Ə. Е. Жұмабаева, М. Н. Оспанбекова, М. А. Данабаева


Отбасы мүшелерінің мамандықтары



бет120/305
Дата06.01.2022
өлшемі2 Mb.
#11310
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   305
Отбасы мүшелерінің мамандықтары


Пəн: Қазақ тілі

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 4

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

58-сабақ. Қысқарған сөздер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.4.2.1* – күрделі сөздердің түрлерін ажырата алу

(біріккен сөз, қос сөз, қысқарған сөз).



Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар жасай алады:

  • Күрделі сөздердің түрлерін ажырата алады.

Оқушылардың көбі жасай алады:

  • Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен мəтіндегі негізгі ойды анықтай алады.

Оқушылардың кейбірі жасай алады:

  • Қысқарған сөздердің жасалу жолын түсінеді.

Бағалау критерийлері

Күрделі сөздердің түрлерін ажырату; Диалогке қатысу;




Мұғалімнің көмегімен мəтіндегі негізгі ойды анықтау; Қысқарған сөздердің жасалу жолын түсіну.

Тілдік мақсат

Түрлі жағдаяттағы тілдік нормаларды сақтап, көпшілік алдында сөйлейді;

Сөйлеу мəдениеті қалыптастырылады.



Құндылықтар

Оқушыларды бір-біріне құрмет көрсетуге, адамгершілікке тəрбиелеу.

Пəнаралық байланыстар

Əдебиеттік оқу, музыка.

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта, компьютер.

Бастапқы білім

Қос сөздер.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-əрекет

Ресурстар

Сабақтың басы (5 минут)

2 минут

(Ұ) Шаттық шеңбері: «Ыстық лебіз». Шеңберге жиналып, бір-біріне есімінің бастапқы əрпінен басталатын жылы лебіз, тілек айту.

Көңілді əуен қосып қою

3 минут

(Ұ) Ой қозғау! «Сыңарын тап» ойыны.

(Терең – таяз, ыстық – суық, адал – арам, жұмсақ –

қатты, жуан – жіңішке)


Интерактивті тақта

Сабақтың ортасы (30 минут)

6 минут

52-жаттығу. (МК; Ұ) Мəтінді оқып, сұрақтарға жауап беру.

Мəтінді мұқият оқиды. Мəтінде неше кейіпкер бар екенін анықтайды. Əр кейіпкер сөзінің алдынан қандай тыныс белгісі қойылғанына назар аудартылады. Ата-аналарының қандай мамандық иелері екенін əңгімелейді. Қарамен жазылған сөздерге назар аударады. Олардың толық атауын анықтайды.



Оқулық

2 минут

(Ұ) Жаңа ақпаратпен жұмыс.

Жаңа ақпаратты түсіндіру жұмысы ұйымдастырылады. Игерген білімдерін мысалдар келтірту арқылы пысықтайды.






5 минут

53-жаттығу. (Ө; Ұ; Қ) Өлеңді жатқа жазу.

Өлеңді жатқа жазады. Дереккөздерден ГЭС қысқарған сөзінің толық атауын тауып оқиды.

ГЭС-те қандай мамандық иелері жұмыс істейтіні туралы əңгімелейді.


Оқулық

№2 дəптермен жұмыс



5 минут

54-жаттығу. (Ө; Ұ; Қ) Сөздердің қысқарған түрін

Оқулық




жазу.

Сөздерді оқиды жəне əрқайсысының тұсына қысқарған түрін жазады.

Сөздердің қалай қысқартылып тұрғанын өзі пайымдап айтады.


№2 дəптермен жұмыс

5 минут

55-жаттығу. (Ө; Қ) Сөйлемдерді көшіріп жазу. Сөйлемдерді көшіріп жазады. Қысқарған сөздердің астын сызып, олардың толық атауларын жəне қалай қысқартылып тұрғанын айтады.

Жұмыстарын топта жариялайды.



Оқулық

№2 дəптермен жұмыс



2 минут

(Ө; Ұ; Қ) Берілген тапсырманы орындау деңгейіне рефлексия жасау.

Оқушылар бір-бірінің жұмысын көңіл күйді білдіретін



«Смайликтер» əдісі арқылы өз іс-əрекеттеріне рефлексия жасап, бағалайды.

Смайликтер

5 минут

56-жаттығу. (Ө; Қ) Хабарлама дайындау.

«Бұл қай мамандық иесі?» ойыны ойнатылады. Ол үшін төмендегі сөйлеу мəнерлері кімге тиесілі екенін табады.

Өз тобымен ата-аналарының мамандықтары туралы суреттер жинайды. Оларды қағазға жапсырып, хабарлама дайындайды. Оқушыларға таныстырады.


Оқулық Флипчарттар Маркерлер

Сабақтың соңы (5 минут)

3 минут

(Ө; Қ) Дұрыс жауапты белгілеу.

Тақырып бойынша оқушылардың игерген білімдеріне рефлексия жасату мақсатында тестік жұмыс орындатылады. Оқушылар дəптерде берілген тапсырманы оқиды. Дұрыс жауаптардың бірін белгілейді.

Жазған жұмыстарын топта жариялап оқиды.


№2 дəптермен жұмыс

2 минут

(Ө; Қ) Бағалаудың шартты белгілеріне сəйкес өзін- өзі бағалау. Жұмыстарын топта жариялап, дəлелдеу.

Сабақтан игерген білімдеріне рефлексия жасату мақсатында жұмыс дəптеріндегі «Өз жұмысыңды бағала» тапсырмасы орындатылады. Бірінші тұрған

«сауатты жазу», екінші тұрған «көркем жазу», үшінші тұрған «шығармашылық жұмыстарды орындау» дөңгелектері тиісті қарындаштармен боятылады.

Нəтижелері топта жарияланады.



№2 дəптермен жұмыс Түрлі түсті

қарындаштар





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет