«Білім беру жүйесіндегі менеджмент» куpсы бойынша дәрістер тезистері.
№1.ДӘРІС.
Тақырып 1. Педагогикалық менеджменттің білім беру жүйесіндегі элементтерінің негізгі сипаттамасы және мәні. ДӘРІСТІҢ ЖОСПАРЫ:
1. Менеджмент туралы жалпы түсінік
2. Білім берудегі менеджмент –ғылым ретінде.
3. Білім үдерісіндегі мониторинг.
1. Менеджмент ағылшын сөзі, оның түпкі түбірі гректің « Манус » сөзінен шығып « қол, күш » деген мағынаны білдіреді. Алғашында мал бағу саласында оны ұстау, меңгеру шеберлігін білдіреді. Ол адам қызмет саласына ауысып, адамдарды басқарудың және ұйымдастырудың ғылыми практикалық мәнін білдіретін болды.
Менеджмент ынтымақтаса қызмет атқаратын адамдар тобы өздерінің күш-жігерін ортақ мақсаттарға жетуге бағыттайтын үдеріс ретінде;
Менеджмент қарым-қатынас тәсілі, сонымен қатар, әкімшілік қарым-қатынас дағдылары ретінде;
Менеджмент айрықша басқару түрі ретінде;
Менеджмент – қажетті нәтижеге немесе алға қойылған мақсаттарға басқа адамдардың күш-жігері арқылы қол жеткізу өнері немесе әдіс-тәсілдердің, қағидаттардың және басқару нысандарының жиынтығы, яғни басқару өнері.
Менеджер деген сөздің өзі ағылшын тілінен шыққан ол бір нәрсені реттеу, бір нәрсені меңгеру, басшылық ету деген сөз. Менеджер ең кең тараған түрі. Ол басқару түрі экономикамен шұғылданатын заң және басқада мәселелерді жақсы білетін адам. Әр елде менеджерлерге түрліше анықтама беріледі. Американдықтардың түсінігінше мұндай адамдардың, міндетіне өзіне бағынатын белгілі қызметтердің нақты жұмыстарын ұйымдастыру жатады.
Еуропалықтардың түсінігінше менеджер қазіргі тәсілдерді басшылыққа ала отырып нақты жұмысты ұйымдастыратын адам.
Экономикалық ғылым аясында дүниеге келген (Ф.Тейлор, Г.Черч, А.Файоль, Г.Эмерсон, Г.Форд, Х.П.Циммерман) менеджмент жедел дамып, сан алуан аспектілері бар пәнаралық теорияға айналды.
Бұл ғылыми-практикалық бағыт ПСИХОЛОГИЯДА белсенді қарастырылуда (Э.Мэйо, Д.Рена, Г.С.Никифоров, Ю.Н.Сливкин және т.б.).
және ПЕДАГОГИКАДА (Т.М. Баймолдаев, В.Д.Белиловский, К.П.Вазина, Ю.А.Конаржевский, Н.В.Кухарев, Н.А.Лебедева, Ю.Н.Петров, А.А.Семченко және т.б.) зерттелуде.
Қазіргі білім берудің жаңашыл бағытының өзгеруі, қоғамга жоғары білімді, рухани-адамгершілігі мол, өздігінен шешім қабылдай алатын, ынтымактастыққа кабілетті, бейімділігі мен жауапкершілік сезімі биік адам кажет.
Бұған жету үшін баскаруды дамытуға бағытталған жаңа үлгі керек. Осы жерде өзін-өзі ұйымдастыру, өзін-өзі дамыту үрдісі ретінде педагогикалык менеджменттің ықпалын көруге болады. Педагогикалық менеджмент адамдардың өзін-өзі дамыту, еркіндік және шығармашылығын дамыту болып табылады.