Дәріс № 6 Дәріс тақырыбы: Аграрлық секторды мемлекеттік реттеу. Дәріс жоспары:
1. Аграрлық секторды мемлекеттік реттеудің қажеттілігі.
2. Қазақстандағы ауыл шаруашылық өндіріс саласында нарықтық қатынастардың қалыптасуы.
3. Ауыл шаруашылық өнімін мемлекеттік бақылау жүйесі.
4. Аграрлық секторды мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары.
Ауыл шаруашылығына сұраныс икемсіз, табиғи факторларға өте тәуелді.
Республикамыздың агроөнеркәсіп кешені экономиканың аса маңызды саласы және экономикалық дағдарысты жою, тамақ және жеңіл өнеркәсіптерін дамыту, саяси әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жолдындағы шешуші роль атқарады.
Ауыл шаруашылығы – Қазақстан экономикасындағы жетекші слаларының бірі, Жалпы Ішкі Өнімдегі үлесі 15%.
Агро-өнеркәсіптік кешен дегеніміз – ауыл шаруашылқ шикізатын өндіру мен өңдеумен айналысатын салаларының жиынтығы. Аграрлық сектордың өндірістік әлеуметтік ерекшелігіне қарай онда нарықтық механизмді ешқандай шектеусіз және түзету енгізусіз таза күйінде пайдалану өндірістік потенциалды қолдану тиімділігінің төмендеуін және әлеуметтік мәселелердің шиеленісуін тудырады. Аграрлық сектор нарықтық өзін-өзі реттеудің бастапқы алаңы ретінде нарықтың дамуы үшін реттеу мен қолдаудың ерекше мемлекеттік саясаты енгізілетін экономиканың бірінші саласы болы қажет, оның мәні әкімшілік емес экономикалық құралдарды ерікті (баға салықты азайту, жеңілдікпен несие,субсидия беру) өзара байланысқан жүйе ретінде пайдалану.
Ауыл шаруашылығында өндірістің негізгі құралы ретінде жердің бағасын анықтау, жердің сапасына қарай жер салығының мөлшерін белгілеу, ауыл шаруашылық жерлерінқорғау мен тиімді пайдалану жөніндегі іс шараларды жүзеге асыру, оның ішінде жердің құнарлылығының сақталуы мен оның жақсаруын бақылау қажет. Нарық ауыл адамдарына әлеуметтік әділеттілік кепілдік бере алмайды. Сондықтан бұл кемшілікті жоюды мемлекеттің әлеуметтік саясатын жүзеге асырып отыру керек. Оның негізгі бағыттары біріншіден барлық еңбекке қабілетті адамдарға табыс табуы және өзіне қажетті игіліктер мен қызмет түрлерін пайдалану, ауыл үшін кәсіпкерлікпен айналысуына шексіз мүмкіндіктер мен жағдайлар туғызу керек.
Аграрлық сектор экономикасын мемлекеттік реттеуде біздің стартегиямыз меншіктің негізгі түрлерін жеке меншік пен мемлекеттік меншікті үйлестіре және өзара қимыл жасай отырып бәсекелестік бастамаға енгізілген әлеуметтік экономика құру.
Ауыл шаруышылығының ең өзекті мәселелерінің бірі сатып алынатын және сатылатын товарларға баға теңгермешілігін сақтау. Яғни ауыл шаруышылық өнімдерімен осы салаға арналған өнеркәсіп өнімдері құндарының арасындағы қатынас осы екі саланың да мүддесіне лайық мәселесі.
Қазақстанда 1992 жылы ауыл шаруашылығын реформалаудың негізгі бағыттарының бірі – жекешелендіру болды. Жекешелендіру процессінің нәтижесінде ауыл шаруашылығында дағдарыс басталды. Яғни мемлекеттің тарапынан қолдау төмендеді, ауыл шаруашылығының материалдық-техникалық қамтамасыздығы төмендеді, ауылдың экономикалық инфрақұрылымы ыдырады, халықтың әл-ауқаты нашарлады, ауыл шаруашылығының өнімінің баға құрылмы бұзылды. Ауыл шаруашылығын дағдарыстан шығару мақсатында 1998 жылы «Ауыл шаруашылығын постприватизациялық қолдау» бағдарламасын этапта жүзеге асыру көзделді.
І кезең. 1998-2005 ж.ж
ІІ кезең. 2006-2011 ж.ж.
Бұл бағдарламаның мақсаты – ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің (кәсіпкерліктің) жағдайына қолдау жасау.
2003-2005 ж.ж. «Ауыл жылы» деп аталды.
Азық-түлік бағдарламасы қабылданды. Негізгі мақсаты – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Қазақстанда ауыл шаруашылығының тиімділігін арттырудың бір жолы – агроөнеркәсіптік интеграция болып табылады. Ауыл шаруашылығы өндіруші және өңдеуші салаларының бірлесе отырып іс-әрекет жасауы.
Мемлекеттің аграрлық саясатының негізгі бағыттары:
1. Ауыл шаруашылық инфрақұрылымды қалыптастыру.
2. Ауылдық секторда ҒТП-ті дамыту.
3.Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдауды, әсіресе, несие, салық жеңілдіктерін ұсынуды жетілдіру.
Ауыл шаруашылығында ауыз су проблемасын шешу.
Қазақстанда ауыл шаруашылық машина жасау саласын дамыту.