Дәріс № 8. Дәріс тақырыбы: Өндірістік инфрақұрылымның дамуындағы мемлекеттік реттеудің ролі.
Дәріс жоспары:
1. Өндірістік инфрақұрылым жайлы жалпы түсінік.
2. Транспорт және байланыс салаларының әлеуметтік-экономикалық ролі.
3. Өндіріс құралдары рыногінің мәні.
4. Мемлекеттің тауар биржаларының және сауда үйлерінің іс-әрекетін реттеуі.
Қоғамдық өндіріс екі үлкен сферадан тұрады. Оның біріншісіне – қоғамның материалдық-заттық қажеттіліктерін қанағаттандыратын салалар жататын болса, екіншісіне - оның материалдық емес сұраныстарын қамтамасыз ететін салалар жатады.
Экономиканың дербес сферасы болып, инфрақұрылым, материалдық-заттық өндірістен қоғамдық еңбек бөлінуінің тереңдеуіне және оның сыртқы жағдайларын қамтамасыз етуге деген сұраныстың өсуіне байланысты бөлініп шықты. Кәсіпорындардың сыртқы жағдайлары біркелкі болмағандықтан, инфрақұрылым салалары да біркелкі емес. Сол себепті, инфрақұрылымды төрт түрлі ірі салалар тобына бөлуге болады:
1. Өндірістік инфрақұрылым - өндіріс процестерінің тікелей сыртқы жағдайларын қамтамасыз ететін салалар кешені. Оған жук тасу көлігі, көтерме сауда, электрмен, газбен, сумен қамтамасыз ету, қойма шаруашылығы, байланыс, информацияны өңдеу салаалары және іскерлік қызметтер сферасы жатады. Іскерлік қызметтер сферасы жарнама мен маркетингтік қызмет көрсетуді, жалға алу мен лизингті, басқару, инвестициялық саясат т.б. жөнінде консультациялық қызмет көрсетуді, инжирингті қамтиды.
2. Әлеуметтік инфрақұрылым – жұмыс күшін ұдайы өндірумен байланысты салалар кешені: денсаулық сақтау, білім беру, жеке сауда, жолаушылар тасу көлігі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, қоғамдық тамақтандыру, демалысты ұйымдастыру т.б салалар.
3. Экологиялық инфрақұрылым – адам тіршілігінің зиянды жақтарынан қоршаған ортаны қорғау, қоғам өндірісі дамуының экологиялық жағдайларын қамтамасыз ету сфералары мен инженерлік құрылыстардың кешені.
Көлік кешенінің экономикалық маңызы оның орындайтын қызметіне байланысты. Көлік кез келген өндірістің айрылмас бөлігі болып саналады және ол қоғамдық еңбек бөлінуінің негізгі материалдық базасы боп есептеледі. Көлік жүйесі тасымалдау жұмыстарын атқаруда бірімен-бірі тығыз байланысты болатын әр түрлі көлік түрлерінің кешені.
Республика көлік кешенін мемлекеттік реттеу жүк тасымалдау шығынының аз болуын тасымалдау шығынының неғұрлым жоғары болуын тасымалдаудың үздіксіз болуын қамтамасыз етуі тиіс.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының көлік кешенін басқару Қазақстан Республикасының Көлік және Коммуникациялар Министрлігіне жүктелген Үкімет бекіткен ережеге сәйкес оның негізгі міндеттері болып мыналар саналады:
- көлік саласында Қазақстан Республикасының мүдделерін қорғау;
- көлік саласында мемлекет аралық және халықаралық қатынастарды жүзеге асыру;
- көлік қызметін тұтынушылардың құқық сақтауын бақылау.
Автомобильдік жолдарды қаржыландыру мәселелері.
Жолдар – мемлекет инфрақұрылылымының негізгі элементі болып табылады. Жол жүйесінің дамуына байланысты елдің экономикалық жағдайы да өзгеріп отырады. Қазақстандағы көлік саласының негізгі мәселесі – жолдардың бұзылуы.
Каз ДОР НИИ ААҚ зерттеулері бойынша қолданыстағы жолдарының 75% қажетті стандартқа сай келмейді.
Осы жолдардың ішінде 20% қираған, 35% құлдырау жағдайында. 1992 жылға дейін жол құрылысына мемлекет бюджетінен қаржы бөлінген. 1992 жылы Қазақстан Республикасының “Жол қоры жайлы” заңы жүзеге асты. Осы заң бойынша жол құрылысын қаржыландыру облыстық және республикалық деңгейде жүзеге асады. Жыл сайын орташа капиталдың жөндеуге 300-400 мың $ бөлінеді.
Көлік саласының жалпы қаржысының көлемі Қазақстанда 1-1,3 млрд АҚШ $ төмен болмауы керек. 28 қараша, 2001 жылы Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығы бойынша Қазақстан Республикасының 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.
Осы бағдарлама бойынша мемлекеттік бюджеттен 1580,1 млн $ бөлінді. Соның ішінде :
1. Капиталды және орташа ремонтқа:
2001
|
2002
|
2003
|
2004
|
2005
|
24.2
|
20.7
|
62.0
|
72.0
|
104.7
|
2. Құрылыс және реконструкцияға:
2001
|
2002
|
2003
|
2004
|
2005
|
53.9
|
43.3
|
123.2
|
165.3
|
261.2
|
Жол саласын ғылыми тұрғыдан зерттеу:
2001
|
2002
|
2003
|
2004
|
2005
|
0.3
|
0.4
|
0.4
|
0.4
|
0.4
|
Жол техникасын сатып алу – 12.9
Белоруссия мен Ресейде бұл көреткіштер 2-10 есеге дейін көп.
Қазақстан Республикасында 2002 жылы 1 км – 1.33 млн теңге.
Дамыған мемлекеттерде 1 км автомагистраль жөндеуге Франция – 16 мың $, Германияда – 27.2 мың $, АҚШ-да – 17.6 мың $.
Дүниежүзі елдері мен Қазақстан арасындағы аралық экономикалық қарым-қатынасты дамытудың негізгі құралы – теміржол көлігі болып табылады. Мұнда жүк тасымалдау жүзеге асырылады. Европа мен Азия арасындағы көліктік байланыс келесі халықаралық конференцияларда қаралды:
І. 1991 жылы Прага қаласында.
ІІ. 1994 жылы Крит аралында жалпыевропалық конференция.
ІІІ. 1997 жылдың 23-25 мауымында Хельсинки қаласында.
Крит келісімі бойынша Европа террриториясы бойынша трансевропалық коридор өту қажеті қаралды.
Хельсинки – Евразияның көлік жүйесінің техникалық параметрлері мәселесі қарастырылды.
Қазақстан Республикасы үшін қажет мәселе: негізгі бағыттағы темір жолдарының модернизациясы, «Дружба» станциясының салынуын аяқтау.
Қазақстан Республикасы – Азия және Европаны байланыстыратын трансконтинент.
Достарыңызбен бөлісу: |