Дјріс сабаќтарыныѕ тезистері



бет2/12
Дата19.04.2023
өлшемі191,5 Kb.
#84748
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
ГРЭ курс лекций

Дәріс №2. Дәріс тақырыбы: Өтпелі экономиканың негізгі заңдылықтары.
Дәріс жоспары:
1. Өтпелі кезең, өтпелі экономика жайлы түсінік.Өтпелі кезеңнің объективті алғы-шарттары, сипаты.
2.Өтпелі экономиканың типтері.
3Өтпелі экономиканың негізгі заңдылықтары.
4.Советтік экономиканың дағдарысының спецификасы
а) экономикалық дағдарыс және жүйе дағдарысы
б) жоспарлы жүйенің дағдарысының себептері,мәні, кезеңдері
Өтпелі экономика дегеніміз әлеуметтік –экономикалық дамуын өзгертетін экономика. Өтпелі кезең дегеніміз ескі экономикалық жүйе құлдырап жаңа экономикалық қатынастар пайда болатын ұзаққа созылмайтын уақыт кезеңі (10-15 жыл). Қазақстандағы өтпелі кезеңді постсоциалистік немесе институционалдық трансформация деп сипаттауға болады.
Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуының стратегиялық мақсаты әлеуметтік бағытталған аралас нарықтық экономика болып табылады. Ол бәсекелестікке, меншіктің негізгі түрлерін араластыра отырып өзара іс әрекетке негізделеді.
Нарықтық экономикаға өту модельдері: «жұмсақ революция», нарықтық социализм, «есінен тандыру терапиясы», градуализм.
Қазақстан Республикасы нарықтық қатынастарға 1992 жылы қаңтарда аяқ басты.
Жекешелендіру – баға либерализация (ерітілік) қатар келіп – гиперинфляцияға әкелді. Ауыл шаруашылығын акционерлік қоғам десек, мүмкін. Нарықтық экономиканы қаллыптастырдық.
Өтпелі кезең дегеніміз – ескі экономикалық жүйе құлдырап, жаңа экономикалық жүйе қалыптасатын уақыт мерзімі (10-15 жыл).
Өтпелі экономика дегеніміз - өзінің әлеуметтік-экономикалық дамуын өзгертетін экономика, бір жүйе құлап, екінші жүйе қалыптасады.
Қазақстандағы өтпелі кезеңді біріншіден постсоциалистік трансформация деп атауға болады, себебі: социализмнен кейінгі – капиталистік қатынастарға көшу процессі, екіншіден өтпелі кезең – бұл институционалдық трансформация, себебі: жаңа нарықтық экономикалық инфрақұрылым қалыптасты.
Өтпелі кезеңнің себептері:

  1. Экономиканы қайта құру арқылы реформалаудың құлдырауы.

  2. Социалистік экономиканың толығымен мемлекеттендірілуі.

  3. Экономикалық өсудің қарқынының біртіндеп төмендеуі.

  4. Жеңіл өнеркәсіп саласындағы ғылым техникалық прогрестің баяу дамуы.

Қазақстанда нарықтық қатынастарға көшу кезеңдері мынадай кезеңдерге бөлінді:

  1. 1992-1997 ж.ж. Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету (жекешелендіру, либерализация).

  2. 1997-2005 ж.ж. Экономикалық өсуге көшу.

  3. 2006 жылдан нақты нарықтық экономикаға жету.

Өтпелі экономиканың сипаты.

  1. Тұрақсыздық

  2. Тарихи сипат - бір қоғамдық формация екіншіге аяқ басады.

Құлиеленуші – феодализм - капитализм
Спецификасы – кері процесс
Социализм – капитализм
3) Альтернативтік даму.
Белгілі бір мақсат қойып, таңдау. Қай жолмен даму керек?
Нарықтық экономиканың 2 моделі:

  1. либералды;

  2. әлеуметтік.

Қазақстан әлеуметтік моделін таңдады.
Өтпелі экономиканың типтері.
1. Масштабына (ауқымына) байланысты:

  1. шағын (локалды) – белгілі бір елдің экономикасына ғана тән өтпелі экономика.

  2. глобалды өтпелі экономика – бүкіл әлемдік арена жағынан, ауқымды деңгейде болады.

2. Сипатына байланысты.

  1. табиғи – эволюциялық сипат.

феодализм – капитализм – социализм. Қоғамдық эволюцияның дамуына сәйкес бір формация екінші формацияның орнын басады. Өндіргіш күштерін жетілдіруге сәйкес.

  1. табиғи-реформалық сипат.

Саналы түрде реформаларды жүзеге асыру арқылы өтпелі кезеңді жүзеге асыру. Қазақстанда осы сипатта жүзеге асырылады.
Өтпелі экономика заңдылықтары:
Нарықтық экономикаға көшу мақсатында жүргізіліп жатқан өзгерістерді өтпелі экономика заңдылықтары деп атайды.
Олар:

  1. Жекешелендіру процессі. Жеке меншік институтын құру мақсатымен.

  2. Бағаға еріктілік беру.

  3. Жаңа нарықтық инфрақұрылымның қалыптасуы.

  4. Экономикалық құлдырау (трансформационный спад). Экономикалық құлдырау – экономиканың өтпелі сипатына байланысты пайда болған дағдарыс.

  5. Дағдарыссыз экономика дамымайды.

  6. Халықаралық экономикаға интеграциялану.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет