«бұлдүние»жəне оlažun«олдүние» (ақырет) деп қолданған [10, T.1, 107 б.]. Жəдігерде мəңгілік дүние meŋgü ažun деп беріліп, жырда:
Toguptakıkalmadımeŋgüeren Ažun küni yuldızı tutčı togar «Адаммәңгіқалмайды,туса-туар Дүниенің күн жұлдызы туар-тұрар!» деп адам баласының бұл жалғанда мəңгілік емес екендігі сөз етілген [10, T.3, 506 б.]. Қамшының сабындай қысқа да жалған өмірде адамзаттың жақсылыққа ұмтылып, жақсы амал жасау керектігін Yalŋuk oglı yokazur edzü atı kalır «Адам баласы жоғалар жақсы аты қалар» деген мақал арқылы көрсетіп [10, T.3, 512 б.], Yagı erür yalŋukuŋ neŋi tawar, Bilig eri yagısın nelik sewer«Өзіне жау, адамның мал тауары, Қалай сүйсін білікті ер дұшпанын» деп, адамның мал-мүлкі, тауары өзіне жау екені жəдігерде сөз етілген [10, T.3, 513 б.]. Ескерткіш тілінде Алла тағаланың рақымы түскен сүйікті құлдарының о дүниедегі рақат орны жұмақ - ušmak түрінде көрініс тапқан [10, T.1, 149 б.]. Ал тозақ tamu деп көрсетіліп, tamu kapugın ašar tavar «тозақ есігін мал ашар» деп берілген [10, T.3, 316 б.].
Түркі халықтарының исламға дейінгі негізгі наным-сенімдерінің бірі шаманизм болған. Оның қалдықтарының осы күнге дейін қарлықтар арасында сақталғанын байқауға болады. Қарлықтардағы шамандықтың бір белгісін əуелгі орта ғасырда кеңінен тараған сиқырлы тас туралы аңыздардың болуы да дəлелдейді [19, 203 б.]. Жəдігерде жаңбыр, жел сол сияқты табиғат құбылыстарын шақыру үшін (сиқырлы) тастардың жəрдемімен дұғалау сөздікте yat деп берілген [10, T.3, 221 б.]. М.Қашқари бұл əдеттің түріктер арасында көп тарағанын, оның мұндайды йағмалардың ішінде көп көргенін айта келіп
«оларда өрт шыққанда өртті тоқтату үшін солай істеп жадылаған еді, Ұлы Тәңірдің құдіретімен жазда қар жауып, көз алдымда өрт сөнді» деп тылсым күштің құдіретіне таңғалады [10, T.3, 10 б.]. М. Қашқари «Бұл түрік елдерінде белгілі дәстүрлі әдет. Ұлы Тәңірдің құдірет-құзыретімен, жады тасына дұға оқу арқылы жел тұрғызады, жаңбыр жауғызып, суық шақырады» деген пікір айтады [10, T.2, 513 б.]. Бұдан бөлек Қашқари ақ не қара түсті, саф түзілген тасты kašдеген лексема арқылы көрстетіп, Kimiŋbilekašbolsayašınyakmas «Kіммен бірге қаш болса, жасын тимес» (Кімнің жанында қаш тасы болса, оған найзағай дарымайды) деген хикмет сөзді мысалға келтіреді. Қаш тастың ақ түсін адамдар жүзікке қондыратыны жайлы сөз етіп, «Ондай жүзікті сыйға алған адамға жасын тимейді. Өйткені оның табиғаты, жаратылысы сондай. Ол тасты бөзге орап отқа тастаса, бөз де, тас та күймейді. Бұл сыналған. Шөлдеп,сусағанадамаузынасалса,шөлінбасады» деген пікір айтады [10, T.3,
33 б.]. Көне түркі сөздігінде kaš лексемасына «минерал нефрит» деген анықтама берілген [159, 431 б.]. Қазақ халқында да соғыс кезінде аспаннан түскен сиқырлы тас «жауынның» көмегімен жау əскері үстіне қар, жауын жаудырып, найзағай түсіретін адам жадышыдеп аталған [160, 84 б.].
«Сиқырлы тас» туралы аңыздар оғыз, қарлық, қыпшақ т.б. түркі тілдес тайпалар арасында кездесіп қана қоймай, тіпті қытай, араб деректерінде де
ұшырасады. Бұл аңыздардың ертеден ғұн заманында болғанын қытай деректері дəлелдейді [19, 203 б.].
Ескерткіш тілін зерттей отырып XI ғасырда түркі əлемінде яғни қарлық тайпалық бірлестігі мен Қарахандар кезінде құрылған мемлекетте ислам дінінен бөлек басқа да бірнеше діни наным-сенімдердің болғанына көз жеткіземіз. Сөздікте будда діні burhan лексемасы арқылы [10, T.1, 494 б.] ал будда дінінің дəрежелі дінбасысы toyınдеп көрсетіліп, toyınburhankayükündi «тойын пұтқа жүгінді» деген мысал келтірілген [10, T.3, 119 б.]. Жалпы toyın сөзін М.Қашақари «біздегі имам, мүфтилер секілді ислам дінінде болмағандардың дін басы, тойын қашанда пұт алдында болып, кітаптарды, кәпірлердің хүкімдерін оқиды» деп түсіндіріп, Bir toyın bašı agrısa kamug toyın bašı agrımas «Бір дін басының басы ауырса, барлық дін басының басыауырмас» (Бұл мақал жолдас-жоралардың арасында бір нəрсені жеп жатқан жерде біреу кісілік көрсетіп астан тартынып қалғанда, басқаларын тағам алуға шақыру үшін айтылады.) деген мақалды мысалға келтіреді [10, T.3, 232 б.]. Жəдігерде сол кездегі мұсылман болмағандарды сынайтын Toyın tapugsak teŋri sevinšsiz «Тойын табынғыш, тәңірі сүйінішсіз» (мұсылман болмағандардың дін басылары Ұлы Тəңірге құлшылық етіп табынар, бірақ Ұлы Тəңір оның табынғанына сүйінбес, разы-хош болмас.) деген мақал көрініс тапқан [10, T.3, 504 б.]. Одан бөлек зерттеу нысанымызда мұсылман еместердің діндері жайлы көп мəлімет бермегеніменен христиандардың оразасы pačak [10, T.1, 471 б.], ал олардың моласы subuzganлексемалары арқылы көрініс тапқан [10, T.1, 575 б.].
Адамзат баласы белгілі бір кеңістік пен уақыт өлшемінде өмір сүргендіктен кеңістік пен уақыт ұғымдары бірін-бірі ашуға, толықтыруға, тереңірек танытуға жағдай жасайтын əмбебап категориялар болып табылады.
Ғалым Б.М. Тілеубердиев «Кеңістіктің ментальдік болмысы оның концептілігін анықтайды, яғни адамның концептілік жəне тілдік санасында ментальдік болмыс, ең алдымен, концепт немесе концептілер түрінде қызмет атқарады. Біздер тілдік санада кеңістік тектік концептіні білдіреді деп санаймыз. Оның құрылымына «аспан», «жер», «су», «тау» сияқты түрлік концептілер кіреді. Олардың өзі іштей тағы бірқатар концептілерге бөліне алады» – дейді [161, 20 б.]. Сол себепті орта ғасыр түркілердің де танымы мен тілдік санасындағы кеңістік ұғымы бірнеше микроконцептілерден тұратын макроконцептілер қатарына жатады. Түркі халықтары үшін мекен етіп отырған кеңістіктің барша сыр-сипаты мен тылсым құбылыстарын жетік меңгеру, сол кеңістіктегі істер мен құбылыстарды уақытпен байланыстыру – өмір сүрудің, тіршілік етудің басты шарты.
Ескерткіш тілінде «уақыт» ұғымы šer, türk, köš тілдік бірліктері арқылы көрініс тапқан. Сөздікте уақыт оғызша šer лексемасы арқылы көрсетіліп, bu šerlikde kel «мына уақытта кел» деп берілген [10, T.1, 381 б.]. Одан бөлек уақыт мағынасын білдіретін türk сөзін де кездестіруге болады. Бұл лексема бүкіл жеміс-жидектің пісіп жетілген, уылжып толасқан маусымның ортасы дегенді білдіреді. Жəдігерде Türküzümödi«Үзімніңпіскенуақыты»,Türkyigit