
наиболее 
красноречивой» [30,131], – деп тұжырымдайтыны бар. 
Ситуациялық жағдайларға қарай ауысып, тереңдеп, өзгеріп тұратын 
кейіпкер көңіл-күйінің нәзік құбылыстары ондағы сөйлеушілердің сөз 
ыңғайынан, интенциясынан персонаждар бойындағы психологиялық 
өзгерістердің динамикасын айқын көрсетеді. Демек, диалогтер де – 
психологиялық анализ жасаудың да бір жолы. 
Мысалы, «Үркер» романындағы Сырлыбайдың Тевкелевтің сый-
сияпатына риза болмай айтатыны мен оның өкпесіне орай сый үстемелей 
түскендегі айтқан сөздерінен кейіпкердің психикалық құбылыстарын 
көреміз. Бір ғана үзіндіден әуелі айбаттана-ашына айтқан сөзі мен бірте-бірте 
сабасына түсетін үш түрлі күйін танимыз. Жазушы Сырлыбай туралы жеке-
дара мінездеме бермесе де, дүниеқоңыз бидің шүберек үшін жанын сала 
өңмеңдей сөйлеген осы сөздері кейіпкердің қоясын ақтарып-ақ салады. 
Оқырман мұндай гәптің астарындағы елшіден алған екі кез матаны жұртқа 
көрсетіп мақтану, өзінің қоғамдағы орнын аңғартып, абыройын асыру үшін 
пайдаланатын бишігендердің саясатын да аңғарады. Үзінді ұзақтау болса да, 
Сырлыбайдың осы үш рет сөйлеуін толықтай келтіре кетелік: «...Айт, мына 
ноғайыңа... Бұл неме біз келгенде неғып тауыққа жем шашқандай шөпектеп 
қалған. Ана сандығына қолын батыра түссе, түбінде шаян жатқан жоқ шығар, 
шағып алмас. Қасындағы мына жуынды ішіп семіріп, есірген башқұрттардың 
бұдан үш жұма бұрын немере інімді өлтіргенін ұмытып қала қойды дейсің 
бе? Қазақтың санда жоқ жаны, санатта жоқ азаматы болмайды. Қанға қан, 
жанға жан деп бір башқұртын ұстап алып, ертең қырқын беретін күні қаралы 
ошақтың басына апарып, маңдайын құбылаға қаратып, кеңірдегінен шалып, 
қара қанын шашайын деп едім, бәрің кеп «әке-көкелеп» қолыма 
жабыстыңдар. «Шырық бұзса, солар-ақ бұзсын, біз ертең елдің бетіне шіркеу 
салмайық», – дедіңдер. Ағайын ғой, жаман болсын деп тұрған жоқ шығар деп 
айтқандарыңды қылдым. Сондағы жасаған жақсылығымның қиуазы мынау 
бес елі көк шүберек болғаны ма! Қазақтың бетіне шіркеу түсірмеймін деп, 
қағынды алып қарайған жүрегімнің жарты қанын жерге төгіп, қолыма түсіп 
тұрған қандықол қарақшыға кешірім жасап, кеңпейіл болғанымда, ертең, ең 
болмаса иығым жарқырап бармайтын болса, елге не бетімді айтам. Ойбай-ау, 
ағайын екен десем, өңшең жау ма едіңдер, түге!..» 
Тевкелев оның алдына тағы да елу сомның матасын тастағанда жүзі 
жыли түсіп: 
« – Пәлі, бұларыңды мен ана жақта қанды қол қарақшыны тік бастырып 
апарып, он екі жілігін, отыз омыртқасын, қырық қабырғасын саудыратып 
түгел санап бергенде қолтығына не қыстырып қайтар екен деп жалаңдап 
жолыма қарап отырғандарға таратып берем ғой! Сонда менің өзім ше... От 
төсеп, оқ көсеп жүргенде иінім қурап құр қол барам ба? Маған берсең, ана 
үстіңдегідей асыл жағаңнан бер. Көк ала шүберекті жұрт сенен туғанынан 


39 
айрылып бауыры күймей-ақ «ассалаумағалейкүм» – деп алдыңа кіріп 
шыққаны үшін де киіп жатқан көрінеді ғой...» – дейді. 
Ал елші орнынан тұрып, беліндегі деңмент белбеуін, алқызыл мауыты 
шекпенін шешіп бидің алдына тастап, сосын күрең барқыт бешпетін шешіп 
ұсынғанда Сырлыбай: 
– Пәлі, баяғыдан бері осылай істемедің бе? – деп, үйіліп жатқан 
дүниенің бәрін алдына тартады. «Сақал-мұрты селтиген дәукес бидің қызара 
бөрткен жалпақ беті біреу майлап кеткендей аяқ астынан жылтырап қоя 
береді». [14,404].
Жазушы полилогтерінде де белгілі бір жәйтқа көзқарасты білдірудегі 
көпшіліктің 
ой-танымына 
сәйкес 
қазақ 
менталитетін 
танытатын 
репликалармен ойнақы әзіл араластыра өрнектеп жібереді: 
– Мынау бірінен-бірін өткізіп жұтындырып киіндіріп қойған әдемі 
жігіттер патшайымның балалары ма екен? 
– Патшайым қанша төлшіл болса да, тап осынша көп баланы 
топырлатып бір өзі қайдан тапсын! 
– Енді қалай деп ең? Жер түбінен келген ханзаданы патшазадалар 
шығып қарсы алмай, қайдағы бір қаратаяқтар шығып қарсы алып тұр ғой 
дейсің бе? 
– Қара таяқтарға мынадай киім қайда! («Елең-алаң»), [14,5]. 
Ғалым А.Мұсаев: «Образ – болмыс, тіршілік келбетінің, қоршаған орта 
мен жағдай, уақыт және адамдар арасында туындайтын құбылыс, 
құпиялардың жинақтаушылық мәнге ие бейнелі көрінісі. Егер антикалық 
дәуірден бүгінге дейінгі образдар жүйесін кезегімен көз алдымызға 
елестететін болсақ, адамзат дамуының бай картинасын – рухани дамуын, 
көркемдік сана мен психикалық пішіндер диалектикасын да, қоғамдық-
әлеуметтік прогрестің қозғаушы күштері мен кертартпа қалдықтарын да 
көрер едік», – деп жазады [31,105]. 
Өткен ғасырымыздың 60-90 жылдарындағы көркем прозадағы 
сатиралық, юморлық образдарды байыптағанда ауыз әдебиетіндегі көркемдік 
дәстүр мен әлемдік жазба әдебиеттің соны табыстарын сабақтастырған 
көркем сөздің көл-көсір байлығын таба аламыз. Олардың ең басты ерекшелігі 
– адам бейнесін жасауда күлкі элементтерінің жан-жақты қызметін мейлінше 
пайдаланып, суреттелетін кезеңнің әлеуметтік-қоғамдық сипаты мен 
моральдық-этикалық нормалары аясында идеялық-көркемдік бірегей 
суреттеудің тың тәсілдеріне қол жеткізуі. Жоғарыда талданған Ә.Кекілбаев 
шығармаларындағы бейнелер сыры осы сөзіміздің дәлелі бола алады ғой деп 
ойлаймыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет