Дјріс сабаќтарыныѕ тезистері


Дәріс № 7. Дәріс тақырыбы



бет7/12
Дата19.04.2023
өлшемі191,5 Kb.
#84748
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
ГРЭ курс лекций

Дәріс № 7. Дәріс тақырыбы: Инвестициялық - құрылыстық кешенді мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары.

Дәріс жоспары:


1.Инвестицияның мәні және түрлері.
2. Шетел инвестицияларын әрі қарай қолданудың өзекті мәселелері.
3. Инвестициялық іс-әрекетті мемлекеттік реттеу.
4. Құрылыс кешені және оның дамуын мемлекеттік реттеу.

Инвестиция – кәсіпкерлік объектілеріне пайда алу мақсатында салынатын материалдық және интеллектуалды құндылықтардың жиынтығы. Инвестициялық процесс – капиталды ұлғайту мақсатында ұдайы процесс. Мемлекеттің құрылымдық саясаты, ең алдымен макроэкономикалық деңгейде инвестициялық шешімдер қабылдап, жүзеге асыру арқылы, яғни құрылымдық және инвестициялық саясаттарды тығыз байланыста екені белгілі. Инвестициялық саясат маңызды үш бағытта жүргізіледі:



  • Мемлекеттік бюджеттік қорларды пайдалану арқылы;

  • Ішкі несие қорлары мен жеке заңды тұлғалардың өзіндік қаражаттарын тиімді қолдануды ынталандыру арқылы;

  • Шетелдік инвестициялар тарту мен тиімді пайдалану механизмі арқылы.

Осы бағыттар ішінен басымдысын таңдап алу және халық шаруашылығының барынша тиімді аймақтық – салалық құрылымын қолдау мақсатында олардың үйлесімін қамтамасыз ету – мемлекеттің инвестициялық саясатының негізін құрайды.
Инвестиция түрлері:

  1. Тура инвестиция. Ол кәсіпорынды басқару құқығын береді.

  2. Портфельдік инвестиция. Инвестицияның бұл түрі акциздік капиталдың 20% құрайды, басқаруға құқық бермейді.

Инвестицияның артықшылықтары:

  1. ЖІӨ ұлғайтады.

  2. ҒТП-ң дамуына жағдай жасайды.

  3. Халықтың әл-ауқатын жоғарылатады. Халық жұмысқа тартылады.

  4. Қазіргі кезеңгі Қазақстандағы бәсекеқабілеттілікті жоғарылату мақсатындағы инновациялық-индустриалдық дамуға жағдай жасалады.

Инвестиция көздері:


Кәсіпорынның ішкі көздері:

  1. кәсіпорынның ішкі саласы

  2. халықтың жинағы

  3. бюджеттен бөлінетін қаржы

Сыртқы көздері:

  1. тура шетелдік инвестициялар

  2. халықаралық займдар

  3. халықаралық қорлардың гранттары.

  4. Елдің экономикалық инвестициялық активтілігі. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемімен өлшенеді.

Қазақстанға инвестиция салушылар (елдер): ТМД – Ресей, Украина; Қытай (жан-жақты); Түркия (жеңіл өнеркәсіп), Корея (металлургия), Иран, Пәкістан, Ауғанстан.
Батыс елдерінен: Германия, Ұлыбритания, Франция, Чехия, АҚШ, Литва, Австралия.
Инвестиция тартымдылығы төмен салаларға мемлекеттік инвестициялар салынады. Мемлекет инвестициялардың мемлекет үшін стратегиялық маңызды секторларға бағынады.
Мемлекеттік инвестициялардың тиімді бөлінуі үшін “Мемлекеттік инвестиция” бағдарламасы жасалады. Елімізде Қазақстан Республикасының инвестиция жөніндегі агенствосы құрылған, Қазақстан Республикасы Президенті тұсындағы “Шетелдікинвестицияның кеңесі”, “Инвестициялық іс-әрекет” толық заңдылықпен қамтамасыз етілген.
Мемлекеттік инвестициялар мынадай салаларға бөлінеді:

        1. Жол салу құрылысы.

2. Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі.
3. Әлеуметтік мәселелерді шешу: мектеп, аурухана, мәдени ошақтарды қалпына келтіру, басқа мәселелерін шешу және т.б.

  1. Қорғаныс мәселесіне байланысты. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

  2. Ауыл шаруашылық салаларына.

Инвестициялық саясаттың бағыттары:

  1. Отандық және шетел инвестицияларына бірдей жағдай жасау.

  2. Инвестициялық заңдылықты жетілдіру.

  3. Жеке кәсіпкердің инвестиция көлемін ұлғайту, әсіресе, халықтың жинағын тарту.

  4. Кедендік және салықтық жүйені жетілдіру.

Бұл инвестициялардың тиімділігін арттыру, іскер ақпараттың бәсекелі рыногын қалыптастыру, инвестиция салу объектілерімен толық танылып білу үшін жасалады.
Қазақстанда тартылып жатқан инвестициялардың көп бөлігі өндіруші, өңдеуші салада көп шоғырланған. Ал бәсекеқабілеттілікті қамтамасыз ету жағдайында басты мақсат болып: қызмет көрсету саласындағы инвестиция салымын көбейту.
Қалыптасқан пікір бойынша инвестиция құрамына пайда, табыс және әлеуметтік эффект алу мақсатында экономика салаларының барлық нысандарына кәсіпкерлік қызметті дамытуға жұмсалатын меншік және интеллектуальдық құндықтардың барлық түрлері енеді. Инвестициялардың күрделі қаржыдан тағы бір айырмашылығы, олар материалдық емес активтерді ( жер бөліктерін пайдалану құқығы мен табиғатты пайдалану нысандары, патенттер, авторлық құқықтар, тауарлық белгілер, лицензиялар) ұлғайту үшінде жұмсалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет