Динамикалық Қатарлар туралы түсінік және оның түрлері



бет7/16
Дата09.10.2022
өлшемі474,5 Kb.
#42059
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
Байланысты:
8 тақырып.1

Өсу қарқыны (темпі). Бұл көрсеткіш әрбір ағымдағы уақыт дәрежесінің алдыңғы уақыт дәрежесімен салыстырғанда қаншаға көп, не аз екенін сипаттайды, яғни осы екі уақыт көрсеткіштерінің бір-біріне қатысты шамасы арқылы есептелінеді. Өсу қарқыны коэффициентпен немесе процентпен өлшенеді.
Нақты (абсолюттік) өсім сияқты өсу қарқыны да тұрақты және тізбектелген тәсілмен есептеледі. Егер динамикалық қатардағы әрбір уақыт дәрежесін тұрақты бір базалық уақыт дәрежесіне бөлетін болсақ, онда оны тұрақты өсу қарқынының коэффициенті деп атайды және ол мынадай формула арқылы есептеледі:

мұнда Тө - өсу қарқынының коэффициенті;
У0 - тұрақты базалық уақыттың дәрежесі;
У1 - ағымдағы уақыттың дәрежесі.
Егер динамикалық қатардың әрбір уақыттағы дәрежесін өзінің алдында тұрған уақыт дәрежесіне бөлетін болсақ, онда өсу қарқынының коэффициенті тізбектелген тәсілмен есептелген болып саналады және оны мына формула бойынша есептеледі:

мұнда Yi - ағымдағы уақыттың дәрежесі;
Yi-1 - ағымдағы уақыттың алдында тұрған дәрежесі.
Сонымен, жоғарыда келтірілген мысалдың мәліметтері қолданыла отырып өсу қарқыны екі тәсілмен есептеледі және ол төмендегідей болып келеді:
а) тұрақты тәсіл ә) тізбектелген тәсіл
1991-ж. 142 : 138 = 1,029 142 : 138 = 1,029
1992-ж. 146 : 138 = 1,058 146 : 142 = 1,028
1993-ж. 148 : 138 = 1,072 148 : 146 = 1,014
1994-ж. 151 : 138 = 1,094 151 : 148 = 1,020
1995-ж. 154 : 138 = 1,116 154 : 151 = 1,020
Осы екі тәсілмен есептелінген коэффициенттердің арасында мынадай байланыс бар:
1) тізбектеліп есептелінген коэффициенттердіц көбейтіндісі түрақты коэффициентке тең болады:
Тр1991 • ТрІ992 • Тр1993 • Тр1994 •ТрІ995 = Тр1990-1995= = 1,029 • 1,028 • 1,014 • 1,020 • 1,020 = 1,116;
2) тұрақты екі коэффициенттің бір-біріне қатынасы тізбектелген коэффициентке тең болады.
Тр1990-1995 : Тр1990-1994 = Тр1995 = 1,116 : 1,094 = 1,020.
Өсу қарқынының коэффициентін (Тр) 100-ге көбейтіп, оның процентін (Тк) есептеуге болады. Ол мына формула арқылы көрсетіледі:
- тұрақты тәсіл;
- тізбектелген төсіл.
Төменде өсу қарқыны процент есебебімен берілген:
а) тұрақты тәсіл, %
1991-ж. 1,029 х 100 = 102,9
1992-ж. 1,058 х 100 = 105,8
1993-ж. 1,072 х 100 = 107,2
1994-ж. 1,094 х 100 = 109,4
1995-ж. 1,116 х 100= 111,6
б) тізбектелген тәсіл
1,029 х 100 = 102,9
1,028 х 100 = 102,8
1,014 х 100 = 101,4
1,020 х 100 = 102,0
1,020 х 100 = 102,0


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет