Јділет Ќабылов



Pdf көрінісі
бет3/21
Дата22.12.2023
өлшемі1,4 Mb.
#142807
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
ОБРАЗ ТАБИҒАТЫ 
 
 
Мен өз басым әдебиеттің негізгі
міндеті әшкерелеу де, дәріптеу де,
ақыл айту да, алдарқату да емес,
адамдарды, адамдық тіршілікті әуелі
өзің жете түсініп, сосын оқушыңды
жете түсіндіріп, оның өзін-өзі рухани
шыңдай білуіне түрткі болу деп ұғамын. 

 
 
 
Ә.Кекілбаев 
Көркем әдебиеттегі өмір шындығының негізгі арқауы – адам, яғни 
өмір-тұрмыстың сан алуан құбылыстары, адам ұғына алатын, түйсініп баға 
беру мүмкін болатын көркем дүние адам бейнесі арқылы жасалады. Жазушы 
суреткерлік шеберлік пен көркем қиялының арқасында көркем сөздің 
қуатымен түрлі адам образдарын сомдайды. Әр образ (көркем бейне) – 
өзінше бір әлем. Сандаған кейіпкерлердің адамдық болмысы да, өмір-тірлікте 
атқаратын қызметі де, шығармадан алатын орны да әр түрлі болады. Әр 
кейіпкердің қалыптасу, даму, кемелдену тарихы болуымен қатар, 
әрқайсысының ақыл-ойы, темпераменті, психологиясы, білік-танымы, 
наным-сенімі, өмірлік позициясы, өмір салты, т.б. түрліше сомдалмақ. 
Көркем шығармада сондай кейіпкерлердің бейнелері жасалып, олардың сан 
алуан жағдайлардағы қарым-қатынасына негізделіп, түрлі қақтығыстар 
арқылы өмірдің өзекті мәселелері бейнеленеді, елеулі-елеусіз жайлардан 
туындаған қайсыбір өзекті идеялар ұсынылады.
Шығармадағы негізгі, қосалқы кейіпкерлердің (персонаждардың) 
көркем бейне дәрежесіне көтерілуі жинақтау және даралау секілді көркемдік 
тәсілдер арқылы жүзеге асырылады. Жинақтау жеке образды осы тектес 
адамдарға тән болатын белгілі бір сипаттармен толықтыру жолымен тип 
жасауға мүмкіндік берсе, даралау – образдың даралық ерекшелігін 
айқындаудың, оны басқалардан белгілі бір жағынан айрықша етіп көрсетудің 
жолы. Демек, образ – әдеби шығармадағы, жалпы өнер туындысындағы 
типтік сипатымен және даралық қасиетімен көрінетін адамның көркем 
бейнесі. Өнер туындысы образды сананың жинақталуының көрінісі ретінде 
өзінің көркемдігімен әсер етеді. Орыстың белгілі әдебиет теоретигі 
Л.И.Тимофеев: «Образ – ойдан шығарылған және эстетикалық мәні бар 
нақты, сонымен қатар жинақтау арқылы жасалған адам өмірінің суреті», – 
десе [7,61-62], П.В.Палиевский: «Образ – это мышление с помощью 
индивидуальности, 
созданной 
воображением 
художника. 
Такая 
индивидуальность строится им в соответствии с потребностями жизни и 
выводится в мир для их обоюдного самораскрытия», – деп жазады [8,88].



Әрбір көркем бейне – өзінің тарихи-танымдық, қоғамдық-әлеуметтік, 
психологиялық-тәлімдік 
мәнімен 
қайталанбас 
құбылыс. 
Реалистік 
әдебиеттегі адам образдары көркемдік сипаты жағынан түрліше 
жасалатынымен, солардың барлығында да суреткердің ұстанатын әлеуметтік 
бағдары, діттеген межесі біреу-ақ, ол – осы кейіпкерлер арқылы оқырманға 
әсер ету, көңіліне ой салу, жақсылыққа тәрбиелеу. Тәрбиелік ықпал етудің 
жолы да сан тарау: тікелей үлгі ұсынып, дұрыстықты көрсету бар да, 
бұрыстық пен небір сөлекеттерді бейнелеп, одан жирендіру бар. Сатира мен 
юмордың ұстанатыны, негізінен, осы екінші бағыт. Яғни сатира «кесір-
кесапат атаулыны сынауға, дертті мансұқ етуге, қол соғылмайтын 
көріністерді әшкерелей отырып, тәрбиелеуге тиіс» [9,192]. 
Әлбетте, әдебиеттегі әзіл-сықақты тек құбылысты немесе субъектіні 
терістеу, жоққа шығару, күлкі ету құралы деп біржақты қарау жаңсақтық 
болар еді. Классикалық сатираның міндеті мен бүгінгі әдебиеттегі әзілдің 
арналымы аралығында елеулі айырмашылық бар. Мұны, ең алдымен, 
адамдар санасындағы ментальды өзгерістермен, бүгінгі озық мәдениет пен 
қоғамның 
әлеуметтік-интеллектуальдық 
деңгейінің 
арасалмағымен 
түсіндіруге болады. Екіншіден, әдебиет пен өнердің қазіргі жеткен межесі, 
даму тенденциясы автор мен оқырман арасындағы сұхбат формасы мен автор 
интенциясына елеулі өзгерістер енгізгені ақиқат. Жаңа кезең әдебиеті 
авторлық мақсат бағдары мен икеміне, көріну формасы мен қабылдану 
психологиясына өз бедерін айшықтауы заңды құбылыс. Осы тұрғыдан 
қарағанда, қазіргі әдебиеттегі күлкі табиғатына баға беру – күрделі мәселе. 
Мұнда, әсіресе, сатираның, юмордың, ирония мен пародияның сан қырлы 
бұрылыстары мен бұлтарыстары, терең қатпарлары мен нәзік иірімдері орын 
алып отыратынын әрдайым есте ұстау лазым.
Адамның дүние құбылыстарын эстетикалық қабылдауының төрт түрлі 
сипаты болатыны белгілі. Олар: әсемдік (прекрасное), асқақтық 
(возвышенное), трагедиялық (трагическое) және комикалық (комическое). 
Образдың табиғатын жасалу тәсілі тұрғысынан саралағанда, юморлық, 
сатиралық және комедиялық образдардың негізінде комикалық сипат 
жататыны мәлім. Сонымен қатар, мұндай образдардың әлеуметтік-
эстетикалық табиғатына басқа да сипаттардың белгілі бір шамада ортақ 
болатынын жоққа шығара алмаймыз. Мысалы, сатира мен комедиялық 
образда трагедиялық сипаттың да болуы бек мүмкін. Өйткені, сыншыл 
күлкінің, өткір мысқылдың аржағында адамдық қасиеттердің әлсіреуіне 
деген ашыну, күні өткен кесір тоғышарлық зардабының қасіреті жатады. 
Жеке кейіпкер арқылы көрінетін сатиралық сипаттардан бүкіл қоғамның 
бойындағы трагедиялық халдің орын алуына А.Байтұрсыновтың: 
“Ақындардың адам мініне, кемшілігіне күліп шығарған сөздерін тек күлкі 
үшін шығарған сөз деп қарамасқа керек. Ондай сөздердің көбінің-ақ бергі 
жағы ғана күлкі болып, арғы жағы адамды мұңайтатын, қайғыртатын сөз 
болуы ықтимал” [10,320], – дегені дәлел бола алады.
Ал юморда әсемдік пен асқақтықтың элементтері кездесуі ықтимал. 
Олай болатыны – юморлық күлкі тек қайшылықтар мен кереғарлыққа 


10 
негізделген мансұқтауды жалаң қамтымай, сонымен қатар, адам санасы мен 
мінез-құлқының бір қыры ретінде өмірге құштарлық пен рухани асқақтықты 
да, адами күрескерлік парасат пен жан тазалығының талабын да көтереді. 
Юмор – өмір-тіршіліктің сан алуан қатпарларына жарық түсіретін, адам 
болмысының небір ньюанстарын қамтитын құбылыс. Юморды туғызудың 
қозғаушы күші юморлық сезім десек, юморлық сезімталдық көбінесе көкірек 
көзі ашық, айналасына сын көзбен қарайтын әрі дүниенің кіршіксіз болуын 
қалайтын, замандастарына биік талап қоятын жасампаздық рухтағы жандарға 
тән болады. 
Қай елдің әдебиетін алсақ та, қандай әдеби ағымдар мен бағыттардың 
өкілдері шығармаларын зерделесек те, комизм көріністері, сатира мен 
юморлық элементтері автор баяндауының да, персонаждар тілінен де, 
шығарманың идеялық-мазмұндық сипаттарынан да, философиялық-
психологиялық талдаулардан да көрініп отырады. Көркем шығарманың 
сатира, юмор, сарказм, ирония, пародиямен өрілетін тіндері, мағыналық 
астарлары суреткердің авторлық позициясынан бастау алады. «Комического 
в жизни не меньше, чем прекрасного, возвышенного, трагического. Но 
человек не всегда способен воспринять его. Для этого нужно быть близким к 
жизни, уметь видеть действительность во всем богатстве его красок», – дейді 
орыс ғалымы Ю.Борев [11,106]. 
Әдебиет пен өнердегі күлкі элементтерінің ең бір өнімді қолданылатын 
тұсы көркем бейнелерге қатысты. Жазушы өз кейіпкерлерін сомдауда 
суреткерлік мақсатына сәйкес түрлі сатиралық құралдарды пайдаланып 
отырады. Ол тек сатиралық немесе юморлық образдарға ғана қатысты емес, 
қаламгер кез келген бейненің кейде тұтас болмысын, кейде жекелеген 
жақтарын ашуда күлкі элементтерімен әрлеп отыруы да орын алмақ. 
Әдебиеттегі сатиралық, юморлық образдар мен персонаждар бейнесін 
сомдаудағы сатира мен юмор элементтерінің қызметіне талдау жасау – 
көркем шығармадағы адам бейнелерін идеялық-мазмұндық, көркемдік-
стильдік, тілдік, психологиялық тұрғыдан танудың бір жолы. 
Заманымыздың заңғар жазушысы Ә.Кекілбаев шығармаларындағы 
сатиралық-юморлық тұрғыдан сомдалған образдардың бірі – жазушының 
«Үркер», «Елең-алаң» романдарындағы Итжемес образы. Итжемес – «қой 
түгіл тай тауысатын аран құрсақтан басқа ештеңесі жоқ», қарын тойдырудан 
өзге уайымды білмейтін, бар арманы қол тимеген табақтан ет жеп, ерін 
тимеген ыдыстан қымыз ішу болып табылатын мешкейлігімен көрінетін 
кейіпкер. Қай қоғамда да Итжемес секілді қарын тойдырудан басқаны 
ойламайтын ойсыз-уайымсыз адамдардың аз болмағаны аян. Қай кезде де 
мұндай тоғышарлар халықтың қалың тобынан да, ат төбеліндей азғана 
таңдаулыларының ішінен де кездесе береді. Тоғышарлық – кең мағынадағы 
ұғым. Ол – рухани жұтаңдықтың жемісі. Оның алуан түрдегі көріністері 
болады. Тоғышарлықтың түп тамыры қайдан шыққанын кім білсін, әйтеуір 
оның сан ықылым қоғамдардан көктей өтіп, бүгінгі күнге дейін жоғалмай 
жетіп отырғаны ақиқат. Заман мен қоғам өзгерген сайын оның да ішкі 
мазмұны мен сыртқы түрінің өзгеріп, қоғамға икемделіп, заманмен үйлесіп 


11 
отыратыны белгілі. Автор өзі суреттеп отырған қазақ қоғамындағы 
тоғышарлықтың бір көрінісі ретінде Итжемес образын сомдаған. 
Тарихи романдардағы қым-қиғаш тартыстар мен үлкенді-кішілі 
эпизодтық қақтығыстардан қағыс тұрса да, елеусіздеу кейіпкерлердің 
ішіндегі тоғышарлықтың бір сипатын танытатын кейіпкер – осы Итжемес 
дедік. Итжемес – күлкілі кейіпкер. Ол негізгі кейіпкерлердің санатына 
кірмегенімен, диалогияның әр тұсында оқтын-оқтын қылаң беріп, өзіндік 
қылық-әрекетімен, таным-өресімен көрініп отырады. Оның іс-әрекеті, ой-
арманы, бағалау-пайымдауының қай-қайсысы да оқырманның күлкісін 
туғызады.
Итжемес бейнесімен оқырман романның алғашқы беттерінен-ақ 
танысады. Жоғалған тайлағын іздеп жолға шыққан Итжемес құба жонда 
бурыл байталымен келе жатып бір түсініксіз көрініске тап болады, соның 
ішінде жүріп Әбілқайырдың аң қағушы жігіттеріне жолығады. Мұның өзін 
автор қызықты ситуацияда бейнелейді.
Айдаладағы Итжеместің қаптаған құландарға кезігуі тұсында-ақ 
жазушы әп дегеннен оның құлқынқұмарлық аужайын былайша ишаралайды: 
«Құба жонды бір жылқы, бір адам екеуден-екеу бөкітіп тартып келеді. Биыл 
құла түзде құланнан басқа тірі мақұлық кезіксейші! Ал құлан дегенің жерге 
сыймайды. Ыңып жүр-ау, ыңып жүр. Жаман тұғырмен ит бүлікке салып келе 
жатқан жалба тымақ Итжеместі келеке қылғандай жолын олай бір, бұлай бір 
кес-кестеп әбден жынын келтіргені. Жөңкіліп бара жатқан тағы үйірге ызасы 
келгенде көз алдына қазан-қазан қуырдақ, тегеш-тегеш ет елестеп кетеді. Ол 
үшін әуелі анау шапқылап жүрген төрт аяқтыны ұстап алып, шарта буып 
жығып салуы керек. Тай қазанға тақ толтырып асып-қуыруы керек. Кең 
даланы еркін шарлап жүрген төрт аяқтының көкірегіндегі шыбын жан қоңыр 
үйдің түрулі іргесінен кең дүниеге көзін сатқан екі аяқтының кеудесіне ұшып 
қону үшін содан басқа ештеңе қажет емес. Бірақ айдалада жалғыз жортқан 
Итжеместің қолынан оның бірі де келмейтін еді. Енді, міне, көз алдынан бұл-
бұл ұшып, сағымға сіңіп жоғалып жатқан қазан-қазан қызыл қуырдақтан
қарадай қағылып, аузының суы құрып, соры әбден қайнап келеді» [12,8-9]. 
«...Сосын әлгі отырған жерінен жел жаққа қарай қырық қадам ұзап, 
шалқасынан түсіп жата кетсін... Көз алдына тағы да тай қазан ет пен 
мөлтеңдеген сірке сорпаның тұра қалғаны» [12,9]. 
Автордың ирониялық-пародиялық баяндау стиліндегі сөйлеудің алуан 
түрлерініңтоғысуы (разноречивость) жазушы стилінің ерекше сипаты болып 
табылады. Келтірілген бірінші үзіндіде әуелі авторлық баяндау орын алып, 
ол 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет