Діни мазмұнды шығармалардың тақырыбы мен идеясын саралаңыз, оларды зерттеген ғалымдар шығармаларына шолу жасаңыз


Зар заман ақындарының шығармаларын саралаңыз, ондағы дін тақырыбына арналған өлеңдердің ерекшеліктерін түсіндіріңіз



бет52/67
Дата07.01.2022
өлшемі171,84 Kb.
#19580
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   67
Байланысты:
Діни мотив

28.Зар заман ақындарының шығармаларын саралаңыз, ондағы дін тақырыбына арналған өлеңдердің ерекшеліктерін түсіндіріңіз.

Қоғамда болып жатқан өзгерістерге өзіндік көз қараста болған және сол бағытта жырлаған ақындарды М.Әуезов « Зар - заман » жыршылары  деп атаған болатын  және әдебиет тану тарихында да олар осылай айтылды. Тарих ғылымының докторы М.Қойгелдиев отаршылдық бұғауына мықтылап байлаған халықтың мың -мұхтажы мен  қайғы - қасыретін жырлаушыларды « Зар -заман » мектебінің ойшылдары деп атады. Бұл термин алғаш 1927 жылы енгізілген еді.

Зар - заман кезеңінде ғұмыр кешкен орталық езгіге түскен қазақ халқының тағдырын мұң – зармен жырлаған ақындар шоғыры. Оның белгілі өкілдері : Дулат Бабатайұлы , Шортанбай Қоңайұлы, Мұрат Мүмкейұлы, Әбу бәкір Кердері, Аубан Асан , т.б. Мұхтар Әуезов Аблай хан тұсынан Абайға дейінгі жүз жылға ұластырып Нарманбетпен аяқталды. зар – заман тұсынан қазақ әдебиеті жазбаша сипат алғанын отан көрсетеді. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы бұрынғы қалыптасқан құндылықтардың өзгеруі , елді басқару жүйесінің басқа санатқа ауысуы, отаршылдықтың белең алуы, халықтың қатты күйзелуі Зар- заман ақындарын тарих сахнасына шығарған. Олар халықтың жай күйін ойлаған үлт- қайраткерлері ретінде танылды. Олардың шоғырлары халықтың салт- дәстүрлерді қабығы бұзылмаған қалпында сақтауға , ұлттың – бітімімен ажырамауға үндейді.

  Қазақ халқының шырайлы жерлерін алып, аздырып, діннен аулақтату сияқты империялық пиғылдар жүзеге асуына қарсыласы қозғалысы Зар –заман ақындарының қайраткерлік поэзиясын өмірге әкелді. Бұрынғы жыраулар поэзиясын үндесіп өршіл рух, әсіресе, Мұрат Мөнкеұлының    

(1843 – 1906 ) жырларынан айқын байқалады . Зар – заман ақындарының шығармаларындағы ұлттық болмысы , қазақы қадір – қасиеті сақап қалуға үндеген , ой – пікірлер жанаймен шарасыздықпен соңғы төзімді сарқа айтылғандығымен ерекшеленеді. Мұндай өлеңдермен болжамдықтың бұғауына бас игісі келмеген ұлт қайраткерлерінің  өршіл үні  айқын аңғарылады. Зар –заман ақындарының шығармаларында сары уайымға салыну, қайғы – мұңға берілу сарыны да байқалады. Бұл кезең ақындары келер күннен үміт жоқтығын налыйды, тығырықтан шығатын жол таппай қыйналады. Олар елдің барлық түсінен Нәубетті ақыр заманың келгені деп ұғады. Зар – заман мектебінің аса ірі өкілдерінің бірі – Шортанбай Қанайұлы ( 1818 – 1881 ) « зар – заман » атауы да ақынның сол дәуір халін жырлаған өлеңдерінің бірінің атынан алынған. Концерватор ақын қасиетті Түркістан маңында дүниеге келіп, қарқаралы өңірінде өмір сүреді. Ол патша өкіметінің отарлау саясатының қазақ халқының болмыс тіршілігіне кері әсер еткенін , көптеген қайшылықтарды алып келгенін, заманның азғанын , әдеп-ғұрыптың тозғанын, ел – жұртта береке қалмағанын шығармаларының басты тақырыбы етіп алады. Қазақ  халқының дәстүрлі шаруашылығы мен тұрмыс салтына едәуір ықпал еткен капиталистік қатынастарды қабылдамаған ақын халық өмірінде болып жатқан өзгерістерге сын көзбен қарады.
Асылық азған заманда,

Алуан- алуан жау шықты.

Арам, араз хан шықты.

Қайыры жоқ бай шықты,

Сауып ішер сүті жоқ,

Мініп көрер күші жоқ,

Ақша деген мал шықты,-

деп ол бірде қазақ даласына келген сауданы айыптаса, елдің бас көтерер азаматтарының байлыққа құнығуын, қанаудың күшейгенін сынға алады.


Заманның бұзалғанына наразы болған ақын «әуелгі заманның » енді қайта келмейтіндігіне « құдасы жоқ құлдың , қонысы жоқ байдың » озатынына , « байдың тілін жарлы алмай, ханның тілі қара алмай » өздері де жөнін біле алмайтынына қынжылыс білдіреді. « заман оңайлар еді, бірақ оған әуелден бас білдірдің » деп осы жағдайға душар еткендерді ренішін айтады Елде ұрлық пен парақорлықтың , өсек пен жалақорлықтың көбейін, ұлы атасын сыйламаған , атасы батасын бермеген әлеуметтік құбылысты заманақырға теңеген шортанбай оның себебін патша өкіметінің отарлау саясатынан іздейді. Шортанбай ақырзаманды «бүкіл адамзат ұрпағының » жойылуы деп ұқпайды. Оның ойынша , «ақырзаман »бұрынғы әдет – ғұрыптың бұзылуы адамдар арасындағы сыйластық байырмалдықтың азаюы әркімнің өз басын күйттеуі, қазақ халқының өз еркіндігінен айырылуы , орысқа бодан болуы. Хандық билікті аңсаған ақын « Жандарал ұлығың , майыр сынғаның болды », «кәпірді піріндей  тілмәшті жеңгендей дуанды үйіндей көрдің », енді сені күтіп « абақты тұр қасында , қазылған қара көріндей » деп сақтандырады.

Зар – заман ақындарының көпшілігіне тән ерекшелік – келешекті көрегендікпен болжап , алдағы уақыттағы ел сипатының өзгерісін қолмен ұстап, көзбен көргендей бейнелеп айтуы. Мұндай болжам өлеңдер Зар – заман ақындарының шығармашылығын алғашқы бастапқы кезеңінде , яғни отарлаушылардың ойранынан бұрынырақ айтылғандығы мен құнды . бүгінгі көз қарасақ тұрғысынан қарасақ олардың ойлаған қауіпі расқа айналғанына куә боламыз. Бұл ақындардың ішінде  өлең – жырдың бар қуатын пайдаланып, ата – баба дәстүрімен астарлай айтып, батыс пен шығыстан келетін кесапатты бірдей болжап бергені. Дулат Бабатайұлы (1802 - 1874).

Зар – заман ақындарының қайраткерлік биікке көтерілуі отаршылдықдықтың белең алунан басталады. Жыр жүйріктерін бар құдреті бар қабілеті ел жұртының санасын оятуға жұмсалды. Олар қатерді, зорлық – зомбылықты , алдын – ала ескертті, зардаптарын күнілгері таңба басқандай айтып берді. Елдің берекетін кетірген отарлаушылардың құбыжық кейпіндегі  бейнесін жасады. Солардың ойранына жол ашқан өз халқының кейбір жандайшаптарын айаусыз сынға алды , кей тұста ел бірлігінің келместігін де түйреп өтті. Зар-заманның бүкпесіз баяндалған оқиғаларын кейінгі ұрпаққа аманат етіп қалдырды. Зар-заманның бүкпесіз баяндалған оқиғаларын кейінгі ұрпаққа аманат етіп қалдырды. Зар-заман ақындарының шоғырының белгілі өкілі – Дулат  Бабатайұлы қазақ халқының дәстүрлі жыр үлгісін түр жағынан өзгертіп, өлеңді көркемдеп кестенің жаңа үлгісін жасады. Аталған ақындардың қай қайсысында  ұлттық поэзиямыздың мазмұны жағынан байытуға үлес қосты. Кеңес идеология үстемдік еткен кезде Зар – заман ақындардың шығармаларын насихатттауға тиым салынды , олар барлық оқулықтардан алынып тасталды. Соған қарамастан зар –заман ақындарының шығармалары әр жылдарда зерттеу нысанасына айналды. Қазақ әдебиетін тариқын оқып – үйренуге арналған ғылыми жинақтарда олардың кейбір олең тұлғаулары жарық көрген тұстарында болды. Мысалы , 1978 жылы Ленингратта басылып шыққан , « Поэты  Казахстана » жинағында - (құрастырған М.Мағауин ) Зар – заман ақындарын отаршылдыққа қарсы жазылған бір қатар өлеңдері орыс тілінде жарық көрді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет