Дипломнан кейінгі білім беру факультеті жалпы клиникалық пәндер және жедел жәрдем кафедрасы



Pdf көрінісі
бет49/51
Дата22.12.2023
өлшемі1,56 Mb.
#142614
түріДиплом
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51
Клиникалық жағдай №21 
22 жастағы науқас, тракторист клиникаға келесi шағымдармен түстi: 
күш түскендегі ентiгу, оң қабырға астының ауырсынуы, бетiнiң, 
мойынының, iшiнiң iсiнуi.
Анамнезiнде: үш жыл бұрын жұмыста жарақат алып торакаль 
хирургия институтында кеуде сарайының сол жағынан бөгде зат алынып 
тасталған. Жоғарыдағы шағымдар 3 ай бұрын мазалай бастады. 
Объективтi: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Төсекте басын 
төмен салып жатыр. Беттерi домбыққан, мойын веналары томпайған
цианоз. “Стокс жағасы” бар, оң қабырға астын басқанда мойын 
веналарының iсiнуi күшейе түседi (оң Плеш симптомы). Өкпе үстiнде 
везикулалық тыныс. Жүрек ұшы түрткiсi систола кезінде ішке тартылады 
(Сали-Чудновский симптомы). Жүрек шектерi өзгермеген. Аускультацияда 
жүрек тондары әлсiз, шоқырақ ырғағы естiледi, iшi ұлғайған, “медуза 
басы” симптомы, перкуссияда сұйықтықтың деңгейi анықталды. Бауырына 
баллотациялық пальпациялау жүргiзгенде өлшемдерi ұлғайған, әсiресе сол 
бөлiгiнің. Талақ өлшемдерi 11,0х8,0 см.
ЭКГ: Р тiсшесi биiк, qRS комплексi тiсшелерiнiң вольтажы өте 
төмен, Т тiсшесi терiс. ФКГ: барлық нүктелерде, әсiресе L
5
, R
4
II-ші 
тоннан 0,11 секундтан соң қосымша тон тiркелген. Ол тонның 
осцилляциясы II тоннан биiк.
Өңеші контрасталған рентгеноскопияда жүрек өлшемдерi кiшкентай, 
контурларының тiсшеленгені дәлелденді. 


95 
1.
Жүрек аускультациясындағы тондар өзгерісінен, ФКГ мәліметтерінен 
патогномды симптомды табыңыз. 
2.
Тексеру жоспарын құрыңыз, парадокс пульсін анықтау сынамасын 
жүргізіңіз. 
3.
Негiзгi клиникалық синдромдарды (симптомдарды) негiздеңiз. 
4.
Клиникалық диагнозы. 
№21. Жауаптары:
1. Барлық тыңдау нүктелерінде протодиастолада тіркелетін қосымша 
тонның даму механизмі – перикардтық болғандықтан перикард тоны (ор.: 
перикардотон) аталады, тек констрикциялық перикардитке тән белгі. 
2. Клиникалық минимум, бауыр сынамалары, оның УДЗ, фтизиатр кеңесі 
(травма болғанымен), ЭхоКГ. Науқасқа тынысын ішке терең алдырғанда 
пульс толқыны әлсірейді немесе жоғалады (Куссмаульдің парадокстік 
пульсі). 
3. Бектің триадасы:
* “кіші, тыныш, жиі жүрек”; веналық гипертензия синдромы; ісіну-
асциттік синдром.
“Кіші, тыныш, жиі жүрек”, веналардың қысылу 
синдромы дамығанда науқастардың аяқтарында ісіну мардымсыз болады, 
тіптен болмайды, портальді гипертензия дамиды (Пиктің псевдоциррозы – 
дер кезінде операция жасалса бауыр қызметі қалыптасады);
* жүрек шамасыздығы синдромы, ерекшелігі науқасты ентігу қанша 
мазаласа да ортопноэ ешуақытта болмайды. 
4. Негізгі ауруы: Констрикциялық перикардит. 
Асқ.: ЖШФК
IV
. Бауырдың жүректік фиброзы? 


96 
ТІРКЕМЕЛЕР 
Тіркеме 1 
Жүректің шулармен сипатталатын ақауларына қысқаша ізденіс 
алгоритмі 
(жүрек аймағындағы шу – жүректің ақаулық синдромының жетекші 
белгісі) 
Митраль стеноз 
белгісі диастолалық шу (ДШ) + 
бөдене ырғағы + ЭКГ-да – P mitrale 
Митраль қақпақтары шамасыздығының
белгісі
систолалық шу (СШ)+ әлсіреген I тон + ЭКГ-да – 
СҚГ, СЖГ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет