Динамикалық Қатарлар туралы түсінік және оның түрлері


-сурет. Динамикалық қатардың көрсеткіштерін тұрақты жөне тізбектелген тосілмен есептеу үлгісі



бет6/16
Дата09.10.2022
өлшемі474,5 Kb.
#42059
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
1-сурет. Динамикалық қатардың көрсеткіштерін тұрақты жөне тізбектелген тосілмен есептеу үлгісі

Осы көрсетілген тәсілдердің қайсысын қолдану керек екендігін анықтау алдағы тұрған талдаудың міндетімен тығыз байланысты болады. Олай болса, осы айтылғандарымызды толық дәлелдеу үшін Қазақстан бойынша көмір өндірудің динамикалық қатарына талдау жасайық және оның көрсеткіштері 11.5-кестеде (шартты түрде) келтірілген:


5-кесте Қазақстан бойынша көмір өндіру, млн. тонна

Жылдар

1990

1991

1992

1993

1994

1995

Өңдірілген көмір

138,0

142,0

146,0

148,0

151,0

154,0

Енді осы берілген мысал бойынша жоғарыда айтылған динамиканың негізгі көрсеткіштерін екі тәсіл арқылы есептейік.
Нақты (абсолютгік) өсім. Бұл динамикалық қатардың жай түрі болып саналады. Мұнда динамикалық қатарда көрсетілген көрсеткіш дәрежелерінің белгілі бір уақыт аралығындағы нақты (абсолюттік) өсу немесе кему жылдамдығының мөлшерін анықтау үшін есептеледі. Нақтты (абсолюттік) өсімнің шамасы салыстырылып отырған көрсеткіш дәрежелерінің айырмасына тең болады және оның мәні оң не теріс шамаға немесе нөлге тең болуы да мүмкін.
Егер әр уақыттың дәрежесінен белгілі бір тұрақты базалық уақыттың дәрежесін шегеретін болсақ, онда нақты (абсолюттік) өсім тұрақты тәсілмен есептелінеді. Ал ол мына формула бойынша табылады:
Δтұрақты=Yi-Y0
мұнда Δ - нақты (абсолютті) өсім;
Y0 - тұрақты базалық уақыттың дәрежесі;
Yi - ағымдағы уақыттың дәрежесі;
і - қатардың реттік нөмірі.
Егер уақыттың дәрежесінен өзінің алдында тұрған уақыт дәрежесін шегеретін болсақ, онда тізбекті тәсілмен есептелген нақты (абсолюттік) өсім анықталады және оған мына формуланы қолданамыз:
Δтізбекті=Yi-Yi-1
мұнда Yi - ағымдағы уақыттың дәрежесі;
Yi-1 - ағымдағы уақыттың алдында тұрған дәрежесі.
Енді осы келтірілген формулаларды қолдана отырып, жоғарыдағы мысалдан нақты (абсолюттік) өсімнің екі тәсілмен есептегенде төмендегідей көрсеткіштері алынады:
а) тұрақты тәсіл, млн. тонна 1991-ж. 142,0 - 138,0 = 4,0 1992-ж. 146,0 - 138,0 = 8,0 1993-ж. 148,0 - 138,0 = 10,0 1994-ж. 151,0 - 138,0 = 13,0 1995-ж. 154,0 - 138,0 = 16,0
ә) тізбектелген тәсіл, млн. тонна 142,0 - 138,0 = 4,0 146,0 - 142,0 = 4,0 148,0 - 146,0 = 2,0 151,0 - 148,0 = 3,0 154,0 - 151,0 = 3,0
Осы келтірілген уақыт ішіндегі (1990-1995) нақты (абсолюттік) өсімнің шамасы соңғы уақыт дәрежесінен бастапқы уақыт дәрежесін шегергенге тең болады, яғни Δабс=Yn-Y1=154,0-138,0=16,0 млн. тн., ал егер нақты (абсолюттік) өсім тізбектелген тәсілмен есептелсе, онда ол осы барлық уақыттағы өсімнің қосындысына тең болады:
Δабс = ΣΔабс = 4 + 4 + 2 + 3 + 3 = 16 млн. тонна.
Сонымен нақты (абсолюттік) өсім динамикалық қатарлар дәрежесінің әрбір кейінгі уақыттың алдыңғы уақыттан сандық шамасы бойынша қаншаға азайғанын немесе көбейгенін көрсетеді.
Динамиканың дәрежелерін зерттеу кезінде нақты (абсолюттік) өсімнен басқа қорытындылаушы көрсеткіш ретінде, яғни қоғамдық құбылыстар мен процестердің өзгеру жылдамдығын сипаттайтын салыстырмалы шамалар да қолданылады. Оған жататындар: өсу мен өсім қарқыны.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет