Дјріс сабаќтарыныѕ тезистері


Дәріс № 12. Дәріс тақырыбы



бет12/12
Дата19.04.2023
өлшемі191,5 Kb.
#84748
түріКонспект
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
ГРЭ курс лекций

Дәріс № 12. Дәріс тақырыбы: Табиғатты қорғау іс әрекетін мемлекеттік реттеу.
Дәріс жоспары:
1.Қоршаған ортаның әлеуметтік – экономикалық мәні.
2. Шығыс-Қазақстан облысының экологиялық жағдайына сипаттама.
3. Табиғатты қорғау іс әрекетін мемлекеттік реттеу.
Қоршаған ортаны қорғау туралы заң 1997жылы 15 июльде қабылданған. Бұл заңда екі шектеу қойылған:

        1. Қоршаған ортаны ластауға қарсы, яғни қандай шекті мөлшерде өндіріс және тұтыну қалдықтарын шығаруға болады, сол сияқты шуыл-вибрация әсері де қарастырылған.

        2. Табиғат ресурстарын қолдану, өндіру шектілігі анықталған, себебі биологиялық ресурстардың табиғи қалпына келуі бұзылуы мүмкін.

Екі квота қойылған (норма, үлес):

              1. Ластау квотасы – ластауға рұқсат етілетін шектің бөлігі, нақты қолданушыға белгілі бір уақытқа беріледі.

              2. Табиғат ресурстарын қолдану квотасы - қолдану, өндіру шектілігінің бөлігі, нақты қолданушыға белгілі бір уақытқа беріледі.

Табиғат ресурстарын қолдану құқығын лицензиялау – мемлекеттің табиғат ресурстарын қолдану және қоршаған ортаны қорғауды бақылау, реттеу әдісі, құралы.

Қоршаған ортаны қорғау туралы заңын қарастыра отырып, мынадай принциптерін атауға болады:



        1. Адамның денсаулығы мен өмірін қорғау, табиғи ресурстарға деген мемлекеттік меншік, мемлекет бақылайтын жерге деген жеке меншік.

        2. Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін қоғамның дамуындағы экологиялық міндеттермен байланыста шешу.

        3. Экологиялық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында, экономикалық ынталандыру арқылы басқарудың экономикалық әдістерін пайдалану.

        4. Экологиялық мәселелерді шешуде жергілікті басқару органдарын, халықты, қоғамдық ұйымдардың белсенділігі.

Мемлекеттің араласуы құқықшығармашылық(заң шығару), құқыққолданушылық(Оның орындалуын қадағалау), құқыққорғаушылық( жауапқа тарту) формаларында көрінеді.

    1. Негізгі бақылаушы органдар: Қоршаған ортаны қорғау Министрлігі (Казгидромет, қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық- талдау орталығы кіреді ) – 1. Қоршаған ортаны қорғауда мемлекттік саясатты жүзеге асырады, мемлекеттік экологиялық бағдарламалардың орындалуын қадағалайды.

  1. 2.Экологиялық нормативтерді, талаптарды қояды.

  2. Экологиялық қауіпті шаруашылық іс-әрекет түрлеріне лицензия береді.

  3. 4.Қоршаған табиғи ортаның сапасын нормалау.

  4. 5.Экологиялық мониторингті жүзеге асыру.

  5. 6.Экологиялық экспертизаны жүргізу.

  6. 7.Экологиялық бақылауды ұйымдастыру.

  7. 8.Экологиялық төлемдерді, салықтарды салу.

  8. 9.Экологияға зиян келтіргені үшін жауапқа тарту.

  9. 10. Қоршаған ортаны қорғаудың эксперттік комиссиясының құрамын анықтайды.

  10. 11. Қоршаған ортаны қорғау шеңберінде халықаралық ынтымақтастыққа қатысады.

Ал аймақ,аудан, ауыл шеңберінде жергілікті қоршаған ортаны қорғау органдары жұмыс істейді – мысалы - ШҚО аймақтық қоршаған ортаны қорғау орталығы бар.
Экологиялық бағдарламалар- шараларды қаржыландыру көздері:

              1. Республикалық және жергілікті бюджет;

              2. Қоршаған ортаны қорғау қорларының қаржылары;

              3. Экологиялық сақтандыру қаржылары;

              4. Ерікті взностар;

              5. Жеке меншік қаржы көздері;

Қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық әдістері:

              1. Қоршаған ортаны қорғауға байланысты іс-шараларды жоспарлау –қаржыландыру.

              2. Табиғи ресурстарды қолданғаны үшін төлем (салық, басқа төлем түрлері)

              3. Қоршаған ортаны қорғау қорларын құру(республикалық және жергілікті).

              4. Қоршаған ортаны қорғауды экономикалық ынталандыру.

              5. Экологиялық сақтандыру

Қоршаған ортаны қорғауды экономикалық ынталандыру шаралары:

              1. Экологиялық қауіпсіз технология енгізушілерге салықтық, басқа да жеңілдіктер жасау.

              2. Экологиялық таза өнімге үстеме баға беру.

              3. Экологиялық қауіпті өнімге арнайы салық салу.

              4. Экологиялық талаптарды орындаушы кәсіпорындарға несие жеңілдіктерін ұсыну.

Табиғатты орынды пайдалану – бұл шаруашылықты жүргізудің оның энергетикалық және шикізаттық сарқылмастығына адамға биологиялық түр және саналы әлеуметтік тіршілік иесі ретінде қажетті мекендеу орталарының параметрлерін сақтаумен үйлесімділікте қол жеткізілетін жүйесі. Қазіргі экология қоршаған ортаны сақтау мен табиғи ресурстарды орынды пайдалану – табиғатты қорғау туралы кешенді ғылымның негізі болып табылады. Табиғи сиымдылықты азайтудың бірнеше бағыттары бар:

  • экологиялық зиянды өнімдеоді жою мен қалдықты өнімдері көп өндіріс орындарының санын азайту арқылы өндіріс салаларын өзгерту;

  • екінші реттік шикізаттарды барынша қолдану үшін әр түрлі өндірістердібіріктіру, материалдық шикізаттар, өнімдер мен қалдықтар ағындары тұйықталған өндіріс бірлестіктерін құру;

  • ресурс үнемдейтін және қалдығы аз жаңа технологияларды қолдану арқылы ескі өндіріс технологияларын ауыстыру;

  • өндірістік циклге ескіргеннен кейін қайтып келу мүмкіншілігі бар сапасы жоғары жаңа өнімдер жасап шығару;

  • қалдықтарды жою, тазарту, залалсыздандыру технологияларын жақсарту.

Өндірістің табиғи сиымдылығын азайту үшін осы шаралардың барлығын толық түрде қолдану керек.
Мемлекеттік экологиялық саясаттың негізгі құралы деп экологиялық заңдылықты түсінеміз.
Қазіргі кезеңде экономикалық реформаларды жүзеге асыру барысында экологиялық факторларды ескермей әлеуметтік – экономикалық міндеттерді жүзеге асыру мүмкін емес. Адамның жақсы өмір сүруі үшін ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін дамыған технологияларды талап етеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет