ҚОРЫТЫНДЫ
Сөздің дыбысталуы мен мағынасы жағынан салыстырып қарағанда, синонимдер омонимдерге қарама-қарсы тұрған лексика-семантикалық тілдік құбылыстар. Омонимдер ұғымы басқа, дыбысталуы бірдей бірнеше сөз тобын білдірсе, синонимдер, керісінше, ұғымы бір, әр түрлі дыбысталып айтылатын сөздер тобын қамтиды. Синонимдер бір ұғымды білдіретіндіктен, олар тек бір ғана сөз табына қатысты болады. Синонимдер мен омонимдердің қатарына енген сөздердің сан мөлшері де ала-құла. Қазақ тілінде омонимдік қатарға енген сөздің саны негізінде 4- 5 тен аспайды. Ал синонимдік қатардағы сездердің саны кейде қырықтан да асып жығылады.
Синонимдер мынадай белгілеріне қарай топтастырылады.1.Сөздің дыбысталуында аз да болса, тұлғалық өзгешелігі болуы қажет.2.Сөздер бір ғана ұғымды білдіруі қажет. 3.Сөздер бір ғана сөз табына қатысты болуға тиіс. Бұл үш белгі — сөздерді синоним деп танудағы басты шарт. Сонымен қатар бір сөз табынан болған синонимдер бірыңғай грамматикалық тұлғада келіп, контексте бірін-бірі алмастырған жағдайда бір ғана сөйлем мүшесінің қызметін атқаруы синонимдердің қосымша белгісі болып табылады. Дыбысталуы әр басқа болғанымен, мағынасы жақын сөздер синонимдер делінеді.
Синонимдер сөздердің жалпы мағыналық бірлестігіне қарай топтастырылады. Яғни сөздер бір ғана акиқат шындықты көрсетіп, бір ғана ұғымды білдіретіндіктен, олар синоним деп танылады. Синонимдік қатардың мағыналық бірлігі сөздерді өзара жақындатып салыстыру үшін ғана емес, сонымен қатар оларды бір-біріне қарсы қойып ерекшелеуге де негіз болады. Синонимдер бір ғана ұғымды білдіреді дегеннен олардың мағынасы нақ бірдей, әр уакытта олардың мағынасы тепе-тең болып тұрады деген сыңар жақ ұғым тумаса керек. Сөз бен сөздің мағыналық байланысы алыс та, жакын да, тікелей де, жанама түрде де бола береді. Алыстың да алысы бар, жақынның да жақыны болады. Сөз мағынасының жақындығы деген де тым кең ұғым. Мәселен, той — мейрам—мереке — думан — тамаша дегендер адам баласының қуанышы, қызықты күндерін білдіреді. Бұларды іштей «жалпыхалықтық қуанышты күңдер» (мейрам-мереке) және «жеке отбасының немесе бір ауылдың қуанышты күндері» (думан-тамаша) деп екі топқа бөлуге болады. Мұның ішіндегі той деген сөз қуанышты күндердің екі тобына да жалпылама айтылады. Өйткені бұл сөз кең мағынада да, тар ұғымда да жұмсала береді. Мысалы: Халық Абай тойын қызу қарсы алуга әзір отыр немесе Әшімбек баласының үйлену тойына дайындық жасап жатыр деуімізге болады.
Сол сияқты семіру — шелдену — майлану — тойыну —жуан-дау —толу— қоңдану дегендер жан-жануарлардың арық күйден семіз күйге айналғандығын білдіретіндіктен, синоним деп танимыз. Бұларды да мағыналық жақындығына қарай екі жікке бөліп қарауға келеді:
а) адамға қатысты синонимдер (жуандау —толу); ә) басқа жан-жануарларға байланысты айтылатын синонимдер (шелдену — майлану—тойыну— қоңдану). Ал семіру сөзі екі топқа да ортақ болып айтыла береді.
Сондай-ақ багалы-құнды-қымбат деген сындық ұғымды білдіретін синонимдердің де әркайсысына тән өзіндік ерекшелігі бар. Мәселен, багалы сыйлық, бағалы киім дегендегі мағыналық реңк құнды, қымбат сөзінде жоқ. Құнды пікір деп айтылғанымен, қымбат пікір деп айтылмайды.
Сонымен синонимдер белгілі бір ұғымды білдіргенімен, олардың арасындағы мағына жағынан толық сәйкестік, тепе-теңдік қасиет болмайды.
Синоним болып жұмсалатын мәндес сөздердің тобын синонимдік қатар немесе синонимдік ұя деп атайды. Синонимдік қатарға енген сөздердің ішінен бір сөз басқаларын мағына жағынан ұйыстыруға ұйтқы болатын тірек сөз деп тандалынып алынады. Бұл тіл білімінде доминант (тірек сөз) деп аталады. Доминант сөз мәндес сөздерді мағыналық жағынан ғана топтастырмайды, сонымен бірге синонимдік қатарларды әліппе жүйесіне келтіру үшін де мәнді қызмет атқарады. Доминант сөзді дұрыс анықтап, белгілеп алмай синонимдерді тәртіпке келтіру мүмкін емес. Сондықтан синоним сөздігін жасауда доминант сөзді іріктеп, сұрыптап алуға айрықша көңіл бөлінеді. Доминант сөзге синонимдік қатардағы сөздердің ішіндегі мағына жағынан ең айқын, стильдік мәні жағынан бейтарап, жалпы халыққа соншалықты танымал дегендері ғана таңдалынып алынады. Синонимдік қатарға топтастырылатын сөздердің шегін олардың логикалық бірлігіне қарап қана ажыратуға болады. Әрбір синонимдік қатардағы сөздер негізінен екі кезеңнен өтеді. Алғашқы кезеңде сөздер жалпы мағыналық бірлігіне қарай, ұқсастыру негізіңде синонимдік қатарға топтастырылады. Ұқсастыру бір ұядан туатын жалпы ұғымға бағыңдырылады. Жеке сөздің қара басындағы өзгешелік бұл кезеңде есепке алынбайды. Мәселен, ас—тамақ—дәм— агам —ауқат дегеңдер адам баласының жейтін қоректік затын білдіретіндіктен, ең әуелі бір синонимдік қатарға топтастырылады. Бұлардың бір-бірінен ажырататын езгешеліктерін саралау—екінші кезеңдегі істелетін жұмыс. Синонимдік қатардағы сөздердің ұқсастығын табудан гөрі олардың бас-басына тән өзгешелігі мен ерекшелігін табу әлдеқайда қиын жұмыс. Синонимдер бір-бірінен мағыналық ренкі жағынан, стильдік мәні және басқадай сөздермен өзара қарым-қатынасқа түсіп, қолданылуы жағынан үш түрлі белгілері арқылы ажыратылады.
Тілдегі синонимдер әр түрлі жолдармен пайда болады. Қазақ тіліндегі синонимдердің келіп шығуының мынадай жолдары бар:
Синонимдер көп мағыналы сөздердің есебінен жасалған.
Мысалы: көз—жанар — сұқ көз —әйнек; көз —жасу, көз—бұлақ — бастау —қайнар; арту—асу—озу; арту—көбею—молаю; әлді — күшті — мықты —қарулы—әулетті—әндемді; әлді — ауқатты — дәулетті — қуатты — бай; тура — тік —түзу — тіке; тура — дұрыс — жөн; тура — дәл — шақ т. б.
Синонимдер сөзжасам тәсілдері арқылы пайда болған:
а) аффикстер арқылы: ауыздық — сулық, жемтік — өлімтік, басшы —жетекші, жемқор—парақор, өнім — түсім, ақылды —есті, маңызды — мәнді, сүтті — құнарлы, қанагатсыз — тойымсыз, берекесіз — құтсыз, — дайынсыз, ажарлау — өңдеу, ұсақтау майдалау, жоғарылау — ілгерілеу, азайту — кеміту, қоштау —мақұлдау т. б.; ә) біріктіру арқылы: ақсақал — отағасы, еңбекақы жалақы, қанішер — қанқұйлы — қаныпезер, доғабас — айылбас т. б.;
б) қосарлау арқылы: ат-тұрман — ер-тоқым; жоқ-жітік—кедей-кепшік — жарлы-жақыбай; алқын-толқын —аумалы-төкпелі; өліп-өшу — сүйіп-құшу —айналып-толгану, жыгылып-сүріну — сүрініп-қабыну, зым-зия — ұшты-күйді, іле-шала — әп-сәтте — жалма-жан т. б.; в) тіркесу арқылы: иіс су — иіс май, іш мерез — жылым құрт, көк ет — бауыр ет; г) омонимдер арқылы: тартпа — суырма, тартпа — төс айыл — алдыңгы айыл, табандау —ұлтандау, табандау — сіресу — қасарысу —қырсыгу — қыңыраю т. б.
3. Синонимдер кірме сездер арқылы пайда болған:
а) араб сөздері арқылы: халайық (халаиқ) — халық, жұрт, көпшілік; ақиқат (хәқиқат) — шындық, растық; отан (уэтан)
— ел, туган жер; әскер (гәскәр) — жасақ, қол, шеру, қосын; уәлаят — (уилаят) — өлке, облыс т. б.;
ә) парсы сөздері арқылы: батыр (баһадор) — батыл, ер; дихан (дәһқан) — егінші; шәкірт (шагирд) — оқушы; мейман (меһман) — қонақ; зор (зур) — үлкен, дәу т. б.; б) монғол сөздері арқылы: аймақ (аймаг) — өңір — атрап — төңірек — маңай; жасақ (жасаг) — әскер,қол; дарқан (дархин) — жомарт, мырза, кең пейіл; үдере (өдер) — жедел, тоқтаусыз, жаппай; шешен (сәцен) — ділмар — сөзшең т. б.; в) орыс сөздері арқылы: бөтелке (бутъшка) — шыны, шөлмек; шен (чин) — атақ, дәреже, лауазым; бишік (бичик) — өгіз қамшы; кір (гиря) — таразы; сома (сумма)— ақша, баға, құн, рет (ряд) —мәртебе. т. б.
4. Синонимдер диалектизмдердің есебінен жасалған. Диалектілік синонимдер әдеби тілдегі сөздермен мағыналас, мәндес
келуіне қарай екі топқа бөлінеді: а) сыртқы тұлғасы (дыбысталуы) бөтен (әдеби тілде кездеспейтін), бірақ әдеби сөзбен
мағынасы үйлес келетін сөздер. Мысалы: аданас — аталас,
агайындас; атайман — өте, тым, аса; атымды — құнарлы,
шығымды; башалау — салалау, жіктеу, жекелеу; дәйіс —
ұятсыз, арсыз т. б.;
ә) сыртқы тұлғасы таныс (әдеби тілде кездесетін), бірақ білдіретін ұғымы басқа сөздер. Мысалы: астана — табалдырық; жар — қабырга; жедел— ерегес, жан-жал; көң — қыстау; сым — шалбар; сулулату — піштіру, кестіру; талап — жумыс; таға — нагашы; тонау — сонау, анау; ұрпақ — кебек т. б.
5. Синонимдер табу мен эвфемизмдердің есесінен молайған.
Мысалы: әулие-шешек, ит құс — қасқыр; жасыл — жай, найзагай;
қолды болу — ұрлану, жоғалу; күн байыды — күн батты, кешкірді—көңіл жақын — әуей, тамыр; аягы ауыр — жүкті, екі қабат; жасы ұлгаю— қартаю; дүние салды — өлді, қайтыс болды т. б.
Қазақ тілінің синонимикасы негізінен өзінің ішкі мүмкіншіліктері арқылы байыған. Сонымен қатар өзінде жоқты өзге тілдерден ауысып алу нәтижесінде де кемелдене түскен.
Тілдегі синонимдер үш түрге бөлінеді: а) мағыналық синонимдер, ә) стильдік синонимдер, б) мағыналық-стильдік синонимдер.
Әрқайсысының өзіне тән мағыналық реңкі бар, стильдік жағынан шектелмейтін, тілдегі барлық салада талғаусыз, жалпылама қолданыла беретін синонимдер мағыналық синонимдер деп аталады. Мысалы: абырой — бедел — қадір, азайту — алу — кеміту — шегеру, батыл — өжет — өткір т. б.
Тіліміздегі сөздер өз мағынасына қарай түрлі топтарға бірігп отырады. Көп мағыналы сөздер жеке-жеке ұғымды білдіргендіктен, олардың әрбір мағынасы бөлек-бөлек синонимдік қатар құруға себепші болады. Жалпы адамзат тілі қоғам тарихымен тығыз байланысты. Қай халықты алсақ та оның басынан өткен қилы-қилы кезеңдері сол халықтың тіліне ізін қалдырмай тұрмайды. Себебі, сөз тарихы тіл тарихымен бірге, тіл тарихы халық тарихымен, халық тарихы қоғам тарихымен тығыз байланысты. Қазақ тілі синонимдерге өте бай.
Тілдегі синонимдер – қоғамдық -әлеуметтік факторларға байланысты өзгеріп отыратын құбылыс. Жалпы тіл білімінде синонимия құбылысына қатысты бірқатар зерттеулер бар. Диплом жұмысына қазақ тіл білімінде – І.Кеңесбаев, Ғ.Мұсабаев, Ғ.Қалиев, М.Серғалиев, Ф.Оразбаева, А.Османова, орыс тіл білімінде – С.Г.Бережан, Ю.Д.Апресян, А.П.Евгеньева, В.А.Новиков, түркітануда Г.Амиров, Б.Абдуллаев, А.Ходжиев, т.б. ғалымдардың еңбектері негіз болды.
Сондай-ақ синонимдердің жеке ақын-жазушылар тіліндегі қызметін, сөйлем жүйесінде сөз мағынасын құбылтудағы ерекшеліктерін, жасалу жолдарын теориялық тұрғыдан саралаған ғылыми зерттеулердің де бар екендігі дәлелденді.
Қазақ тіл білімінде синонимдер, оның ішінде сөз мағынасының дамуы нәтижесінде пайда болатын лексикалық синонимдердің жалпы мәселелері зерттеліп жүргенімен, көркем әдебиетте лексикалық синонимдер, олардың тіл жүйесіндегі орны, парагдигматикасы мен синтагматикасы, жасалу жолдары, стильдік қызметі осы уақытқа дейін арнайы зерттеу нысаны болған емес.
Көркем әдебиетте лексикалық синонимдердің тілдік сипатын, қолданылу ерекшеліктерін ашу олардың синтагматикалық және парадигматикалық болмысын анықтаумен байланысты болса, лексикалық синонимдердің басқа да тілдік құбылыстардан айырмашылығы, тіркесімділік, үйлесімділік қасиеттері олардың стильдік қызметімен тікелей қарым-қатынаста болып келеді. Сондықтан лексикалық синонимдердің мағыналық тепе-теңдік, орын ауыстырымдылық қасиеттерін саралау, мағына тепе-теңдігі сақталған синонимдер мен мәндес синонимдердің ара жігін ажырату, жеке сөз бен фразеологизмдердің синонимдік сипатын, стильдік қызметін анықтау зерттеудің өзектілігін танытты.
Зерттеу жұмысында көркем әдебиетте лексикалық синонимдер, олардың парадигматикасы мен синтагматикасы, көп мағыналылығы, жасалу тәсілдері, синонимдік қатардағы үйлесімділік, гипонимия, доминант мәселелері, сонымен қатар лексикалық синонимдердің қолданылу ерекшеліктерін стильдік тұрғысынан анықталды..
Ғылыми жұмыста лексикалық синонимдердің лингвистикалық сипаты, стильдік ерекшеліктері анықталды және тіл біліміндегі жалпы синонимияға қатысты үйлесімділік, гипонимия, полисемия тәрізді күрделі мәселелер тілдікашылды. Диплом жұмысында төмендегі міндеттер жүзеге асты:
-лексикалық синонимдердің парадигматикалық және синтагматикалық ерекшеліктерін айқындалды;
-синонимдердің үйлесімділік қасиеттері, айырым белгілері ажыратылды;
-көнерген сөздер мен кірме сөздерден жасалған синонимдердің қазіргі тілдік қолданысты мүмкіндіктері, үлес салмағы көрсетілді;
- көркем әдебиетте синонимдердің стильдік мәнін анықталды;
-фразеологиялық синонимдер қатары белгіленіпп, олардың мақал-мәтелдермен арақатынасы сараланды.
Осының негізінде қол жеткізген жаңалықтар қатарына мыналарды жатқызуға болады:
-лексикалық синонимдер мен фразеологиялық синонимдердің стильдік ерекшеліктері ашылды.
-лексикалық синонимдердің тепе-теңдігі ұғым түсініктерінің бірдейлігіне қатысты екендігі көрсетілді.
Достарыңызбен бөлісу: |