Дулати атындағы тараз


Дәріс 6.  Дән және бұршақ дақылдарының дәстүрлі емес шикізаттары



Pdf көрінісі
бет9/24
Дата27.11.2023
өлшемі499,33 Kb.
#130129
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24
Байланысты:
Лекция Тамақ өнімдерін өндірудегі дәстүрлі емес шикізатты қолдану (1)

Дәріс 6. 
Дән және бұршақ дақылдарының дәстүрлі емес шикізаттары
Ежелден-ақ өсімдік шаруашылығының негізін дәнді дақылдар құрайды. Дәнді дақылдар
дүниежүзіндегі өңделетін жер қорының 1/2-інен астамын алып жатыр. Олардың егістіктері іс
жүзінде адамдардың қоныстану аймағына сәйкес келеді. Соңғы 50 жыл ішінде дәнді
дақылдар өнімділігі үш есеге артқан, жылына өндірілетін мөлшері 2 млрд т-дан асып отыр.
Дәнді дақылдар өнімділігі егіс көлемін ұлғайту есебінен емес, әрбір гектардан алынатын
түсімді көтеру есебінен көбеюде. Дәнді дақылдардың шығымдылығы дамушы елдерде 15—
20 ц/га болса, дамыған елдерде ол көрсеткіш 35—40 п/га. Дүниежүзі бойынша жылына дәнді
дақылдардан алынатын өнімнің жартысына жуығы Азня елдерінде, 1/4-і Солтүстік Америка,
ал қалған бөлігі Еуропа елдері мен басқа елдер үлесіне келеді. Елдер арасындағы 1-орында
соңғы кезде АҚШ-ты басын озған Қытай, 3-орында — Үндістан, 4-орында Ресей болса, 5-
орынды Франция иеленеді. Дәнді дақылдар тамақ, құрама жем, спирт және т.б. өндіріс
салаларына шикізат болып табылады. Дәнді дақылдардың негізін басты үш дақыл — бидай,
күріш және жүгері құрайды. Дәнді дақылдар егістігінің 32%-ын бидай, 20%- ын күріш, ал
18%-ын жүгері егістігі алып жатыр.
Бидай — ең басты дақыл. Оның негізгі шыққан ошағы Алдыңғы Азия мен Жерорта теңізі
аймағы. Оны академик Н. И. Вавилов анықтаған.
Қазір бидай адам тұрақты мекендейтін барлық материктерде өседі. Бидай солтүстік жарты
шарда көп өсіріледі. Дүниежүзінде 70-тен астам ел бидай өсірумен айналысады, бірақ оның
жалпы өнімінің басым бөлігі тек бірнеше елге тиесілі. Алдыңғы үштікті Қытай, АҚШ,
Үндістан құрайды. Кесте мәліметтері негізгі бес дақылды (күріш, бидай, қарабидай, жүгері,
арпа) жинау көрсеткіштері негізінде құрастырылған.
Бидайдың тауарлық өндірісі XIX ғасырдан бастап дала зонасы таралған материктерде
қалыптаса бастаған. Қазір олар жоғары маманданған ірі шаруашылықтарға айналған. Ондай
аудандарға АҚШ пен Канададағы Ұлы жазықтар, Ресейдің; Еуропалық, бөлігінің оңтүстігі,
Украина, Қазақстан, Ұлы Қытай жазығы, Африканың оңтүстігі, Аустралияның оңтүстігі,
Аргентина Пампасы сияқты басты астықты өңірлер жатады. Астықты өлкелердің бірі болып
саналатын жер — АҚШ пен Канаданың Орталық жазықтары. Мұнда көбінесе жоғары сапалы
нан пісіруге арналған қатты бидай өсіріледі. Виннипег каласын бидай астанасы деп атайды.
Жүгері (маис)—Америкадан Колумб саяхатынан кейін дүниежүзінін басқа аудандарына да
таралды. Оның егістіктері көбінесе бидай егістігі мен қатар орналасады. Тек дән үшін ғана
емес, мал бордақылауға аса қажет көк балауса алу үшін өсіру соңғы кезде оның таралу
аймағын кеңейтті. Басты өндіруші елдер — АҚШ, одан кейін Қытай, Латын Америкасынан
Бразилия мен Мексика және Батыс Еуропаның оңтүстігіндегі елдер. Дүниежүзіндегі жүгері
өсіретін басты аудан — АҚШ-тың Ұлы көлдерінен оңтүстікке қарай орналасқан жүгері
белдеуі. Бұл жер осы дақылды өсіруге ең қолайлы жер болып табылады. Жүгері өндіруден
әсіресе Айова штатының даңқы шыққан. Дамыған елдерде жүгері мал азығы ретінде, ал
дамушы елдерде азық-түлік дақылы ретінде өсіріледі.
Өндірілетін астықтың дүниежүзілік нарыққа 10—15%-ы шығарылады. Астықты сыртқа
шығарушы елдер қатарына астық шаруашылығы халықаралық мамандану саласы болып
табылатын АҚШ, Канада, Франция, Аустралия, Аргентина жатады. Азық-түліктік астық өз


Лекция конспектілері
Н3-1.1.39
08.08.2023
астығы жетпейтін Египет, Қытай, Иран, Ресей сияқты елдерге, мал азықтық дақылдар
Жапония, Батыс Еуропаның бірқатар елдеріне және Ресейге жіберіледі.
ТМД елдерінің көпшілігі өсімдік шаруашылығының артта қалуына байланысты дәнді
дақылдарды сырттан алуда, жыл сайын 30—40 млн т астық сатып алуға мәжбүр. Бұл
тұрғыдан алғанда Қазақстанда ілгерілеу байқалады. Соңғы жылдары Қазақстан астықты
сыртқа шығаратын елдер қатарына қосылды. Мысалы, 2009 жылы ұн сатудан ТМД елдерінде
бірінші орынға шықты.
Басқа да астық тұқымдастар секілді піскен жүгері дәні өте қоректі келеді, оның құрамында:
углевод, белок, май, калий, фосфор, магний, кальций т. б. минералдық тұздар, витаминдер
бар. Азықтық жүгері дәнінен ұн, әр түрлі жарма, ал жүгері жармасынан — жүгері үлпілдегі,
үлпек дән және қытырлауық «таяқша» алынады. Жүгері үлпілдегі , үлпек дәні және
қытырлауық «таяқша » — қосымша баптаулы қажет етпейтін дәмді тағам. Организмге жақсы
сіңеді. 
Оны үш мезгілгі аста: шай, суп, қуырылған нан қосылған сорпа, компот, шырын, кисель,
простокваша, айранмен т.б. жеуге болады. Ол әсіресе балаларға пайдалы (ыстық сүтке қосып
береді). Құмшекер себілген жүгері үлпілдегі мен тәтті қытырлауық «таяқшаны» ет-женді
және тез толатын адамдарға, сондай-ақ қант диабетімен ауыратындарға жеуге болмайды.
Жүгері үлпілдегін, «таяқшаны» үлпек дәнді құрғақ жерде сақтаған жөн. 
Күріш — тропиктік дәнді дақыл. Оның негізгі шыққан жері — Қытай. Бидай сияқты басқа
жерлерге "қоныс аударған". Муссондық климат сипаты тән субтропиктік, тропиктік және
субэкваторлық белдеулерде қосымша қолдан суару арқылы өсіріледі. Егістік аумағы
бидаймен салыстырғанда екі есе аз болғанына қарамастан, өнім мөлшері бірдей. Оның басты
себебі климаттық жағдайға байланысты көптеген елдерде (Қытай, Үндістан, Жапония,
Индонезия, Египет және т.б.) күріштен жылына екі рет өнім жиналады. Күріш — жылу мен
ылғалды, күтімді көп қажет ететін дақыл. Сондықтан халық өте тығыз орналасқан
аймақтарда басым өсіріледі. Қазіргі кезде күріш өсірумен 100-ге жуық ел айналысқанымен,
оның дүниежүзілік жалпы өнімінің 9/10-ы Азияның күріш өсіруші елдеріне келеді.
Дүниежүзіндегі суармалы жердің 2/3-сін күріш алып жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет