Ə. Е. Жұмабаева, М. Н. Оспанбекова, М. А. Данабаева



бет4/305
Дата06.01.2022
өлшемі2 Mb.
#11310
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   305
Байланысты:
Қазақ тілі 4-сынып

Фонетика. Бұл бөлiмде, ең алдымен, фонетика əлеміне саяхат жасалып, тіл дыбыстарының ерекшеліктері байқатылады. Алдыңғы сыныптарда тіл дыбыстарынан өткен материалдар еске түсіріліп, дыбыс жəне оның түрлерi, буын, тасымал туралы берiлген бiлiмдi жинақтап бекiту мақсат етiледi.

Аталған бөлiмдегi жаңа тақырып – «Буын үндестiгi» мен «Дыбыс үндестiгi». Бұл тақырып жөнiнде түсінік нақты тiлдiк мысалдар арқылы байқатылып, алғашқы мағлұмат берiледi. Бұл тақырыптарды оқыту оқушылардың фонетикадан алған бiлiмдерiн қайталап жинақтауға жəне өздерi оқып кеткен дыбыстардың өзгерiсiн екiншi қырынан танытуға мүмкiндiк бередi, əрi жазу сауаттылығын арттырады.

Буын үндестiгi туралы ұғым түбiр сөздерге əр алуан жұрнақ, жалғау қосқызып, түбiрдiң соңғы буынының жуан-жiңiшкелiгiне орай қосымшаның да соған сəйкес болып келуiн байқату арқылы берiледi.

Дыбыс үндестігімен жұмыста оқушылармен оқулықтағы байқату, аңғарту мақсатында берілген тапсырмалар орындатылады. Оқушылар берілген сөздерге көптік жалғауын жалғап, көптік жалғаудың сөздерге əртүрлі жалғану себебін түсіндіреді. Ол үшін түбір сөздің соңындағы жəне қосымшадағы бірінші дыбыстың асты сыздырылып, оқушыдан бұдан не байқағаны сұралады. Мұғалімнің көмегімен дауыссыз дыбыстардың түбір мен қосымшаның жігінде бір-біріне ықпал етіп, өзара үндесіп айтылуының дыбыс үндестігі екеніне тұжырым жасалады. Жасалған қорытынды оқулықтағы ереже не мəліметпен салыстырылады.

Сөз ішінде қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуін (дүйсенбі – дүйсембі, басшы – башшы, Бозжан – Божжан, түнгі – түңгі) сақтап айту ескеріледі. Мұндай сөздердің айтылудағы өзгеру себебі практикалық жұмыстар арқылы оқушылардың өздеріне таптырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет