7.бастауыш сыныптағы технология және оқыту әдістемесінің міндеттері Адамды қоғамдағы орны еңбегімен анықталады. Демек, адамды адам еткен – еңбек.
Қазіргі таңда ғылым мен білім өркендеген заманда өнердің түрлері де көбейіп ,тармақталып жатыр .Солардың бірі – көркем еңбек пәні. Көркем еңбек» сабағы балалардың шығармашылық жігерін ашуға көмектеседі. Шеберлік деңгейінің өсуіне, әр жұмысты соңына дейі жеткізудегі шыдамдылық төзімділік сияқты қасиеттерін қалыптастырады. Оқушы бала орасан зор еңбегінің жетістігін көргеннен кейін сол затты қайта жасауға қызығады, және соны үйренуге талпынады.
« Көркем еңбек» пәндерінің балаға берер білімі өте көп және күрделі пән ретінде қарауымыз керек. Пәнге берілген жалпы сағат саны көп болмағанымен оқу материалының ауқымы көлемді. Көркем еңбек сабағы - мектеп оқушыларына жай ғана білім беріп қана қоймай, ең бастысы оқушыларды ізденімпаздылыққа, еңбекқорлыққа баулитын тәлім сабағы болып келеді.
Коркем еңбек әдістемесі пәнініңмақсаты көркем еңбек пәні бойынша оқыту технологиясын, әдістемесін түсіндіру,сабақ жүргізуге кәсіби даярлау.Пән мазмұны бастауыш мектепте еңбекке баулуды оқытудың мазмұнын игеруді, мектеп бағдарламаларын талдауды, еңбекке баулудың әдістері мен оқыту құралдарын меңгеруді қарастырады.
Міндеті: оқушыларды еңбекке баулу жолдарын дұрыс басқару, педагогикалық үдерісті еңбек тәрбиесінің принциптеріне сәйкес жоспарлау, ұйымдастыру
8. Бастауыш сыныптардағы технология курсын оқыту әдістемесінің мазмұны мен міндеті. Қазіргі әдістемеде,соның ішінде еңбекке баулу әдістемесінде,оқу пәніне және оны құру жүйесінде ғылыми материалды таңдауда белгілі мөлшерде айқындалады,яғни оқу пәнінің логикасын талапи етеді.
Еңбек пәнінің әдістемесі-бастауыш мектеп мұғалімдерін дайындау жүйесіндегі негізгі пәннің бірі.Өйткені ол педагогика,психология және техника мен өнеркәсіп технологиясындағы қазіргі ғылыми жетістіктерге негізделген.Еңбекке баулу әдістемесі курсын психлогияны,оқу процесін ұйымдастырудың талаптарын,сонымен қатар техника,техналогия,өнеркәсіп эканомикасының заңдылықтарын білмей,меңгеру мүмкін емес.Педагогикалық мамандықты игеру үшін оқу-тәрбие процесін тыңғылықты меңгеруді үйрету қажет,әрбір нақты жағдайда қандай оқу әдістері жақсы нәтижелер беретінін,қандай көрнекіліктерді пайдалану неғұрлым тиімдірек болатынын және т.б білу қажет.Мұғалім өзінің шығармашылық,сонымен қатар ғылыми-әдістемелік деңгейін үнемі жетілдіріп тұруы тиіс. Еңбекке баулуды оқыту курсының негізгі мақсаты:
-педагогикалық коледж оқушылрына,болашақ мұғалімдерге,еңбекке баулудың әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалана білуге үйрету,оқыту процесінде оқушыларға адамгершілік,еңбексүйгіштік маңыздылығын оның қоғам өміріндегі әлеуметтік-эканомикалық рөлін түсіндіру;
-мектеп оқушыларын еңбекке баулудың теориялық және практикалық білімдерін,іскерліктерін,дағдыларын қылыптастыру;
-сабақта және өнеркәсіптерде қолданылатын құрал-саймандармен,құрал-жабдықтармен жұмыс істей білуге үйрету;
-Қазақстан Республикасы бастауыш білім берудің мемлекеттік стандартында қарастырылған түрлі бұйымдарды жасауға,оқушыларды өзін-өзі күтуіне,көркем,ауылшаруашылық,техникалық еңбек бойынша жұмыстарды орындауға үйрету;
-мектеп оқушылары белгілі бір мамандық жөнінде нақты кәсіптік бағдар алу үшін оларды үнемі кәсіби-техникалық училищелерге,фабрикаларға,зауыттарға және т.б.орындарға апарып,саяхат ұйымдастыра білуі;
-оқушының тұлғасын,оның еңбекке деген шығармашылық қатынасын қалыптастыру мен дамытуда сыныптан тыс және мектептен тыс іс-шараларды ұйымдастыра білу.
Бастауыш сыныптардағы еңбекке баулудың міндеттері:
Бастауыш сыныптарда еңбекке баулу оқушыларды
-еңбек материалымен (өңдейтін материалдармен);
-еңбек құралдарымен (өңдеуші құрал-саймандармен);
-еңбектегі адамның қызметімен (еңбек құралдарына сүйенумен);
-еңбек нәтижесімен (аяқталған бұйымдармен) таныстырады.
Бастауыш сыныпта еңбек пәнінің политехникалық бірлестігін шамамен мына сызба бойынша көрсетуге болады:
р
ЕЗ – Еңбек заты.
ЕҚ – Еңбек құралы.
АЕ – Адам еңбегі.
ЕН – Еңбек нәтижесі.
1.ЕЗ – Бастауыш класта қолданылатын материалдар:қағаз,тері,ермексаз,әр түрлі материалдар,т.б.
2.ЕҚ – қарандаш,қайшы,біз,сызғыш,циркуль,т.б.
3.АЕ – білімі,әдісі,жұмысты жоспарлай білуі.Мысалы:бүктеу,кесу,біріктіру,т.б.
4.ЕН – біткен жұмыс:қорапша,ұшақ,машина,т.б.
Еңбекке баулу сабақтарында мұғалім бастауыш сынып оқушыларының еңбек құралдары мен материалдары туралы танымдарын ұлғайтады.Бастауыш сынып оқушылары жартылай өңдеуден өтікен материалдармен,мысалы қағаз,картон,мата,пластилин,ағаш сынығы,металл,полуфабрикат және басқаларды қолданады.Осымен қатар балалар тірі табиғаттан алынған материалдарды өңдейді,мысалы шырша,емен жаңғақтары мен жапырақтарын,аққайың қабықтары мен бұтақтарды және т.б.
Сонымен қатар,мұғалім балаларды аталған материалдардың физикалық,механикалық жіне техналогиялық қасиеттерімен таныстырады.Әңгімелесу,саяхатқа шығу және практикалық жұмыстарды жасау барысында оқушылар қағаз-картон,мата,пластмасса шығаратын полиграфия жіне құрылыс өнеркәсіптері туралы жалпы түсініктер алады.Материал қасиеттері мен оны өңдеу тәсілдерін оқыту оқушылардың политехникалық бағдарларын кеңейтіп қана қоймай,олардың еңбегінің нақты,тиімді және нәтижелі болуына ықпал етеді.
Маңызды болып есептелінетін міндеттер – оқушыларды еңбектегі адам қызметімен таныстыру.Мұғалім нақты мысалдарда қандай да болмасын өнеркәсіптік бұйымның бірнеше сатысының болуымен таныстырылады.Бірінші конструктор болашақ бұйымның сызбаларын шығарады:технолог оның дайындалуының реттілігін жоспарлайды;кейін сызба дайындау реттілігі бейнеленіп,өнеркәсіп орындарының цехтарына түседі,онда жұмысшылар танысып,оны шығаруға қажетті матетиалдарды,инструменттерді,станоктарды дайындап,түрлі технологиялық өңдеулерді жүргізеді,осы қызметтің нәтижесінде тапсырылған еңбек өнімі пайда болады.Оны аяқталған бұйым деп санауға болады.Технологиялық процесс туралы әңгімелеуді мұғалім өнеркәсіптік еңбекте бәрі – еңбек пәні де,еңбек құралы да,адамның еңбектегі қызметі де – «аяқталған бұйымда», «еңбек өнімінде көрсетіледі».Осы білімдер жалпыланған біліктердің қалыптасуына және оның жоғарғы кластарда политехникалық білім берудің жалғастыру базасына фундамент болады.