Дістемесі кафедрасы


Мектепішілік олимпиада тапсырмалары 3-4 сынып математикадан



бет24/38
Дата24.09.2022
өлшемі449,65 Kb.
#40097
түріЛекция
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   38
6.Өрнекті ықшамдаңдар:
10х+7х-х+4х∙2 Жауабы: 24х

Мектепішілік олимпиада тапсырмалары 3-4 сынып математикадан


4.Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік стандартына сәйкес, математикалық білімнің жаңа мазмұны біртекті емес және әртүрлі екі деңгейді қамтиды. Олар: міндетті және мүмкін деңгейлер.
«Міндетті деңгейге бастауыш мектеп көлеминдегі берік игерілуі тиісті материалдар жатады... осы денгейдегі математикалық дайындыққа жету үшін білімді көрсетілген үлгіге орай, біршама өзгерген және жаңа жағдайларда қолдану керек болатын іс-әрекеттер ұйымдастыру көзделеді.
Ал, мүмкін денгейге, мазмұны тұрғысынан алғанда, негізгі мәселемен үйлесетін, алайда оқушының математикалық ой-өрісін кеңейтуге бағытталатын, үйреншікті емес түрде ұсынылатын және де оны орындау шығармашылық іс-әрекетпен ұштасатын материалдар жатады. Мұның бәрі міндетті денгейдейдің материалын кеңейте және тереңдете түсуге қызмет етеді, математиканың жүйелі курстарының аса маңызды тарауларын ілгеріде оқытып-үйретудің негізін қалайды. Сондай-ақ балалардың дамуыны әсерін тигізеді және негізгі материалды терең менгеріп алуға көмектеседі»
Қалыптан тыс түрде (стандарт емес формада) ұсынылатын және оқушылардың тапқырлық пен зерделілік танытуын, әралуан бағыттағы шығармашылық ізденісті талап ететін арнайы жаттығулар.
Қазіргі оқулықтарда стандартты емес жаттығулардың көптеген түрлері қамтылған. Олар, негізінен, логикалық жаттығулар, қызықты жаттығулар, сиқырлы шаршылар, лабиринттер, жұмбақтар, сөзжұмбақтар, деформацияланған жаттығулар, құрастыру мәселелерімен байланысты жаттығулар, т.с.с. түрінде болып келеді. Алайда, мейлінше алуан түрлі болып келетіндігіне қарамастан, олардың бәрінедерлік тән ортақ ерекшелік бар. Мұндай жаттығулар оқушыны шығармашылық ізденіс күйіне келтіреді, шығармашылық қиялды оятып, қойылып отырған оқу проблемасын шешудің өзіндік жолын іздестіруге түрткі болады. Ал оларды орындаудың нәтижесі оқушы үшін оның ақыл- ойының дамуын жоғарырақ деңгейге көтеруге түседі, азі ашық «кішкене жаңалықтар» болып табылумен сипатталады.
Осы айтылғандарды нақты мысал келтіре отырып, қарастырып көрейік. Ол үшін 2-сынып оқушысына дәстүрлі оқулықтарда жиі кездесетін (12+6) -10 түріндегі жаттығу мен жаңа буын оқулықтарында жиікездесетін (12 6) =8 түріндегі стандартты емес жаттығуды ұсыну мәселелерін салыстырайық.
Алдынғы жаттығуды орындау барысы оқушыдан игерілген білімді дайын күйінде қолдануға ғана талап етеді. Егер оны түрлендіріп, (12 6) =8 түрінде ұсына болсақ, оқушының ойлау қызметінің түбірінен өзгеретіндігіне көз жеткізуге болады. Әрине, алғашқы жаттығуды орындау оқушы үшін соншалықты қиын емес, ал стандартты емес жаттығуды өз бетімен орындау кез келген оқушының қолынан келе бермейді, яғни ол қандай да бір деңгейде оқушының интеллектуалдық қиналуын туғызады. Мәселенің негізгі түйіні де, міне, осында. Жоғарыда атап өткеніміздей, интеллектуалдық қиындықтар жүйесін жасау дамыта оқытудың басты бағыттарының бірі болып табылады.
Екінші түрдегі жаттығу ұсынылған жаңдайда оқушының алдында, негізінен, екі мәселе тұрады: 1)Белгісіз санды табу; 2) Тиісті амал таңбаларын қою. Бұл жағдайда оқушылар алдына: «Жаттығуды орындауды осылардың қайсысынан бастау тиімді болады?» деген сипаттағы проблемалық жағдаят туғызуға болады. Осының барысында 2-сынып оқушысы мына сияқты талқылаулар жүргізу мүмкін: « Сандар шексіз көп, ал біз білетін амал таңбалары екеу ғана. Сондықтан амал таңбасын іздеу тиімді болады. Алдымен жақша ішіндегі амал таңбасын табайық, сонда:
1) (12 +6) =8; 2) (12- 6) =8
Бұл пайымдаулар соншалықты қарапайым болғанымен оқушының өзіндік шығармашылық ойның нәтижесі екендігімен маңызды болып табылады.
Осы тұста ерекше қадалып айтар жайт, стандартты емес жаттығуларды орындау кезіндегі туындаған қиындықты жеңу барысы оқушының танымдық белсенділігі мен дербестігінің әртүрлі дәрежесінде өтеді. Оны сыныптағы бірнеше (немесе бір ғана) оқушы өздігінен орындап кете алуы мүмкін. Ал, кей жағдайларда стандартты емес жаттығуды сынып оқушыларының ешқайсысы да орындай алмауы ықтимал. Мұның себептері әр түрлі. Біздің пікірімізше, ең басты себебі- шыңармашылық іс-әрекеттер жүргізуге, шығармашылықпен ойлауға оқушылардың оқудың алғашқы жылынан бастап, дійектілікпен үйретілмеуінеде. Мектеп тәжірибесіне қарағанда, стандартты емес жаттығуға сәйкес орындалатын жұмыстарды, көпшілік жағдайларда, мұғалімнің тікелей өзі жүргізетіндігі немесе оны үздік оқушыға тапсыратыны, сөйтіп оқушыларға дайын нәрсені көшіруге мүмкіндік туғызатыны байқалады. Ал, кейбір мұғалімдер, бұған керісінше, жаттығуды оқушы бастан- аяқ өз бетімен ғана шектеледі және стандартты емес жаттығуды орындай алмаған оқушыны орынсыз жазғырып, оған математикалық білімнің көрсеткіші ретінде нашар баға қоюға дейін барады. Тіпті кей мұғалімдердің оларды үйге тапсырма ретінде ұсынып жүргендеріде жасырын емес.
«Математика-1» оқулығындағы стандартты емес жаттығулар

Мақсаты: оқушылардың жыл мезгілдері және олардың реті туралы түсініктерін кеңейте түсу.Нұсқау. Оқушылардың назарын суреттің 3-інші және 4-інші бөліктеріне аударған жөн. Ынғайлылық үшін суреттің 1-інші және 2-інші бөліктерін қағазбен жауып қоюға болады. Мұнан кейін оқушыларға 3-інші мен 4-інші бөліктердегі суреттер өзара салыстыруға усынылады. Осының барысында олардың 3-інші бөлікте екі жапырақ бар екендігін және олардың түстері сары екендігін, ал 4-інші бөлікте жапырақтардың жоқ екендігін және ағаш бұталарында қардың бар екендігін біртіндеп өздері айтуларына қол жеткізеді. Енді оқушыларға мынадай сұрақтар қоюға болады:
-Соңғы бөлікке қараңдар. Бұл жылдың қай мезгіліне сәйкес келеді? Жаз ба, әлде қыс па? (Қыс).
-Неге? (Өйткені, бұтақтың үстінде қар бар).
-3-3інші бөлікке қараңдар. Қай кезде ағаштың жапырақтарысарғаяды? (Күз келгенде ағаш жапырақтаты сарғаяды).
Осылайша суреттің бұл бөліктері күз бен қысқа сәйкес келетендігін анықтап алғаннан кейін, 1-інші және 2-інші бөліктерді ашып, күздің алдында жаз, ал жаздың алдында көктем болатындығын біртіндеп айқындалады. Жаттығуды орындаудың қорытынды нәтижесінде оқушылардың жылдың төрт мезгілі болатындығына және олардың алмасу реті туралыберік түсініктерін қалыптастыруға қол жеткізуі керек.
Жауабы: Көктем, жаз, күз және қыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет