Диссертация Ғылыми жетекші Мадалиева Забира Бекешовна, психология ғылымдарының докторы



бет23/52
Дата06.04.2022
өлшемі0,94 Mb.
#30024
түріДиссертация
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   52
Білім беру ортасын кәсібилендіру ұстанымы ең алдымен, университеттің білім беру ортасында алдағы кәсіби қызметке жақын жағдайларды жасауды көздейді, яғни педагог-психологтың белгілі бір қызмет түрлері үшін нақты жағдайларды модельдеу мүмкіндігін қамтамасыз ету. Бұл принциптің қолданылуы диагностиканың рөлін сезінуге ықпал ете отырып, студенттің білім, білік, дағдысы мен құзыреттілігінің қандай аймақта жеткіліксіз екенін сезінеді, бұл оның жеке траекториясын түзетуге мүмкіндік береді.

Оқытудың тәжірибелік бағыттылығы ұстанымы болашақ педагог- психологтардың оқу іс-әрекетін кәсіби ортаға жұмылдыру барысындадиагностикалық құзыреттіліктерін қалыптастыруды, сондай-ақ оқытудың тәжірибелік-бағыттылық әдістерін қолдануды көздейді. Бұдан бөлек аталған ұстанымының қолданылуы әртүрлі циклдегі пәндерді шоғырландырып оқытуды қолдану, арнайы курстар мен тренингтер жүргізу мүмкіндігіне ие болуды қамтамасыз етеді.

Болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттіліктерін қалыптастыру үдерісіндегі ішкі мотивация ұстанымының қолданылуы ең маңыздыларының бірі болып табылады, себебі мотивация – белсенділіктің көзі, сондықтан мотивацияның жоғары дәрежесіне жету маңызды педагогикалық міндеттердің бірі болып табылады.

Оқыту үдерісінде болашақ педагог-психолог неге белгілі-бір білім беру материалын оқып білуі керек және алынған білімдерін алдағы кәсіби қызметінде қалай қолдануға болатынын білуі керек. Оқу материалдарын алдағы кәсіби іс-әрекеттерде қолданудың нақты фактілерін түсіндірмей беру олардың қызығушылықтарын арттыра алмайды [162].

Механикалық есте сақтау «жаттандылық» оның әртүрлі кәсіби міндеттерді шешудің әдісі ретінде емес, қолдану үшін ғана қолайлы. Жалпы білім беру циклінің пәндерін оқытудың бұл тәсілі үлгерімі жақсы студенттерге сабақта бұрын меңгерген білімдерін қолдануға мүмкіндік береді.

Танымдық қажеттіліктер студенттер үшін болашақ кәсіби қызметке арналған оқу материалының маңыздылығын түсінген кезде пайда болады, ол кәсіби және өмірлік маңызды сұрақтарға, барлық қызықты және тәжірибелік қолдануды табуға мүмкіндік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет