3.2 Түрлі стильде мəтін жазу.
|
4.3.2.1* – тірек сөздерді қолданып, белгілі бір стильде мəтін (мақала, мінездеме) жазу.
|
(Ө) Мінездеме жазу.
Тірек сөздер мен сөз тіркестері: робот, техника, мəшине, автомат, адам тəрізді, жасанды интеллект, өнеркəсіп, қимылдар, еңбек, құрылғы.
|
Мұғалім оқушыларға ұсынылған тірек сөздерді пайдаланып, роботқа мінездеме жазуды тапсыру.
Мұғалім мінездеме жазудың мазмұндық- құрылымдық жүйесін еске түсіреді:
тақырыбы;
мінездеме берілетін робот туралы қысқаша мəлімет;
негізгі мəтін;
қорытынды;
мінездемені талап етуші ұйымның аты;
мінездеме берілген күн, ай, жыл;
мінездеме берушінің аты-жөні, қолы; Мінездеменің тақырыбы парақтың жоғарғы жағын ала, орта тұсына қарай үлкен əріптермен жазылады.
Мінездеме А4 форматты параққа жазылады. Көлемі 1 беттен аспауы керек. Мінездеме мəтіні компьютерде теріліп, кейін принтерден шығарылады.
Тақырыпты, өмірбаяндык мəліметтерді, қорытынды мен негізгі түйінді үлкендеу шрифтімен беруге болады. Кейде мінездеме жоғары жағында мекеменің аты, логатипі, фирмалық белгісі көрсетілген арнайы бланкілерде де жазылады. Əр данасы есепте тұратын арнайы бланкілерге жазылған мінездемелер мінездеме беруші адамның жəне ұйым жетекшісінің қолымен расталады. Барлық мінездемелерге мекеме мөрі басылады.
Мінездеме ресми стильде, бейтарап тонмен жазылады. Мəтін баяндауышы ашық райлы етістіктен жасалады (беріледі,
орындады, көріне білді, көрсетті).
|
|