Дістемелік кешен


Төмендегі мақал-мәтелді оқып аударыңыз, мағынасын түсіндіріңіз



бет10/76
Дата18.11.2023
өлшемі2,05 Mb.
#124436
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   76
Байланысты:
Агрономия УМК 2017

Төмендегі мақал-мәтелді оқып аударыңыз, мағынасын түсіндіріңіз.

1.Диқаншы жерін жоқтайды,


Балықшы көлін жоқтайды,
Кәсіпкер кенін жоқтайды.
2.Диқан болсаң, жеріңнің қасында бол,
Сыпайы болсаң, бегіңнің қасында бол.
3.Диқан болсаң, қос өгізің тең болсын,
Шаруа болсаң , қос етегің кең болсын.
4.Көшпелі елдің қоры болғанша,
Егінші елдің зоры бол.



    1. Төмендегі сөз тіркесін қатыстырып, сөйлем құрап жазыңдар.



Ғалым-агроном, білікті маман, талапқа сай, менің ұстазым, туған жер,
мамандығым-мақтанышым.



    1. Мәтінді оқыңыз.

Ғылым жетістігі
Өсімдіктерді қай уақытта суарған жақсы екенін қалай анықтауға болады? Агрономия ғылымы бұл мәселеге әр уақытта көп көңіл бөледі. Әуесқой бағбандардың қай-қайсысы болсын бірқатар пайдалы кеңестерді біледі және өзінің бағында немесе бақшасында оларды негізге алады.Бірақ соңғы уақытта ғалымдар өсімдіктердің өздері «сұрайтын» кездері болатынын білді. Тамыр жүйесі топырақтан қажетті ылғал ала алмаған кезде,
өсімдіктер ылғалды сабақтың клеткаларынан тарта бастайды. Мұндай ультрадыбыстық шу пайда болады.Мұны арнайы микрофондармен ұстап алып, адам құлағы алатындай дабылдарға айналдыруға болады.
Канада мен Амирика Құрама Штаттарында ғалымдар тәжірибе танаптарында осы әдісті қолдана бастады. Бұл әдіс бойынша өсімдіктер олардан түсетін дабылдардың жиілігі белгілі бір деңгейге жеткенде суарылады.



    1. Берілген өлеңді мәнерлеп оқып, ұстазыңыз жайлы эссе жазыңыз.

Терең ойлы ғалымды,


Ақындары жалынды,
Баурады ұстаз біліммен,
Алға бастап бәріңді.
Болса кімнің талабы,
Өмірден жол табады,
Мақсатыны лайық,
Мамандығын алады




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет