Јділет Ќабылов


Бәрі бір  нәрсеге күліп тұрғанмен, бесеуінің күлкісі бес ыңғай



Pdf көрінісі
бет7/21
Дата22.12.2023
өлшемі1,4 Mb.
#142807
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21
Бәрі бір 
нәрсеге күліп тұрғанмен, бесеуінің күлкісі бес ыңғай. 
Алтын көзілдірік 
қашан көрсең де ақшыл тістерін ақситып аузын ашып тұрғаны. Әлекең мен 
ақ борық келіншектің жүздеріне бір жылт еткен ойнақы ұшқын ұялапты. Ал, 
еркек жал қараша әйел Жәмила ханым мен кең маңдай дөң мұрын, қара мұрт 
Ержанов мынау мәз-мейрам дархан тіршіліктің буына елтігендей бейғам 
күлімдейді».
Осы әңгімеде кездесетін жазушының суреттеуіндегі жымысқы күлкі, 
марғау күлкі, мәз-мейрам күлкі, бейғам күлкі, жайдары күлкі секілді күлкі 
реңктері – кейіпкердің ішкі сыры мен көңіл күйін сипаттайтын сәтті 
суреттер. Ал суреткердің жалпы шығармаларында мұндай күлкі реңктерінің 
бейнеленуі мен олардың көркем мәтіндегі айшықты қызметі туралы айтпай 
кетуге әсте болмайды. 
Біздің тіліміздегі күлкінің әзіл, оспақ, әжуа, сықақ, қалжың, келеке, 
кекесін, келемеж, мазақ, мұқату, мошқау, шенеу, қағытпа секілді толып 
жатқан реңктері барекенін жоғарыда айттық. Олардың бәрі де күлкінің 
түрлері болғанмен, араларында өзіндік айырмашылықтары болады. Бұлар 


57 
синоним сөздер емес, олар күлкінің табиғаты, алуан түрлі реңктерін 
білдіреді, сатира мен юморды ажыратуға көмектеседі. Күлкінің мұндай 
түрлері адамның күлу себебіне, мақсатына, күлкінің сипатына, күлкі 
оъектісіне қатынасына, күлкілі сөздің мән-мағынасына, күлу кезінде 
адамның өзін ұстауына, т.б. байланысты айқындалады. Әзіл-сықақ сөздің 
сипатын ішкі мағыналық астары мен тұспалдау немесе ашық мінеу, бетке 
айту секілді сырт белгілеріне қарай да айыруға болады. Әдебиеттегі күлкі 
негізінен сатира, юмор, ирония, сарказм, карикатура, шарж деген 
терминдермен анықталады.
«Сүтке сүт қасылса – сүмесін, сөзге сөз қосылса – демесін» дегендей, 
тілдегі бір сөзге, ұғымға қатысты көптеген қолданыстар болатыны белгілі. 
Ондай сөздің мәні мен мағыналары өзге сөзбен тіркесіп келуі, контекстегі 
мағыналық орны арқылы түрленіп, құбылып отырады. Әдебиет тіліндегі 
жазушының сөз қолданыстары – тілдің сөз байлығын, бейнелілігін, көркемдік 
мүмкіндігін анықтайтын маңызды фактор. Белгілі бір ұғымды білдіретін 
сөздердің басқа сөздермен тіркесіп келіп, түрлі мағыналарды беруі, 
модальдық реңк алуы – поэтикалық мәтін түзуде айрықша мәнге ие. 
Ғ.Мүсіреповтің: «Сөзге сөз жарығын да, көлеңкесін де түсіріп тұрады» 
[39,121], – дегеніндей,сөздердің бір-бірімен қатынасқа түсуі арқылы 
ұғымдық-түсініктік мағыналары айқындалып, мәтіннің поэтикалық өрнегіне 
бірегей стильдік колорит үстейді.
«...Әрбір жаман кісінің қылығына күлсең, оған рахаттанып күлме, ыза 
болғаныңнан күл, ызалы күлкінің өзі де қайғы. Ондай күлекіге үнемі өзің де 
салынбассың, әрбір жақсы адамның жақсылық тапқанына күлсең, оның 
жақсылықты жақсылығынан тапқандығын ғибрат етіп күл. Әрбір ғибрат 
алмақтың өзі де мастыққа жібермей, уақытымен тоқтатады. Көп күлкінің 
бәрін де мақтағаным жоқ, оның ішінде бір күлкі бар-ау – құдай жаратқан 
орныменен іштен, көкіректен келмейді, қолдан жасап, сырты менен бет-
аузын түзеп, бай-бай күлкінің әнін сәндеп, әдемішілік үшін күлетін бояма 
күлкі» [40,100-101], – деген ұлы Абайдың өзі рахат күлкіден бастап, ызалы 
күлкі, ғибрат күлкі, бай-бай күлкі, бояма күлкілерді атап, олардың ішкі-
сыртқы сипаттарына шолып өтеді ғой. 
Ә.Кекілбаев шығармаларындағы бір ғана күлкіге қатысты поэтикалық 
қолданыстарды саралайтын болсақ, жазушы шеберлігінің тағы бір қыры мен 
сырына тап боларымыз сөзсіз. Мәселен, қаламгер шығармаларынан күлкіге 
қатысты бір жүзден астам (100-ден астам) түрлі поэтикалық қолданыстарды 
кездестіргенімізді (бұл да толық тізім емес)айтсақ та жеткілікті. Оларды 
пайдалану арқылы жазушы көркем мәтіндегі кейіпкерлердің түрлі 
психологиялық күйлерін бейнелейді. Мысалы: тәкаппар күлкі, жұмбақ күлкі, 
сиқыр күлкі, монтаны күлкі, жымсиған күлкі, болмашы күлкі, жымың күлкі, 
жымысқы күлкі, күмілжі күлкі, сылқ-сылқ күлкі, ду-ду күлкі, қыран-топан 
күлкі, қылмың-қылмың күлкі, жымың-жымың күлкі, бүлк-бүлк күлкі, ашық 
күлкі, ұры күлкі, сілімтір күлкі, жымиған күлкі, қарқ-қарқ күлкі, әдемі күлкі, 
сыпайы күлкі, қақақу күлкі, сақ-сақ күлкі, дуылдаған күлкі, кекесін күлкі, 
тыжырынған күлкі, жексұрын күлкі, қарқылдасқан күлкі, жайдары күлкі, 


58 
жайраң күлкі, қуақы күлкі, кеу-кеу күлкі, лақылдақ күлкі, сылқылдақ күлкі, 
лекілдек күлкі, мәз-мейрам күлкі, марғау күлкі, масаттанған күлкі, зірк-зірк 
күлкі, т.б. 
Осындай жазушы тіліндегі сөздер мен сөз тіркестерінің поэтикалық 
қолданыстары – өз алдына ғылыми-теориялық тұрғыдан қарастырылуға тиіс 
қызғылықты құбылыс деп білеміз. Әйтсе де, ол мәселе біздің зерттеу 
мақсатымызға жатпайтындықтан, осы тіркестердің сөйлемдегі көркемдік 
қызметін көрсететін бірер мысалдар келтірумен шектелеміз және осы 
еңбектің соңында «Ә.Кекілбаев шығармаларындағы күлкіге қатысты 
поэтикалық қолданыстардың тізбесін» келтіруді жөн көрдік (қосымшада). 
Жазушының күлкіні бейнелеуінің алуан түрлі амалдарының кейбіріне 
көз жүгіртелік: «...Сөзінен өтірік тапқысы келіп, аяқтан шалып мұқатып
кекеп-мошқап баққан кер ауыздардың да бірте-бірте мысқылшыл мысық 
мұрттары салбырап, көздеріне жылт қаша бастады» [12,405]; «Бірақ, қашан 
көрсең де асығыңды алдап ұтып алғысы келіп жүретін жылмаңтөс 
балалардай, сыр бермей, жымиып жүретін жылмақай неменің бүгін езуіне ие 
бола алмай, жымыңдай амандасып, жымыңдай қоштасуында бір гәп бар 
шығар...» [14,11]; «...Адам түгілі құдайдың өзін көзіне бір көрсетсең, оның 
бойынан да бірдеңе тауып ап, шиге шаншып миығынан күлетін мысқылшыл 
неменің езуіне біреу әдейі желімдеп қойғандай жабысып ап түспейтін
үйреншікті кекесін күлкісі қайда құрыған?» [29,49]; «Кеңсірігіне керги біткен 
келте танауы таңырайып, басы қосылмай бет-бетіне қашып тұрған күл өңдес 
мұртына күлкі үйірілді»; «...Ендігәрі бұның көзінше жарық жалғандағы жан 
біткенге миығынан күлетін мекерлігін көрсете алмастай болған шығар» 
[29,50]. Мұндай қолданыстардың күлкіні бейнелеудегі көркемдік бітімі, 
адамның ішкі психологиясы мен сыртқы жай-күйін, мінез қатпарларындағы 
сана-сезім ағыстарын бейнелеудегі стильдік қызметі өз алдына зерттеуге 
тұрарлық дүние.
Сонымен, арналы әңгімемізге қайта оралалық. «Керек адам» 
әңгімесінің басындағы Сәрсеновтің Ахметов кабинетінде телефон арқылы 
сөйлесіп жататын кісінің Дәулетов болып шығатыны, оның мінез-құлқының 
аужайын автордың ілкідегі телефондағы даусы арқылы ишаралауы («Мына 
бірауыз сөзден кейін көкшіл телефон тіптен көгереңдеп кетті. Аржағындағы 
гүрілдеген еркектің түкірігі трубкадан сыртқа шашырап бара жатқандай
Ахметов оны алақанымен басып алды да, тыңдай берді, тыңдай берді. Бір 
уақытта барып гүрілдек дауыс «қош» дегендей болды») характер болмысын 
ашуға да, шығарманың сюжеттік арқауын ширатуға да қызмет етіп тұр. 
Бұл әңгімелерде ширыққан оқиға, әнебір шиеленіскен тартыс жоқ. 
Қарапайым ғана оқиғаны әзіл-сықақ ыңғайымен әсерлі баяндау арқылы тірлік 
түйткілдерін оқырманның көз алдына әкеліп, адамның рухани болмысын аша 
отырып, сана қатпарларынан суыртпақтап сыр тартады. Жазушы 
кейіпкерлердің іс-әрекеті мен мінез-құлқын әзіл-сықақтың өрнекпен 
бейнелегенмен, оларды әсте жазғырмайды, әшкерелеушілік пафос та жоқ. 
Келеңсіздікті іліп-шалып, оқырманға ой салу мақсат етіледі. Оларда адам 


59 
болмысына барлау жасай отырып, өмір шындығының көңілге кірбің түсіретін 
жақтарын ашу арқылы заманның әлеуметтік күйінің беталысына налу бар... 
Ә.Кекілбаев әңгімелерінің құрылымы да ерекше жинақылығымен, 
кейіпкерлерді қарапайым ситуацияларда да жан-жақты танытуымен 
ерекшеленеді. Оларда кейіпкерлердің ой ағыны мен сезім шырғалаңдары, 
көзқарас-таным арналары терең көрінеді, адамдар арасындағы қарым-
қатынастар мен субъектінің ішкі қайшылықтарын жіті қадағалайтын 
авторлық байқампаздық пен сана сүзгісі ең елеулі жайттарды ғана қамти 
отырып, оларды талғампаздықпен көркем мәтіннің арқауына шебер 
қиюластырады. Сөйтіп әрбір сәт, әр деталь өз орнын бекем иемденіп, 
сюжеттің шымырлығы мен көркем композицияның тұтастық арқауын 
шыңдай түседі. Мұның өзі көркем әңгімені «ешнәрсені қосуға да, алуға да 
болмайтындай етіп жазудың» (Сомерсет Моем) әдемі үлгісі екені ақиқат. 
Жазушы өзі көп сөйлеуден, көш-құлаш баяндаулардан бойын аулақ 
салумен қатар, кейіпкерін де көп сөзділікке ұрындырмайды. Жалпы, 
Ә.Кекілбаев диалогты мейлінше аз қолданатын жазушы десек
салыстырмалы түрде әсіресе, осы екі шығармасында диалог біршама 
қызметке жегіледі. 
«Әңгіме – қиын жанр, – дейді З.Қабдолов, – Алдымен көлемі шағын. 
Ол жазушыдан барынша жинақы болуды талап етеді. Содан соң оқырманды 
бірден үйіріп әкету үшін, сол шағын көлемдегі өмір эпизодының өзі 
соншалықты тартымды, сюжет желісі қызғылықты болуға тиіс. Сюжетке ене 
бастаған бетте-ақ оқырманның көз алдына іші-сыртын, мінез-құлқын, іс-
әрекетін аттаған сайын аңғартып адам келе бастауы керек. Ол адам өзіне тән 
ең бір елеулі өзгешелігімен шұғыл даралана беруге тиіс. Адам тұл 
көрінбейді; оның өзін қоршаған айналасы айқын көзге түсуі, сол арқылы 
белгілі бір әлеуметтік топ, қоғамдық орта танылуы шарт. Әлгі адам – соның 
өкілі, типтік тұлға болуы қажет. Осының бәрі жазушының өмірді терең 
білуімен қабат, сөз байлығын, байқағыштықты, аса талғампаздықты, тілдегі 
тамаша суреттілікті, ...бір сөзбен айтқанда, шеберлікті, талап етеді» [24,307-
308]. 
Ә.Кекілбаев әңгімелерінен де осындай шағын көлемнің ауқымында 
«өмірдің бір бөлігін жарқ еткізіп жайып тастап, оқырман алдына қилы-қилы 
мінездің адамын жетелеп әкеп, жақсысына сүйсінтіп, жаманынан түңілтіп 
отыратын» хас шеберліктің қолтаңбасын қапысыз танимыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет