Ə. Е. Жұмабаева, М. Н. Оспанбекова, М. А. Данабаева



бет138/305
Дата06.01.2022
өлшемі2 Mb.
#11310
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   305
Байланысты:
Қазақ тілі 4-сынып

Қазақ тілі. 4-сынып

6-бөлім: Қоршаған ортаны қорғау

Осыған дейін меңгерілген білім

Бұл бөлім 5-бөлімде меңгерілген білім мен дағдыларға негізделеді. Оқушыларда көркем жəне ғылыми-танымдық мəтіндерді салыстыру, оларды бір- бірінен ажырату, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын білу біліктері бар. Тұрақты сөз тіркестері мен көп мағыналы сөздерді ажыратып, мағынасын түсінеді жəне қолдана алады. Мəтін мазмұны бойынша шешім табуға бағытталған сұрақтарды құрастырады. Зат есімнің септелуі, септік жалғауының емлесі туралы алған білімін түрлі жағдаяттарда қолдана алады.

Мəнмəтін

Бұл бөлім қоршаған ортаны қорғауға арналған көркем жəне ғылыми мəтіндермен жұмыс арқылы ұйымдастырылады. Мəтіннің тақырыбы мен графикалық көрнекілік бойынша мəтіннің мазмұны болжатылып, оқушының өз ойын дəлелдеуі жүзеге асырылады. Тақырып пен тірек сөздерді пайдалана отырып хабарлама жасау білігі жетілдіріледі. Мəтіннің тақырыбы мен мазмұнының өзара сəйкестігін анықтай алады жəне ондағы негізгі

ойды тұжырымдау мүмкіндігіне ие болады. Оқушылардың сауаттылығын арттыруға, көркем жазу, дұрыс оқу дағдыларын қалыптастыруға жəне сөйлеу мəдениетін дамытуға мəн беріледі.



Қысқаша шолу

Бұл бөлімде оқушылар зат есім туралы білімдерін еске түсіріп, зат есімнің жіктелуі, оның емлесі туралы түсінік алады. Есімдік, оның ішінде жіктеу есімдігі туралы түсінік алып, жіктеу есімдіктерінің септелу ерекшеліктерін зат есімнің септелуімен салыстыру арқылы білетін болады. Дереккөздермен

жұмыс арқылы қажетті ақпаратты табуға жəне өз сөйлеуінде қолдануға төселеді.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет