Джек Лондон. Мартин Иден



Pdf көрінісі
бет31/48
Дата22.09.2023
өлшемі1,5 Mb.
#109789
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   48
Отыз бірінші тарау
Бір күні Бродвейде Мартин апасы Гертруданы ұшыратты, бұл кездесу
екеуіне де қолайсыз болғанымен, ақыры қайырлы боп шыққан. Гертруда
бұрышта трамвай күтіп тұр еді, інісін анадайдан алдымен көзі шалып
қалды — омсырайған жадау кескіні тым сазарыңқы екен. Мартин сол күні
расында да көңілсіз еді. Велосипедіне тағы ақша сұрап алам ба деп əдейі
барып, өсімқормен келісе алмай, кейіп келе жатқан беті-тін. Күзде жер
лайсаң боп кеткесін, ол велосипедін зақылетке берген, ниеті қосымша ақша
алса, қара костюмін кие тұру еді.
— Қара костюміңіз бар еді ғой, – деді Мартиннің бар мүлкін жатқа
білетін өсімқор. Оны əлгі Липке деген еврейге беріп қойған жоқсыз ба?
Олай болса...
Ол оқты көзімен қараған еді, Мартин сасқалақтап:
— Жоқ, жоқ!— деді.— Костюмімді бергем жоқ;— Онсыз өзіме қиын
болатын болды.
— Тамаша,— деді өсімқор сəл жібіп.— Ендеше сол костюмсіз менің де
шаруам өнетін емес. Осы кəсіппен ермек үшін айналысып жүр ғой дейсіз
бе. Шын ақша алғыңыз келсе — мұны да ойлаңыз.
— Велосипедімнің құны кемі қырық доллар, өзі зырлап жүріп тұр,—
деді Мартин.— Маған жеті доллар ғана төледіңіз. Жеті де емес! Алты
доллар 25 цент! Өсімін күні бұрын алып отырсыз ғой!
— Менен тағы да ақша алғыңыз келсе, шырағым, костюмді əкеле
қойыңыз,— деді ол салқын үнмен. Сонан кейін əбден түңілген Мартин
қапырық тар дүкеннен шыға жөнелген. Гертруданың көңіліне қаяу салған
кескініндегі кейістік белгісі осының салдары еді.
Екеуі амандасып үлгіргенше, Телеграф-авенюге баратын трамвай да
келе қалды. Мартин апасын шынтағынан сүйеп, трамвайға отырғызды,
сонда барып, Гертруда Мартиннің өзі жаяу кеткелі тұрғанын сезді. Ол


трамвайдың баспалдағында тұрып, кейін бұрылды, Мартиннің үңірейіп
кеткен көзін көргенде жүрегі елжіреп кетті.
— Немене, жүрмейсің бе?—деді ол.
Өзі жалма-жан трамвайдан түсе қалып, қасына барды.
— Мен денсаулық сақтау үшін бойлай жаяу жүремін,— деді ол.
— Жарайды, олай болса мен де жаяу жүрейін, маған да пайдалы болар.
Соңғы кезде нашарлап кетіппін.
Мартин апасына көз тоқтатып, бірінші рет қараған еді, өзгергенін енді
байқады. Шаршаған, үсті-басы алқам-салқам, беті күлдіреп, қатпарланып,
бəдені бұзылған; өзі біртүрлі жайылып, салпиып кетіпті; аяғын тырп-тырп
басып жүрген жүрісі дені сау, көңілі тетік əйелдің ұршықтай үйірілген
жеңіл жүрісін мазақ ету үшін əдейі жасаған карикатура сықылды.
— Қой, трамвай күтейік,— деді Мартин келесі аялдамаға жеткенде,
Гертруданың алқынып қалғанын аңғарып.
— Құдай-ау, сақтай гөр! Шаршағаным рас. Сен де трамвайға
отырсайшы. Ұлтаның өте жұқа екен. Солтүстік Оклендке жеткенше тесіліп
қалар.
— Үйде тағы бір пар башмағым бар,— деді Мартин.
— Ертең түскі асқа кел біздікіне,— деді Гертруда күтпеген жерде.—
Бернард үйде болмайды. Сан-Леандроға кеткелі жатыр.
Мартин басын шайқады, бірақ тамақ есіне түскенде, көздерінен жарқ
өткен қомағайлығын жасыра алған жоқ.
— Қалтаңда жалғыз песің жоқ, Март, сенің жаяу жүргенің сондықтан
ғой. Денсаулық сақтаймын деген боласың əліңе қарамай!
Пысқырайын деп еді, дəрмені жетпеді.
— Тұра тұршы...


Сумкасынан алып, Мартинге бес долларлық алтын ақша берді.
— Жақында туған күнің толып еді, ұмытып кетіппін оны.
Мартин алтын ақшаны уысына қалай қыса қойғанын өзі де байқамай
қалды, алмауға тиіс екенін кейін түсініп, қатты қобалжыды. Бірақ тамақ,
тіршілік, рух жəне тəн қуаты, творчестволық жігер тасқыны — бəрі осынау
оймақтың аузындай дөңгелек алтынның ішіне сыйып тұрған сияқты. Кім
білген, бəлкім бірдеме жазып тастаса мына секілді алтын дөңгелектің
талайын табар да. Марка сатып алуға ақшасы болмай стол астында
ыбырсып жатқан көп қолжазбаның үстіне тастай салған соңғы екі
мақаласы көзіне айқын елестеді. Олардың тасқа басылған аттары көзіне
оттай басылды: «Керемет абыздары», «Сұлулық бесігі». Əлі ешқайда
жібермеген еді оларды, осы құралыптас мақалаларының ішіндегі ең тəуірі-
ді. Əттең марка жоқ. Жіберсем өтер еді деген үміт аштыққа қосылып, екеуі
ақыры еріксіз көндірді: ол көз ілестірмей алтын теңгені қалтасына сүңгітіп
жіберді.
— Мен мұны өзіңе жүз есе етіп қайтарамын, Гертруда,— деді ол əрең,
өйткені, булығып, көмейі түйіліп, көзіне жас келген еді.— Осы сөзімді
ұмытпа! Енді бір жыл толмай мен мына сықылды жүз дөңгелек əкеліп
беремін саған. Менің сөзіме шанбай-ақ қой. Күт. Кезінде көрерсің!
Гертруда сөзіне сенген де жоқ. Əлденеге ұялды да, не дерін білмей:
— Ашығып жүрсің ғой, Март, білемін жайыңды. Кескініңде жазулы тұр
бəрі,— деді.— Түскі асқа үнемі келіп тұр. Хиггинботам үйде жоқта өзім
хабар етермін. Балалардың біреуін жібере қоярмын. Март-ау...
Мартин не айтайын деп келе жатқанын біле қойды, өйткені апасының
ой өрісі өзіне мəлім.
— Бір жерге орналаспайсың ба?
— Немене, сен де менен үміт үздің бе?
Гертруда басын шайқады.
— Маған өзімнен өзге ешкім сенбейді, Гертруда,— деді ол өз-өзінен
өршеленіп.— Дегенмен, бірсыпыра жақсы дүние жазып тастадым. Ерте ме,


кеш пе — бəріне де ақша алуым керек.
— Жақсы екенін қайдан білесің?
— Неге десең...— Əдебиет пен əдебиет тарихы туралы білетіндерінің
бəрі есіне түсе кетті де, өзіне не себепті сенетінін қаншама тəптіштеп
айтқанымен апасына түсіндіре алмасын білді. – Неге десең, журналда
басылып жүрген мақалалардың тоқсан тоғыз процентінен менің
жазғандарым артық.
— Сонда да орынды кеңеске құлақ асқаның жөн, иə, құлақ асқаның
жөн,— деді қайталап Гертруда,— ал ертең кел.
Мартин апасын трамвайға отырғызды да, өзі жүгіріп почтаға барып, бес
доллардың үш долларына марка сатып алды. Кейін, Морздардың үйіне бара
жатқан бетте почтаға кіріп, маркасының бəріне қалың-қалың көп пакет
тапсырды. Қолында екі центтік үш марка ғана қалған.
Ол бір есте қаларлық кеш еді, өйткені, Мартин сол күні Рэсс
Бриссенденмен танысты. Бриссенденнің Морздікіне қалай келгенін, кім
ертіп əкелгенін Мартин біле алған жоқ. Мұның жайын Руфьтен де сұраған
жоқ. Алдымен ол өте қуқыл, тым ажарсыз көрінді. Бір сағаттан кейін тіпті
надан екен деп те ойлап қалды. Өйткені, Бриссенден ұялмай-қызармай
бөлме біткеннің бəрін аралап, суреттерге қарағыштап, стол үстінде не
сөреде жатқан кітап-журналдарды тіміскілеумен болды. Ақыры өзге
жұртты мүлде елең қылмастан, өз үйінде жүрген немедей, шалқайып,
моррис креслосына барып отырды да, үн-түн жоқ, қалтасынан кітабын
алып, оқи бастады. Кітап оқып отырып, анда-санда шашын бір сыйпап
қояды. Сонан кейін Мартин оны ұмытып кеткен. Тек қонақ тарқар алдында
көріп қалады, өңкей келіншектердің ортасында əңгіме айтып отыр екен,
əйелдер оның сөзін рақаттанып тыңдай қалысыпты.
Үйіне қайтып бара жатып, Мартин жолда Бриссенденді қуып жетті.
— А, сіз екенсіз ғой,— деді оған.
Бриссенден құлықсыз күңк ете түсті де қатарласа жүрді. Мартин сонан
қайтып сөз тартқан жоқ, екеуі үн-түнсіз бірнеше квартал бірге жүрді.
— Паңсынған кəрі есек!


Күтпеген жерде нығарлай айтқан бұл сөз Мартинге тым тосын естілді.
Күлкісі келді, Бриссенденді бұрынғыдан да жек көріп кеткенін сезді.
— Сіз сол үйге неге барып жүрсіз?—деді ол тағы бір квартал жүргеннен
кейін.
— Өзіңіз ше?
— Құдай ақына, өзім де білмеймін. Бүгін бірінші баруым. Күн тəулікте
жиырма төрт сағат уақыт бар. Əйтеуір, бір жерде уақыт өткізу керек қой.
Жүріңіз, бірдеңе жұтайық.
Мартин өзінің елгезектігіне іштей ренжіді, үйінде «қара кəсібі» күтіп
тұрған; əрі бүгін түні ол Вейсманның бір томын оқымақ еді, Герберт
Спенсердің өзі жазған романнан да қызық өмірбаяны тағы тұр. Мынау
сүйкімсіз немеге уақыт алдырып керегі жоқ еді, деп ойлады Мартин. Бірақ
оны еліктірген серігі де, ішімдік те емес, соған байланысты жайттар:
жарқыраған аспалы шамдал шам, шар айна, жарқ-жұрқ, сыңғыр-сыңғыр
еткен шыны ыдыстар, қызара-бөрткен кісілер мен қызу-қызу сөздер. Иə, иə,
өмірде дегеніне жеткен, енді ақшаны судай шашып жүрген, паруайсыз,
көңілді мырзалардың саңқылдаған даусын естігісі келген. Мартин өзімен
өзі болып жалғыз қалған жан ғой — қырсық осында. Бриссенденнің
шақырғанына ере кету себебі де осынан. «Қайнар бұлақтан» кетіп, Джомен
қоштасқалы шарапханаға басын сұқпаған, дүкенші португалдан ішкен бір
стакан шараптан кейін əлі дым татпаған. Жігері емес, ақылы жасыса, адам
арақ аңсамайды. Қазір де оның ішуге зауқы жоқ. Бірақ жұрт ішіп, гуілдесіп,
айқайласып, қарқ-қарқ күліп, у-шу боп жатқан қызды-қыздыға кіргісі келді.
«Үңгір» де думанды кабактың бірі екен. Бриссенден мен Мартин сақтиян
креслоға шалқия отырып, шотланд вискиін содалы су араластырып, сіміре
жұтты.
Əңгіме-дүкен құрып, ара-тұра кезек-кезек арақ алдырып отырысты.
Араққа ақылын жеңдірмейтін Мартин шөлмектес серігінің де беріспей
отыруына аң-таң. Əсіресе, айтқан сөздері, пікірі ғажап. Көп ұзамай Мартин
Бриссенденнің білмейтіні жоқ, жалпы өмірде ұшыратқан екінші ең зиялы
интеллигентім екен деп ойлады.
Бірақ профессор Колдуэллдің басында бар кемшілік мұнда жоқ. Бұл бір
жанып тұрған от, ой-қиялы ұшқыр, көреген де зерек жан. Сөзге сондай


шебер. Жұқа ернінен ұшып шыққан өткір сөздері алғыр станокта ұшталған
құралдай теседі де, кеседі де. Енді бір сəтте ол айқын да ажарлы образдарға
толы көркем сөздерін толқытып, лекітіп, маржандай төгеді. Біресе сөздері
дауыл сұрапылына, əлем əлеметтеріне шақырған кернейдің шыңғырған
ұранды үніндей ащы естіледі, кейде күмістей сыңғырлайды, жұлдызды
аспанның салқын жасылындай жалт-жұлт етеді. Бриссенден ғылымның ең
соңғы табысын қысқаша айқын тұжырымдайды екен. Сонымен бірге
айтқандары ақын сөзіндей аңқылдайды, əсерін сөзбен баяндауға болмайды,
тек адамның көкірегінде оятқан нəзік те шытырман сезімі арқылы
асылдығын аңғаруға болар еді. Бриссенденнің ақылы адам баласының
болжауға тəжірибесі, айтуға тілі жетпеген сонау бұлдыр алыстағыны айқын
көре алатын сияқты. Оның дуалы аузы əдеттегі сөзге əдеттегіден өзге
мағына сыйғызады. Мүмкін, жабайы адам оның мазмұнын ұға алмас. Ал
Мартинге түсінікті де, жанына жағымды да.
Мартин демде Бриссенденге іші жылып қалды. Бұрын кітапта
оқығанын енді өмірде ұшыратқандай. Бұл бір алдында құрақ ұшып, құрдай
жорғалауына тұратын абзал адам екен, нағыз ойшыл екен. «Мен мұның
алдында кішірейіп, жік-жапар болайын»,— деп ойлады ол сөзін елтифатпен
тыңдай отырып.
— Биологияны, əлбетте, оқыған боларсыз?—деп қойды Мартин өзінің
де құр алақан емесін ескерткісі келгендей.
Бриссенден жоқ дегендей басын шайқады. Мартин таң қалды бұған.
— Биологияны білмейтін адам сіз жасаған тұжырымға келуге тиіс емес,
— деді Мартин Бриссенденнің көзінен оның да таңырқап қалғанын байқап.
— Сіздің қорытындыларыңыз ұлы ғалымдардың пікіріне үйлес. Олардың
еңбегін оқымауыңыз мүмкін емес.
— Мұны естігеніме қуанам, менің үстірт білігім ақиқатқа жол
тапқанына өте қуанамын. Бірақ пікірім дұрыс па, бұрыс па — маған
бəрібір. Өйткені, адам баласы абсолют ақиқатты бəрібір біле алмайды.
— Сіз Спенсердің жолын қуған шəкірті екенсіз ғой!— деп Мартин
қуанғаннан дауыстаңқырап жіберді.
— Бала жасымнан бері Спенсерді оқып көргенім жоқ. Бала кезімде
«Тəрбиесін» ғана оқығанмын.


— ІІІіркін, мен де сіз сықылды білімге оңай жетіліп кетер ме едім, деді
Мартин жарты сағаттан кейін Бриссенденнің білімін ақылымен түгел бір
саралап өтіп.— Бір ғажабы — қарсы сөз айтарлық саңылау қалдырмайсыз.
Ғылымның 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет