60
жүргізілген зерттеу жұмыстарының теориялық мазмұны сипатталып
жазылды. Сонымен қатар, бұл тарауда мектеп
жасына дейінгі балалардың
танымдық дағдыларын қалыптастыру барысында математикалық модельдеу
әдісіне сипаттама беріліп, жан-жақты тоқталынды.
Балабақшада математикалық білім
беру әдістемесін жасауда
Ф.Н.Блехердің еңбектеріне[19], математикалық ойлаудың негізгі
ерекшеліктерінен
туындайтын
математикалық
қабілеттің
құрамдас
бөліктерін атап көрсетіп, оның басты негізіне – балалардың қатынастары мен
байланыстар құрылымдарын қолдана білу қабілеттіктерін жатқызған
В.А.Крутецкий
еңбектеріне, неміс педагогы Август Лайдың сан және
санауға байланысты ұсынған пікіріне[47], бастапқы математикалық оқуды
нақты сандар жиынтығы арқылы, яғни жиын теориясына
негізделу қажеттігін
ұсынған А.И.Маркушевич еңбектеріне[51], балаларға санды емес,
салыстыруды үйрету керек екенін педагог А.М.Леушина зерттеулеріне [16],
отандық ғалым М.Сәтімбекованың еңбектеріне [«і]тоқталып, талқыланды.
Балаларда қарапайым математикалық түсініктерді дамыту, сан және санау,
жиын түсініктері, қарапайым
арифметикалық есептерді шығару, салыстыру,
т.б. зерттелу жағдайына қарай кезеңдерге бөлініп, сараланды.
Сонымен қатар, мектеп жасына дейінгі
ересек жас топ балаларында
математикалық модельдеу әдісін қолданып, танымдық дағдыларын
дамытудың мазмұндық-құрылымдық моделі құрылды.
Мектепке дейінгі
ересек жас тобына арналған мазмұндық-құрылымдық модельде жалпы 4
блокқа бөлініп, мақсат-міндеттермен қоса, ұстанымы, пәндері,
әдістемелер
мен әдістері және бағалау критерийлері көрсетілді.