Диссертация с. М. Исаев Ғылыми жетекші: филол. ғ. д филол ф.ғ. к. К. Н. Уәли Алматы, 2007 жыл мазмұНЫ



бет4/47
Дата29.05.2022
өлшемі1,15 Mb.
#35856
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
Жұмыстың ғылыми жаңалығы.
- Ы.Мамановтың ғылыми концепциясы бойынша, қазақ тіліндегі сөз тудырушы қосымшалар мен форма тудырушы қосымшаларға қойылатын критерийлер айқындалып көрсетілді;
- сөйлемде грамматикалық формалармен түрленетін толық мағыналы атауыш сөздер (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) тек қана екі түрде: не түбір сөз түрінде, не грамматикалық формада қолданылатындығы анықталды;
- сөз тудырушы қосымша ретінде қаралып жүрген -дай, -дей, -ша, -ше, -лы, -лі, -сыз, -сіз, -ғы, -гі, -шы, -ші, -лық, -лік қосымшаларының форма тудырушы қызметі көрсетілді;
- салыстырмалы шырай жұрнақтары қатарында жүрген кей аффикстердің (-ғыш, -ғылт, -ғылтым, -қай) сөзге талғап жалғану сипаты негізге алынып, олар сөзжасамдық жұрнақтар ретінде қарастырылды;
- нөлдік форманың грамматикалық категорияның бір мүшесі екендігі; нөлдік форма сыртқы тұлғасы жағынан ғана түбір сөзбен сәйкес келетіні; түбір сөзден категориялық грамматикалық мағына білдіруімен, сондай-ақ сөз байланыстырушы қызметі арқылы ажыратылатыны көрсетілді;
- қазақ тілінің тілдік жүйесіне әбден орнығып, тұрақталып қалған “етістіктің түбірі бұйрық райдың екінші жағы” деген теорияның ғылыми тұрғыдан алғанда дұрыс емес екендігі дәлелденіп, сөйлеу кезіндегі етістік түбірімен форма жағынан бірдей болып келетін бұйрық райдың екінші жағы етістіктің түбір тұлғасы емес, жіктелу үлгісінің бір көрінісі екендігі анықталды;
- түбір сөздің грамматикалық форма емес, грамматикалық формаларға негіз екендігі анықталды; соның негізінде жай шырай, негізгі етіс деген түрлерінің парадигма мүшесі бола алмайтындығы дәлелденді;
- есімше, көсемше формаларының шақ категориясын жасауға және олардың сөзжасам мен формажасамға қатысы көрсетілді;
- -ыңқыра, -іңкіре қосымшасының - грамматикалық, ал -ғыла, -гіле, -қыла, -кіле, -мала, -меле, -мсыра, -мсіре жұрнақтарының - сөзжасам қосымшалары екендігі анықталды;
- етіс қосымшалары грамматикалық категория құрау ерекшелігімен байланысты форма тудырушы қосымша ретінде анықталып, модификациялық қосымшалар қатарына жатқызылды;
- түбір сабақты етістік, ауыспалы сабақты етістік, өзгелік сабақты етістіктердің мағыналық айырмашылықтары көрсетілді;
- етістіктің болымсыз түрінің мағыналары мен қолданылу дәрежесінің бірдей еместігі анықталып, -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе тұлғасының етістіктердің негіздері мен жіктелетін формаларының шегін айыратын қосымша екендігі көрсетілді;
- жалпы алғанда, Ы.Мамановтың қазақ тілі морфологиясын ғылыми дамытудағы орны шетел, орыс және қазақ ғалымдарының ілімдерімен байланысты қарастырылып, ғалым мұрасының құндылығы дәлелденді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет