Ə. Е. Жұмабаева, М. Н. Оспанбекова, М. А. Данабаева



бет3/305
Дата06.01.2022
өлшемі2 Mb.
#11310
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   305
Байланысты:
Қазақ тілі 4-сынып

Сөз тіркесі. Сөйлем. «Сөйлем» тақырыбында сөйлемге қатысты оқушылардың бiлетiндерi еске түсiрiлiп, жинақталады. 1-сабақта синтаксис əлеміне саяхат жасалып, синтаксис туралы түсінік беріледі. Келесі сабақтар өткен сыныптарда сөйлемнен берілген білімді қайталауға арналады. «Сөйлем мүшелерi» туралы оқушылардың белгiлi мөлшерде түсiнiктерi бар. Соған сүйене отырып, бұл сыныпта сөйлемнiң дара жəне күрделi мүшелері, бiрыңғай мүшелерi таныстырылады. «Сөйлемнiң дара жəне күрделi мүшелерi» тақырыбын оқыту мiндеттерi мынадай:

  • сөйлем мүшелерiнiң дара жəне күрделi болып бөлiнетiнiн бiлдiру;

  • дара мүше толық мағыналы жеке сөзден тұратынын, ал күрделi мүше екi не одан да көп сөзден құралатынын байқату;

  • салыстыру тəсiлi арқылы шəкiрттердiң ақыл-ойын дамыту.

«Сөйлемнiң бiрыңғай мүшелерi» тақырыбын оқытудың басты мiндеттерi мына төмендегiдей:

    • оқушыларға бiрыңғай мүшелердiң өзiндiк ерекшелiктерiн таныту;

    • бiрыңғай мүшелердiң арасына қойылатын тыныс белгiсiн меңгерту;

    • сөйлемнiң бiрыңғай мүшелерiн сөйлеу кезiнде пайдалана бiлуге үйрету. Бiрыңғай мүшелерге тəн негiзгi белгiлер мынадай:

    1. бiрыңғай мүшелердiң сөйлемде бiр ғана мүшенiң қызметiн атқаратыны;

    2. олардың бəрi бiр ғана мүшемен байланысты болатыны;

    3. бiрыңғай мүшелердiң өзара жалғаусыз қатар тұру арқылы жəне жалғаулық шылаулар арқылы байланысатыны.

«Сөз тiркесi» тақырыбы 4-сыныпта алғаш рет өтiледi. Бұл термин оқушылардың осыған дейiн сөйлемдегi сөздердiң байланысы туралы алған түсiнiктерiне сүйенiп қиындықсыз-ақ меңгертiледi. Алғашқы сабақта сөз тiркесi дегеннiң не екенi нақты мысалдармен түсiндiрiледi де, кейiнгi сабақтарда сөз тiркесiнiң сөзден ерекшелiгi, сөйлемге ұқсастығы мен өзгешелiгi т.с.с. мəселелер бiртiндеп байқатылып, оқушылардың өздерiн ойланта, iздендiре отырып меңгертiледi.

Содан соң құрмалас сөйлем туралы түсiнiк берiледi, мысалдарды (Оқушылар тəртіпті. Оқушылар тəртіпті болса, ұстаз қуанады.) салыстыра талдау барысында оқушылар өздерi бiр ғана тиянақты ойды бiлдiретiн сөйлем жай сөйлем деп, ал екi немесе одан да көп жай сөйлемнен құралып, күрделi ойды бiлдiретiн сөйлем құрмалас сөйлем деп аталады деген тұжырымға келулерi тиiс.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет