2. Білім берушілік үдеріс деп үш құрамдас бөліктер: оқу-тәрбие, оқу-танымдық және өз бетімен білім алу үдерістерінің жиынтығы түсіндіріледі.
Білім берушілік үдеріс – бұл тұлғаны оқыту, тәрбиелеу және дамыту бойынша мақсатты қызмет.
◦В.П.Симоновтың еңбектерінде педагогикалық менеджмент оқыту процесін нәтижелі басқарудың теориясы, әдістемесі және технологиясы ретінде сипатталады. Ғалым оқыту процесінің өзара байланысты үш үлкен құрылымын бөліп көрсетеді: оқу-тәрбие, оқу-танымдық және өздігінен білім алу процестері.Педагогикалық менеджмент философиялық, педагогикалық, әлеуметтік,психологиялық, экономикалық ұғымдар мен заңдылықтарға негізделеді.
В.П. Симонов педагогикалық менеджментті оқу-тәрбиелеу және оқу танымдық үдерісін басқарудағы қағидаттар, әдістер, ұйымдастыру нысандары мен технологиялық амалдар кешені ретінде анықтайды. Педагогикалық менеджменттің (білім берушілік үдерісті тиімді басқару теориясы, әдістемесі және технологиясы) өзіне тән заңдылықтары мен ерекшелігі бар. Бұл ерекшелік ең алдымен өзіндік құралынан, қажеттілігінен, қаруынан және менеджер еңбегінің нәтижесінен көрінеді.
Білім берушілік үдеріс менеджер еңбегінің пәні болып басқарылатын субъект қызметі табылады, еңбек өнімі – ақпарат, ал еңбек құралы сөз, тіл, баян.
Оқу-танымдық үдеріс және оқу-тәрбиелік үдеріс менеджері еңбектерінің нәтижесі болып менеджмент объектісі білім алушының (екінші субъект) білім , тәрбие және даму дәрежесі табылады.
◦В.П.Симонов педагогикалық менеджменттің төрт құрылымдық-функционалдық компоненттерін немесе жүйеқұраушы факторларын бөліп көрсетеді:
1. Жобалаушы компонент, немесе іс-әрекеттің мақсаты (жоспарланған, күтілетін нәтиже)
2. Коммуникативтік компонент, іс-әрекет субъектісі (директор, оның орынбасарлары, оқытушылар, оқушылар) және объектісі немесе екінші субъект(басқарушылық шешімдерді орындаушы)
3. Ұйымдастырушылық-мазмұндық компонент, іс-әрекет мазмұны (оқу-тәрбие жөніндегі, басқару туралы ақпарат) және тәсілдері (субъектілердің өзара қатынасында басшылыққа алынатын принциптер және қолданылатын әдістер).
4. Талдау-нәтижелік компонент, іс-әрекет нәтижесі (басқарушылық шешім)
К.В. Дрязгунов мынадай анықтаманы ұсынады: оқытудағы педагогикалық менеджмент – мұғалімнің оқыту процесін басқарудың нәтижелі жүйесін қалыптастыруға бағытталған мақсатты педагогикалық іс-әрекеті. Оның негізгі компонентері:
- мотивация құру; - коммуникативтік байланыс орнату; - меңгерілген білімді үнемі бақылау; - кез келген педагогикалық жағдайда педагогикалық шешім қабылдау.
◦
Дәріс №1.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
« Білім беру жүйесіндегі менеджмент» куpсының пәні.