1.6.. «Ел болашағы - білікті маман қолында» деген тақырыпта шағын жазыңыз.
грамматикалық түсініктеме
Сөз тіркесі ( орыс. словосочетание ) деп толық мағыналы екі я бірнеше сөздіңбір-біріне тұлғалық әрі мағыналық жағынан бағына байланысуын атаймыз.
Сөз тіркесінің екі сыңары болады. Ол: бағыныңқы және басыңқы сыңар.
Сөз тіркесі
Бағыңқы сыңары
Басыңқы сыңары
Біз – студентпіз
біз (есімдік)
студентпіз(зат есім)
Университет – осы
университет (зат есім)
осы (есімдік)
Менің үйім
менің (есімдік)
үйім (зат есім)
Ағаш есік
ағаш (зат есім)
есік (зат есім)
Жиырма екі бала
жиырма екі (сан есім)
бала (зат есім)
Тез жүру
тез (үстеу)
жүру (етістік)
Басыңқы сыңар сөз тіркесінің негізгі бөлігі болғандықтан, басыңқы сыңардың қандай сөз табынан жасалғанына қарап сөз тіркесінің түрлерін анықтаймыз. Мәселен, Басыңқы сыңары зат есім, сан есім, есімдік, сын есімнен болса, онда ол есімді тіркес болғаны. Ал егер басыңқы сыңар етістіктен болса, ондай сөз табын етістікті сөз тіркесі дейміз.
Есімді тіркес
Етістікті тіркес
Болашаққа (неге?) аманат
Асықпай сөйледі
Алтын (қандай?) сағат
Ерте келді
Ағасы (кімі?) осы
Тез жүрді
Барлығы – он алты
Қуанышқа кенелді
Мәтінді оқып, төменде берілген сұрақтарға түсінгеніңіз бойынша жауап беріңіз.
Мамандық таңдау оңай жұмыс емес. Қазір мектеп түлектері ҰБТ сынағын бітіріп, оқу орны мен мамандықтарын таңдайды. Біздің бүгінгі әңгімеміз мамандық таңдауда ойланып жүрген түлектерге ғана емес, жұмысы бар маман иелеріне де қатысты.
Мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. Қазақ «Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек: бірі – жар таңдағанда, екіншісі – мамандық таңдағанда» деп бекер айтпаса керек.
«Мамандық» сөзі латын сөзінен шыққан, «жұрт алдында сөйлеу, жариялау» дегенді білдіреді. Есте жоқ ескі заманда мамандықтың қазіргідей түр-түрі болмады. Әр адам барлық жұмыспен өзі ғана айналысатын. Дегенмен, әйелдер мен ерлерге деп бөлінетін жұмыстар болған. Ерлер аң аулап, үй тұрғызып, қару-жарақ жасаса, әйелдер жеуге жарамды өсімдіктерді жинап, тамақ пісірген, киім-кешек тігіп, бала тәрбиелеген. Заман өзгерген сайын, адам да жетіліп, нарықтық қарым-қатынас пайда болды. Қоғам дамып, дүниеге түрлі жұмыстар,сәйкесінше, түрлі мамандықтар келді. Кез келген еңбек мамандық емес. Еңбектің мамандық деп аталуының өзіндік шарттары бар: бірі – маман атануыңыз үшін білім алып, қолыңызға сол саланың дипломын, куәлігін, аттестатын не сертификатын алуыңыз керек болса, екіншісі – еңбегіңізге ақының төлені қажеттілігі. Өз ісінің нағыз маманы атану екінің бірінің еншісіне бұйырмаған. Ол үшін ең алдымен мамандығыңызға деген махаббаткерек. Мамандыққа деген махаббат пен карьерист болу екеуі екі бөлек нәрсе. Махаббатпен істелген жұмыс қана нәтиже бермек. Екінші сөзбен айтқанда, мамандығыңыз сіздің сүйікті ісіңізге айналуы қажет. Бұл жағдайда адам жұмысқа ерекше құлшыныспен кірісіп, жұмысынан ләззат алады.
Сұрақтар: Сіз мамандықты өзіңіз таңдадыңыз ба?
Сізге мамандық таңдауға ата-анаңыз кеңес берді ме?
Сіз өз мамандығыңызға ҰБТ нәтижесіне қарай келдіңіз бе?