Дјріс сабаќтарыныѕ тезистері


Дәріс № 9. Дәріс тақырыбы: Халықты әлеуметтік қорғау және әлеуметтік – мәдениет сферасының дамуын мемлекеттік реттеу



бет9/12
Дата19.04.2023
өлшемі191,5 Kb.
#84748
түріКонспект
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
ГРЭ курс лекций

Дәріс № 9. Дәріс тақырыбы: Халықты әлеуметтік қорғау және әлеуметтік – мәдениет сферасының дамуын мемлекеттік реттеу.

Дәріс жоспары:


1. Әлеуметтік саясаттың мәні.
2. Халықтың табысы, оларды бөлу мәселелері.
3. Әлеуметтік теңдік мәселесі және халықты әлеуметтік қорғау.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің объективті қажеттілік факторларын қарастырғанда әлеуметтік салаға ерекше көңіл бөлу қажет. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты бұл қоғам өмірінің әлеуметтік – экономикалық жағдайларын реттеу жөніндегі қызметінің бір бағыты.
Мемлекеттің әлеуметтік саясатының мәні – қоғамдағы әділеттілік қатынастарды қолдау немесе қоғамдағы әлеуметтік топтардың арасындағы қатынастарды реттеу, қоғамдық мүліктерінің тұрмыс дәрежесін, әл-ауқатын көтерудің жағдайларын қамтамасыз ету, қоғамдық өндіріске қатысу үшін экономикалық ынталандырудың әлеуметтік кепілдіктерін жасау. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты елдегі бүкіл экономикалық хал- ахуалмен тығыз байланыста болады.
Әлеуметтік саясаттың негізгі қызметтері мынада: қоғамдағы әлеуметтік теңдікті сақтау, әлеуметтік қорғау жүйесін, тұрғындардың әл-ауқаты мен табыстарды өсуіне мүмкіндік жасау. Осы орындайтын қызметтеріне байланысты келесі талаптарды шешу керек: 1) Халықты жұмыспен қамту бағдарламасын іске асыру. 2) Тұрмысы нашар тұрғындарға әлеуметтік көмек жасау. 3) Тұрғындардың барлығы білім алуы, медициналық көмек, әлеуметтік сақтандыру мәселесін шешу.
Әлеуметтік саясаттың нәтижесі халықтың өмір деңгейі мен оның сапасына байланысты болады.
Өмір деңгейі – бұл материалды игіліктерді тұтыну деңгейі, азық-түлікпен, баспанамен және т.б. қамтылуы.
Көптеген елдердің тәжірибесі көрсеткендей енгізілетін медициналық сақтандыру жүйесі тек елдің тұрақты экономикалық дамуы кезеңінде ғана кең етек жаяды. Кері жағдайда бұл жүйенің енгізілуі халыққа кепілдік мединциналық қызмет етудің құлдырауына әкеледі. Білім беру саласының мемлекеттік секторын реттеудің негізгі құралы оның дамуын ағымдық және ұзақ мерзімдік жоспарлау жатады. Бұл жоспарларда жоғарғы оқу орындарының материалдық техникалық базасын нығайту мен оның дамуын бюджеттік қаржыландыру көрсеткіштері көрініс табады. Жалпы білімнің дамуын мемлекеттік реттеу Қазақстан Республикасының заңдық, құқықтық актілеріне негізделеді. Қоғамдық өмірдің ерекше өрісін мәдениет, өнер, бұқаралық ақпарат құралдары құрайды.
Мемлекеттің әлеуметтік саясатының тізбегіндегі проблема – халытың табысын құру болып табылады. Табыс – жаңадан жасалған құнның мөлшерін анықтауға қолданып, оны өндірілген құнның оны өндіруге жұмсалған шығындардан артық болуы, әр таптың, әлеуметтік топтың немесе жекелеген адамның өндірілген өнімдегі үлесі, оны иемденуі мағынасында түсінеді.
Табыс деп адамның бір жалда еңбегімен тапқан немесе басқа жақтан түскен ақшаның сомасын айтады. Қоғам мүшелерінің табыс дәрежесі, деңгейі олардың әл-ауқатының басты көрсеткіші. өйткені ол жеке адамның материалдық және рухани өмірін анықтап, демалуына, білім алуына, денсаулығын сақтауға, күнделікті тұтыну қажеттілігін өтеуге мүмкіндік береді.
Жыл сайын материалдық игіліктерді өнідру саласында қоғамдық жиынтық өнім жасалады, ұлттық табыс құрылады. Халықтың табысының деңгейі мен динамикасын сараптау үшін номиналды, қолдағы бар және нақтылы кірістерінің көрсеткіштері қолданылады.
Номиналды табыс – жекелеген адамдардың белгілі уақытта алған ақшасының саны
Қолдағы бар табыс – жеке тұтынуға және жеке жинақтауға болатын табыс. Қолдағы бар табыс номиналды табыстан салық пен міндетті төлемдер сомасына кем болады.
Нақтылы табыс – белгілі бір уақытта қолдағы бар табысқа сатып алған қызмет пен тауарлардың саны. Ол баға деңгейінің өзгеруімен түзетіліп отырады.
Табыстың түсу көзінің негізгі жолдары:

  1. Жұмыскердің өз еңбегімен тапқан табысы (жалақы, сыйақы, т.б.)

  2. Кәсіпкерлік табыстар (пайда)

  3. Меншіктен түсетін табыстар (дивиденд, пайыз, рента, т.б.)

  4. Еңбек ету үлесіне байланыссыз түсетін әлеуметтендірілген табыстар ( қоғамдық тұтыну қорлары, трансферттік төлемдер)

  5. Көлеңкелі экономикадан түсетін табыстар.

Әлеуметтік теңдік деп жалпы адам, гуманитарлық өндірістің баы, яғни әлеуметтік экономикалық түрге байланыссыз адамдардың арасында болатын қатынастарды айтамыз.
Әлеуметтік теңдікке тұрғындардың оқуға, дәрігерлік көмекке, тұрғын үйді иеленуге, әлеуметтік қорғалуға тең құқылығы жатады. Еліміздің нарықтық экономикаға көшуі адамдардың әлеуметтік тәуекелінің артуына алып барады. Нәтижесінде, адамдар өмір деңгейімен жіктеледі. Сондықтан да әлеуметтік сенімді механизм қажет.
Әлеуметтік қорғау дегеніміз - мемлекет тарапынан халықтың материалдық және әлеуметтік жағдайын бақылайтын шаралар. Бұл жүйе тек халықтың табысы аз топтары мен өндіріске қатыспағандарды ғана қамтымайды, ол сонымен қатар қоғамдық өндіріске қатысушыларды да, ең алдымен жалданып істейтіндерді де қорғайды. Мұны еңбекті заңдастырудан және оған ақы төлеуден, жұмысщыларды жұмысқа алу мен босату жөніндегі ережелерден көреміз.
Халықты әлеуметтік қорғаудағы негізгі элемент – оның ақшалай табыстарын индексациялау. Мұның негізгі міндеті – инфляцияның келтірген шығындарын өтеу болып табылады.
Ең алдымен, әлеуметтік қорғау жүйесі қоғамның ең қорғансыз бөлігі – қарттар, мүгедектер, көп балалы отбасылар, жетім-жесірлерді, ауру-сырқауларды қорғауды көздейді, мысалы әлеуметтік көмек – зейнетақы, жәрдемақы, стипендия.
Әлеуметтік міндеткерлік – тегін орта білім беру, адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, алғашқы медициналық көмекті тегін көрсетут.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет