Диссертация Ғылыми жетекші Мадалиева Забира Бекешовна, психология ғылымдарының докторы



бет26/52
Дата06.04.2022
өлшемі0,94 Mb.
#30024
түріДиссертация
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   52
БАҒАЛАУ-НӘТИЖЕЛІК КОМПОНЕНТ
Диагностикалық құзыреттілік деңгейлері

Педагог- психологтың диагностикал ық құзырет- тілігін қалып- тасу деңгейі- нің диагнос- тикасы


Интуи- тивті

  1. О.И. Дорофеева бейімдеуімен, Д.И. Михайлова әзірлеген “Болашақ педагог- психологтардың диагностикалық қызметінің мотивациялық доминанттарын талдау” сауалнамасы

  2. “Педагог-психологтың диагностикалық құзыреттілігін зерттеу” авторлық әдістемесі.

  3. Коммуникативтік ұйымдастырушылық бейімділікті анықтау әдістемесі. “(Б.А. Федоришин)

  4. О.В. Козловскаяның интеллектуалды құбылмалылық тесті

Репродук- тивті
Шығармашылық

Нәтиже: жоғары деңгейдегі диагностикалық құзыреттілігі қалыптасқан педагог-

психолог


Диагностикалық зерттеу дизайнын ойластыру, диагностикалық бақылау картасын жасау, диагностикалық зерттеу бағдарламасын құру, диагностикалық сұхбат жүргізу, диагностикалық зерттеу қорытындысын жасау, психоагностикалық ақпаратқа талдау жасау, диагностикалық материалдарды күнделік және хаттамалар түрінде ұсыну және т.б. болашақ педагог-психолог студенттердің диагностикалық біліктерін игеруге ықпал етті.

Үшінші кезең - қорытынды, бұл кезеңде педагог-психолог-диагностиктің диагностикалық іс-әрекетін нақты жағдайда модельдеу жүргізілді.

Модельдің бағалау-нәтижелік компоненті диагностикалық құзыреттіліктің (интуитивті, репродуктивтік, шығармашылық) өлшемдері мен көрсеткіштерінің қалыптасқандығы деңгейін жасаумен байланысты (3 бөлім 3.1 тармақшадан қараңыз).

Ұсынылған модельде студенттерді тәуелсіз диагностикалық іс-әрекетте

«ойға шомдыру» негізгі формасы, сол кезде студенттер нақты жағдайда диагностикалық білімдер мен дағдыларды қолданатын үздіксіз педагогикалық тәжірибені бастан өткізеді. Диагностикалық құзыреттілікті қалыптастырудың осы кезеңінде студенттерді нақты диагностикалық іс-әрекеттерде «ойға шомдыру» қолданылады, бұл оларға психологиялық-педагогикалық диагностика мен диагностикалық дағдыларды теориялық және әдіснамалық білімдерін нығайтуға және болашақ кәсіптік қызметте диагностикалық құзыреттіліктің маңыздылығын тануға көмектеседі.

Сонымен, болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыруды қамтамасыз ететін модель өзара байланыстағы компоненттерден тұратын, зерттеліп отырған сапаның деңгейлері анықталған бұл бағыттағы жұмыстардың жүзеге асырылуыныңкезеңдері ойластырылған құрылым болып табылады.

Осылайша, біз ұсынып отырған университеттік білім жүйесінде болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру үдерісінің моделі төрт компоненттен тұрады.

Аталған құрылымды-мазмұндық модельге сәйкес болашақ педагог- психологтардың диагностикалық құзыреттіліктерін қалыптастыру үдерісінде күтілетін нәтиже бізге университеттік білім беру жүйесінде диагностикалық құзыреттілік қалыптасуының жоғары деңгейіндегі болашақ педагог-психолог ретінде көрінеді.

Университеттік білім беру жүйесінде педагог-психологтың диагностикалық құзыреттілігі қалыптасуы үдерісі әдістерін толығырақ зерттеуді диссертацияның келесі бөлімдерінде қарастырамыз.


  1. бөлім бойынша тұжырым.

Екінші бөлімде зерттеудің екінші міндетінің жүзеге асырылылуы сипатталды: университеттік білім беру жүйесіндегі болашақ педагог- психологтардың диагностикалық құзыреттіліктері қалыптасуының теориялық негіздеріне талдау жасалынды, диагностикалық құзыреттілікті

қалыптастырудың негізі ретінде психологиялық-педагогикалық диагностиканың теориялары ұсынылды.

Университеттік білім беру жүйесінің диагностикалық құзыреттілікті қалыптастырудағы құзыреттілік тұғырды жүзеге асырушы фактор ретіндегі мәні ашылып көрсетілді. Түрлі авторлардың көзқарастарын зерттей отырып бізге, университеттің білім беру ортасы бір қырынан студентке педагогикалық әсер ету құралы ретінде көрінсе, екінші қырынан бұл әсер етудің тиімділігі студенттің оны қабылдауына ықпал етеді және де үшінші қырынан шешуші мәні студенттің бұл үдерісте өз орнын сезіне білуіне, эмоциялық хал-ахуалына, өзіне деген қарым-қатынасы ретінде байқалатыны айқын көрінеді. Бұның барлығы дерлік білім беру ортасының нақты құрылымға ие екендігін нақтылай дәлелдейді, дегенмен педагогикалық ғылымда білім беру ортасының компоненттерін бөліп көрсетуге жалпы тұғырлар қалыптаспаған.

Болашақ педагог-психологтың диагностикалық құзыреттілігінің мазмұны мен құрылымы, өлшемдері мен оның қалыптасуының деңгейі анықталған қалыптасу үдерісінің моделі жасалып негізделді. Университеттік білім беру жүйесінде болашақ педагог-психологтарды диагностикалық құзыреттілік қалыптасуының құрылымдық-мазмұндық моделі өзінде оның тұтастығын қамтамасыз ететін өзара байланысты компоненттерді кіріктіруші сипатттағы үдеріс болып табылады.

Жасалынған модель барлық компоненттерінің өзара байланысы қарастырылған интегративтілігімен, кез-келген компонентке өзгеріс ендіре алу мүмкіндігі барбасқаруға икемділігімен, вариативтілік сипаты барнұсқалылығымен, студенттер үшін білім беру траекториясына түзетулер енгізе алу мүмкіндігі қарастырылған кәсіби бағыттылығымен, және университеттік білім беру ортасы ұйымдастырылған тәжірибеге бағытталғандығымен сипатталады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет