Диплом алдындағы педагогикалық практикасы оқытудың, оқу жоспарларының бір бөлігі болып табылады, ұзақтығы


Мектептің нормативтік құжаттамасы. Ұйымдастыру тәрбиелік процесс



бет3/8
Дата19.06.2023
өлшемі342,27 Kb.
#102419
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
отчет 1 сн (Автосохраненный)

1.3.Мектептің нормативтік құжаттамасы. Ұйымдастыру тәрбиелік процесс.
Мектептегі оқу процес заңдармен, нұсқаулықтармен және нормативтік құжаттамаға сілтеме жасайтын басқа да актілермен айқындалатын талаптар мен ережелердегі нормаларды ескере отырып құрылады. Нормативтік құжат - әртүрлі түрлерге қатысты ережелерді, жалпы принциптерді немесе сипаттамаларды белгілейтін құжат әрекеттері немесе олардың нәтижелері. Практика барысында оқытушының нормативтік құжаттары зерделенді. Нормативтік құжаттама мыналар негізінде жүзеге асырылады:
1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы.
2. Қазақстан Республикасының «Бала құқықтары туралы» Заңы.
3. «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.
4. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы.
5. Қазақстан Республикасындағы білім беру тұжырымдамалары (2015ж Астана, Ұлттық ғылым академиясы Алтынсарин атындағы білім беру).
6. Қазақстан Республикасы Президентінің «Республика мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормалары мен мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы .
Құжаттар: қысқа мерзімді сипаттағы ұйымдық құжаттар, мекеменің әкімшілік құжаттары. Олар бойынша бөлінеді
1.4. Мектеп туралы мәлімет
«Әуезов орта мектебі» алғашында бастауыш мектеп ретінде 1934 жылы құрылған. Кейін 1940 жылы жетіжылдық 1958 жылдан орта мектеп ретінде қызмет атқарып келеді. Алғашқы түлектер орта білімді 1961 жылы бітірді. 2012 жылы «Әуезов орта мектебі КММ» болып ауыстырылды. Мектеп 1978 жылы 364 оқушыға арнап салынған типтік, үш қабытты ғимаратта орналасқан, «Әуезов орта мектебі» Солтүстік Қазақстан облысында орналасқан Ақмола, Павлодар облыстарымен шектеседі. Қазіргі таңда мектепте 31 мұғалім еңбек етіп жүр. Өзiнiң 80 жылдык тарихында Әуезов орта мектебі талай ізгiлiктi iстердiң куәсі болып, бүгiнде өз шәкiрттерiне бiлiм мен тәрбиенiң алтын ордасы кызметiн атқарып келеді. Мектептiң тарихына терең үнiлетiн болсақ, ең алғаш 1934 жылы бас көтерер деген азаматтары Нургали Укеев, Фазыл Кенжекеев және Қажытай Усин болып, жан-жақта шашылып жүрген 42 үйдi өздерiнiң ежелгi ата-қонысына қайта көшiрiп әкеледі. Серiктестiк мүшелерi бiрiгiп, күш жинап, бiр ескi үйдi жендеп, мектеп ашады. Діни сауаты бар алгашкы мугалiм Ерюотин Кари болды. Сөйтiп, бастауыш мектептiң негiзiнде 5,6,7 класс болып, бiртiндеп ұлгая бастайды. 1940 жылы Папанин атындағы 7 жылдық мектеп болып, жұмыс істейді. Мектеп директоры болып Үмiтжан Бекбауова бекiтiледi. Мұғалiмдер: Капыш Хасенов, Қабыл Орынбаев, Муфтак Усин, Ғаббас Бекжигитов, Мухаметкали Есенеев, Әминаш Батырбекова, Сейілбек Усин, Смагул Хасенов, Шек Ташмағанбетов, Қабиболла Ташмағанбетов, т.б. кейiнгi жылдарда Зая Хасенов, Мухамеджан Фазылов, Хамит Какенов, Талгат Бейсенбаев, Нурмак Жунiсов, Зейнолла Кәрiмжанов, т.б. Әр жылдарда мұгалiм болып жұмыс iстедi. 1958 жылы Чапаев атындағы сегiз жылдык мектеп ашылды. Сол жылы сегiз жылдық, он жылдық мектепке айналды. Алғашқы орта мектеп түлегі 1961 жылы ұшты. Он үш шәкiрт тұнғыш рет орта бiлiм туралы аттестат алды. Мектеп тарихында 300-ден астам мұғалiмдер жұмыс iстедi. 1978 жылы 12 қантарда Әуелбеков Е.Н. жене Сәрсенбаев С.Б. ерен еңбектерiнiң арқасында мектепке пайдалануға 624 орындық, 3 кабатты, жарык, жылы және өте жаксы проектiсi берiлдi. Бұл адамдардың жатқан жерi торқа болсын! 1991 жылы мектеп жанындагы көркем сурет мектебі ашылды. Оны Искаков Сағынтай Рахметкаримұлы жургiздi. 1997 жылы ұлы академик жазушы Мұхтар Әуезовтің туғанына 100 жыл толуына байланысты, мектебiмiздi М.Әуезов атындағы орта мектеп болып бекiтiлдi. Мектеп әрқашан заманнан қалмай, алдында қандай мақсаттар болса да, оларға қол жеткiзiп отыратын. Өйткені мектептi тек ақылды, қайраткер, талапты мамандар ғана басқарған. Осы өткен жылдарда мектептi бiрнеше директорлар басқарып, оның дамуына үлкен үлес қосқан. Алғаш мектеп директоры Бекбауова Үмiтжан болды. Мектеп директорлары бәрi де, жемiстi еңбек етті, соның iшiнде Мухтар Әуталиповтiң еңбегi ерекше деп, ата-аналар, тулектер үнемi еске алады. Бiр мектепте 46 жыл мұғалiм, 26 жыл директор болып істеу ерлік.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет