Дәріс № 5 Дәріс тақырыбы: Экономикалық өсудің мәні және нарықтық экономикадағы негізгі мәселелері. Дәріс жоспары:
1. Экономикалық өсудің мәні және қарқыны, түрлері мен факторлары.
2. Экономикалық өсудің үлгілері.
3. Экономикалық өсуді мемлекеттік реттеу.
Экономикалық өсу дегеніміз - қоғамдық өндірістің ұлғайып , дамуының нәтижесінде ұлттық табыстың көбеюі, халықтың әл-ауқатының жақсаруы.
Экономикалық өсудің көрсеткіштері:
ЖІӨ өсуі;
жан басына шаққанда ЖІӨ- нің ұлғаюы.
Экономикалық өсудің жалпы тарихта белгілі үш түрі бар:
1. Экстенсивті өсу дегеніміз қосымша өндіріс факторларын тарту арқылы ұлттық өнімнің көбеюі. Мұнда өндіріс технологиясы өзгеріссіз қалып, ал өндщіріс процесінде қосымша ресурстардың іріленген көлемін пайдалану арқылы қамтамасыз етілетін экономикалық өсім. Мысалы, СССР экономикасына тән.
Оң жақтары:
Кемшіліктері:
- көп ресурстарды қажет етілетіндіктен өндіріс шығындарын арттырады.
2. Интенсивті өсу дегеніміз өндіріс факторларын сапалық жетілдіру арқылы прогрессивті құрал жабдықтарды пайдалану, еңбек өнімділігін арттыру.
Оң жақтары:
- бәсекеқабілеттілікті жоғарылатады.
- экономикалық өсудің тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Кемшіліктері:
- экологияға кері әсерін тигізуі мүмкін.
3. Аралас өсу - өндіріс қуатының өсуі нәтижесінде өндіріс факторларының қолданылуы санының өсуі және технологияның жетілуі.
Экономикалық өсу факторлары:
1. Табиғи ресурстар
2. Еңбек ресурстар
3. Капитал
4. Ғылыми-техникалық прогресс.
ХІХ ғасырдың ІІ жартысында өндіріс процесін сипаттайтын экономикалық өсудің көп факторлы моделі - өндірістік функцияның негізін Ч. Кобб-Дуглас қалады.
Q=F (K;L)
Кейін ХХ ғасырдың бас кезінде американ экономисі Р. Солоу - өндірістік функцияға өзгеріс енгізді.
Өндіріс факторының экономикалық өсудегі ролін зерттей отырып, оның жартысын (50%-н) ҒТП қамтамасыз етеді деген қортындыға келді.
Q=F(K;LE)
Мұндағы Е – еңбектің тиімділігі, ал (LE) – тұрақты Е тиімділігі болған кездегі бірлік еңбектің саны.
Екінші үлгі. ХХ ғасырдың 40 жылдары Кейнстің ілімін жалғастырушылар Р. Харрод, Е. Домар экономикалық өсудің қарқынды модельдерінің негізін қалады.
Олар ҒТП-ң үздіксіз даму кезеңінде тұрақты экономикалық өсу қамтамасыз етіледі. Мұндай өсуде жиынтық сұраныс – экономикалық өсу типтеріне, қарқынына тура пропорционал болады. Харрод пен Домар «инвестиция және жиынтық кірістің» өзара байланысын зерттеді.
Мультипликатор және акселератор.
Мультипликатор (көбейткіш) дегеніміз – инвестиция көлемінің өзгеруінің жиынтық кіріс көлемінің өзгеруіне әсерін сипаттайтын сандық көрсеткіш.
Акселератор – жиынтық кіріс көлемінің өзгеруінің инвестиция көлемінің өзгеруіне әсерін сипаттайтын сандық көрсеткіш.
Мемлекеттің экономикалық саясатты жүзеге асырудың негізгі құралдары:
фискалдық саясат,
ақша-несие саясаты
Экономикалық құлдырау фазаларында мемлекеттің экономикалық саясаты – ынталандырушы сипатта болуы қажет. Ал қарқынды өсу кезеңінде рестрективті, тежеуші (сдерживающий) сипатта болуы қажет.
Ақша-несие саясаты:
Тежеуші саясат: есептік ставканы жоғарылату, резервтік норманы төмендету, ашық рыноктағы бағалы қағаздарды сату.
Сонымен қатар, мемлекет экономикалық өсудің нақты жолдарын көрсетеді: «Стратегия 2030», «Президенттің әрбір жылғы Жолдауы», «Қазақстанның бәсекеқабілетті 50-ге жуық әлем елдерінің қатарына қосылу стратегиясы», «Индустриалдық-инновациялық стратегия».