Дулати атындағы тараз


Дәріс 5.  Өсімдік тішілігінің ақуызы бар препараттар



Pdf көрінісі
бет8/24
Дата27.11.2023
өлшемі499,33 Kb.
#130129
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24
Дәріс 5. 
Өсімдік тішілігінің ақуызы бар препараттар
Ақуыз, нәруыз, белок — молекулалары өте күрделі болатын аминқышқылдарынан құралған
органикалық зат; тірі ағзаларга тән азотты күрделі органикалық қосылыс. Аминқышқылдары
қалдықтарынан күралған жоғары молекуларлық органикалық түзілістер. Ақуыз ағзалар
тіршілігінде олардын құрылысы дамуы мен зат алмасуына қатысуы арқылы эр алуан өте
манызды қызмет атқарады. Ақуызды зат құрамында міндетті түрде азоты бар күрделі
органикалық қосылыс. 
Ақуыздар
— жасушаның ең маңызды макромолекулаларының бірі. Оның элементтік
құрамын, құрылысының теориясын алғашқылардың бірі болып зерттеген және «протеин»
(protein – бірінші) деп атауды ұсынған голландия химигі және дәрігері Г.Я. Мульдер (1802-
1880) болатын. Белоктар органикалық заттар дамуының ең жоғарғы сатысы және жер
бетіндегі тіршіліктің негізі. Организмнің тірек, бұлшық ет, жамылғы тканьдері белоктардан
құралған. Олар организмде әр түрлі қызмет атқарады, химиялық реакцияларды жүргізеді,
дене мүшелерінің қызметтерін өзара үйлестіреді, аурулармен күреседі, т.б.
Белоктардың құрамы мен құрылысы өте күрделі. Молекулалық массалары жүздеген мыңнан
миллионға дейін жетеді. Төрт түрлі құрылымы болады. Олардың құрылымы бұзылса,
денатурацияға ұшырап, организмдегі қызметін атқара алмайды.
Ақуыздар аминқышқылының тізбегінен тұрады. Ақуыздар тірі организмның құрамына кіріп
қажетті маңызды функцияны атқарады. Ақуыздарды құрылымы және функционалды
атқаратын қызметіне қарай бөлу қиын. Ақуыздарды құмына, қышқылдығына қарай ақуыз
емес топтарына қарай бөлген. Демек, ақуыздар жай (протеин) және күрделі (протеид) деп
бөлінеді. Жай ақуыздар гидролиздегенде тек аминқышқылын түзеді. Жай ақуыздарға
альбумин, склеролротеидтер жатады. 
Күрделі ақуыздарға ақуызбен нуклеин
қышқылының комплекстері (нуклеопротеидтер), полисахаридтермен ақуыз комплестері
(гликопротеидтер), липидтер (липопротеидтер), бояғыш заттармен (хромопротеидтер),
фосфор қышқылының қалдықтарымен (фосфопротеидтер), ауыр мателдардың иондары
(металопротеидтер) жатады. Ақуыздар молекуласының формасы бойынша глобулалы және
фибрилді деп бөлінеді. Ақуыздар реакцияға түскенде әр түрлі түске боялады, сондықтан
оларды сапалық анализ жасаумен анықтайды. Ақуыздардың (пептидтер) қасиеті – олардың
құрамына кіретін аминқышқылдардың табиғатымен және мөлшерлік қатынастаырмен
анықталады. Ақуыз молекуласында аминқышқылдары бір-бірімен пептидтік байланыс
арқылы байланысып үлкенді кішілі полипептид тізбегін түзеді.
Жоғары молекулалы қосылыс құрамына 100-ге тарта пептидтік байланысы бар қосылыстар
пептидтер деп аталады да, молекулалық массасы 10000 Дальтонды құрайды. Пептидтік
байланысы жүзден асатын пептидтер ақуыздар деп аталады да, салыстырмалы молекулалық
массасы 10000-нан бірнеше млн-ға дейін жетеді. 
Қазіргі кезде аминқышқылдарды ақуыздық, протеиндік аминқышқылдары деп атайды. α-
аминқышқылдарының барлығының құрылысына жалпы алғанда бір-біріне ұқса, олар амин
тобынан, көмірсутектен, карбоксил топтарынан құрылған қаңқадан және ортаңғы көміртек
атомымен альфа орны бойынша байланысқан радикалдан тұрады
Ақуыздар молекулаларының құрылысы. Ұзын ақуызды тізбектер құрылыс жобасы ортақ,
бірақ бір-бірінен радикал құрылысы бойынша ерекшеленетін бар жоғы 20 түрлі
аминқышқылдарынан тұрады. Аминқышқылдарының молекулалары бір-бірімен қосылып
пептидтік деп аталатын байланыстар түзеді. Екі полипептидтік тізбектен құралған ұйқы
безінің гормоны – инсулин 21 және 30 аминқышқылдарының қалдығынан тұрады.
Миоглобин – бұлшық ет ұлпасындағы оттегін байланыстыратын ақуыз – 153
аминқышқылдарынан тұрады. Дәнекер үлпасының алғашқы коллаген талшықтарының
негізін құрайтын және оның бірліктілігін қамтамасыз ететін коллаген ақуызы үш


Лекция конспектілері
Н3-1.1.39
08.08.2023
полипептидтік тізбектен тұрады, оның әрқайсысы 1000-ға жуық аминқышқылдарының
қалдықтарынан тұрады.
Пептидтік байланыстармен қосылған амин қышқылы қалдықтарының рет-ретімен орналасуы
ақуыздың бірінші реттік құрылымы деп аталады және тізбекті молекула болып табылады.
Ақуыз жіпшесі спираль тәрізді шиыршықтанып, жоғарырақ деңгейде ұйымдасқан екінші
реттік құрылымға ие болады. Ақуыздың дәл осындай үшінші реттік құрылымы өзіндік
ерекшелігі бар биологиялық белсенді нысан болып табылады. Алайда бірқатар ақуыздар
үшін үшінші реттік құрылым соңғы емес. Төртінші реттік құрылым болуы да мүмкін. Бұл
бірнеше белокты глобуллар немесе фибриллалардың біртұтас жұмыс кешені. Ақуыз
микроорганизмі – продуценттері микроорганизммен продуцирлеуші ақуыздың
артықшылығы, жасуша ішінде концентрленеді. Фермент өте аз мөлшерде ақуыз түрінде
жасушаның ортасына бөліп жібереді. Сондықтан ақуыз заты өндірісіндегі дайын өнім, ақуыз
продуцентінің биомассасы болып саналады, ал қалдық культураларды сұйықтықтың
фильтраты болып саналады.
Ақуыз продуценттері бірқатар талаптарды қанағаттандыру керек: генерация процесі
минималды уақытта болуы керек; ортадан қоректік зат максималды сіңірілуі керек, өзінің
массасын ақуыз 40-70%дейін жиналуына мүмкіндік жасау керек; ортаға токсинді өнімді
бөлуге болмайды және олардың өздері патогенді емес болуы керек; залалсызданбаған
жағдайда продуцентті өсіргенде тіршілік етуі және төзімділігі жоғары болу керек; ортаның
сұйық фазасынан сепарирлегенде және флотирлегенде, өнімді бөлгенде оңай бөлінуге
қабілетті болу керек. Қоректік ортаның құрамына және көміртегі көзіне қарай ақуыз
заттардың әр түрлі продуценті қолданылады.
Өсімдік шикізатында ақуыз алу үшін қолданылатын Candida туысындағы ашытқылар:C.utilis,
C.tropicalis, C.guilliermondii, C.scotti.Сирек кездесетін ашытқы туысы Trichosporon
қолданылады.
Ақуыздың микроорганизм – продуцентіне қоректік көзі ретінде метан және газ сияқты
гомологиясы Preudomonas methanica, Ps. Fluorescens, Ps. Candatus, Mycobacterium phley,
Myc.filiformae, Myc.vadosum, Myc.lacticolum, Myc.mycosum, Myc.luteum, Myc.perrugosum
жатады. Метил спиртінде ақуызтық ақуыз алу үшін перспективті продуцент болып
бактериялар, ашытқылар, саңырауқұлақтар қолданылады.
Азықтық ақуыз өнімі. Микробиологиялық өндірістің алдыңдағы негізгі мақсатының бірі
ауылшаруашылығын тиімді азықтық ақуызбен қамтамасыз ету. Мал шаруашылық өнімі
өндірісінің кеңеюіне байланысты сенімді азықтық базасын құру талап етілді. Мал
шаруашылығы және құс шаруашылығы тұтынатын азықтық ақуызды, негізінде өсімдік
шаруашылығының есебіне қанағаттандырады. Бірақ мұндай дән культурасы, картоп,
азықтық шөптер сияқты бағалы өсімдік азығына микроэлеметті және витаминді, жарамды
ақуызды тек қоспа ретінде қосқан кезде тиімді ғана тұтынуы мүмкін. 
Өсімдік азығының сапасын жақсарту үшін оларға балық және ет-сүйек ұнын, майсыз сүтті
қосып байытады. Бірақ мүндай ақуыз қоспа өндірісінің көлемі мал шаруашылығында
тұтынатындарды қанағаттындырмайды. Әлемнің барлық елдерінде азықтық ақуыздың
тапшы екені белгілі. Азықтық ақуыз өнімін алу үшін қолданылатын шикізатқа байланысты
тауарлардың аттары келесідей болады: өсімдік затының гидролизатында және сульфитті
щелокте немесе гапринде – азықтық ақуыз; метил спиртінде – меприн; мұнай парфинінде –
азықтық ашытқы; азықтық ақуыз концентраты немесе парин; этил спритінде – эприн.
Белокты синтездеу проблемасының теориялық және практикалық маңызы бар. Белок
молекуласының күрделі болуына байланысты қазіргі уақытқа дейін белок синтезі толық іске
аспай отыр. Белок молекулалары үздіксіз қозғалыста болады. Белок молекулаларын
синтездеуге әрекет жасаған ғалымдардың сәтсіздіктерінің себебі де осында болуы мүмкін.
Белок молекулаларының үздіксіз өзгеруін анықтайтын заңдылықтарды түсіну — қазіргі
ғылымның ең басты міндеттерінің бірі. Алғаш рет қарапайым белокты заттар, гипофиздің


Лекция конспектілері
Н3-1.1.39
08.08.2023
гормондары вазопрессин мен окситоцин алынды. Одан басқа белок синтездеудегі зор
табыстарға инсулин мен интерферон алу жатады. Полипептидтік теория ашылғаннан бері
белоктық қасиеттері бар полипептидтер синтезделіп, жемдік қоспа, дәрі-дәрмек ретінде
қолданылып жүр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет