(Ұ) Болашақ туралы фантастикалық əңгімелер оқу. Сөйлемдегі одағай, еліктеу сөздерді ажырату.
Болашаққа хат
Мұғалім қызықты шығармалар оқу арқылы одағай сөздер, олардың мəні мен емлесі, тыныс белгілері туралы білім, білік, дағдыларды қалыптастырады.
Еліктеуіш сөздер табиғат құбылыстары мен жан-жануарларда болатын əр алуан дыбыстарға жəне олардың сын-сипат, қимыл-əрекеттеріне еліктеуден туған сөздер екенін түсіндіру.
Болашақтағы өзімді қиял əлемімен елестетер болсам, мен білімді азамат болғанмын. Алақай, армандарым біртіндеп орындалып жатыр екен. Пай-пай, шамамен 20–22 жылдан соң жерде екі жүз қабаттық ғимараттан парашютпен секіріп, қалықтап жүрмін. Содан соң əлемдегі танымал жерлерді аралап, соңынан Дубайға барғанбыз. Ол жерде жалғыз емес, отбасыммен бірге болып, талай қызықтарды тамашалап, ғарыш
əлемімен де танысып, əр елдің өз ерекшеліктерін зерттеп, шет елдерде сапар шегіп болған соң, өзімнің туған өлкем, туған жерім, өз атамекенім Қазақтан Республикасына оралғанмын. Өз елімде адал қызмет жасап, елімді көркейтіп, сəнді, биік-биік ғимараттар салғанмын. Кейіннен өзімнің бала кездегі арманым Қазақстан Республикасының қарулы күштер қатарына еніп, полиция қызметіне кіріп, елінің амандығын, халқының тыныштығын ойлайтын генерал болып, сол жерден зейнетке шығып бара жатыр екем...