«Есте сақта!» айдары бойынша оқушыларға сұрақтарды қайталатады (кім? не? неше? қандай?), ә дыбысы кездесетін сөздерге қандай сұрақтар қойылатынын түсіндіреді. Мысалы: әже (кім?), әке (кім?), әріп (не?), Әсет (кім?). Мұғалім оқушылармен сергіту сәтін ұйымдастырады.
Мұғалім оқушыларға дәптердегі тапсырмалардың орындалу жолын түсіндіреді (№2 жұмыс дәптері).
4-тапсырмада сөйлемдерді барады, бармайды етістігімен толықтырып айтады.
Сөйлемнің қасына қойылған белгі бойынша ( – барады, – бармайды) Сенің досың қайда барады? деген сұраққа жауап береді.
Сұрақ бойынша өздерінің достары қайда баратынын айту арқылы бару етістігін 3-жақта қолданады.
Ә ә дыбысы мен оның әрпімен танысады, ә дыбысын дұрыс дыбыстауды үйренеді.
Ә дыбысы кездесетін сөздер қатарын сурет бойынша атайды: әже, әке, әріп. «Есте сақта!» айдары бойынша кім? не? неше? қандай? сұрақтарын қайталайды, сұраққа сәйкес келетін жауапты таңдайды.
Оқушылар сергіту жаттығуын жасайды.
Дәптердегі тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен орындайды.
1-тапсырмада оқушылар «Ә ә» әрпін бастырады, өз бетінше жазады, әже, әке сөздерін көшіріп жазады.
Оқушылардың дәптердегі жұмысы стикер жапсыру немесе смайл қою
арқылы бағаланады.
№2 жұмыс
дәптері
1-тапсырмада оқушылардың әріпті бастыру, өз бетінше жазу, сөздерді көшіріп жазу дағдылары қалыптастырылады.
Мұғалім оқушылардың әріптерді сөз ішінде дұрыс байланыстырып
жазуларына, ұқыпты әрі таза жұмыс істеулеріне назар аударады.
2-тапсырмада мұғалім оқушылардың сөзді өз бетінше жаза алу дағдыларын қалыптастыруға көңіл бөледі.
3-тапсырмада тыңдалым әрекеті
жүзеге асырылады. (5.2.3)
Оқушылар аудиодиск бойынша тыңдаған ақпаратты түсінгендерін тыңдаған ақпаратқа сәйкес суретті белгілеу арқылы көрсетеді.
Тыңдайтын ақпарат:
Бірінші диалог:
Сен дүкенге барасың ба?
Жоқ, бармаймын.
Сен тауға барасың ба?
Иә, барамын.
Екінші диалог:
– Сен мектепке барасың ба? - Иә, барамын.
Сен саябаққа барасың ба?
Жоқ, бармаймын. Мұғалім оқушыларға жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындату арқылы оқушылардың оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.
Оқушыларға электрондық қосымшада
2тапсырмада
жазады.
3тапсырмада арқылы тыңдалымға қасына қояды.
Электронды
берілген сөзді айтады, он
екі
шартты
қ
тапсырманы орындайды.
оқушылар
оқушылар диалог
сәйкес белгілерді
қосымшада
суретте ы өз бетінше
аудиодиск тыңдайды, жауаптардың (,
берілген
)
Аудиодиск_
Дәптер: 5.2.3
Қосымша
берілген тапсырма шартын түсіндіреді.
Тапсырма арқылы оқушыларды өз бетінше жұмыс істей білуге үйретеді. АКТ-ні қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.
Тапсырманы орындау арқылы сабақта алған білімдерін бекіте түседі.
тапсырма: 5.2
Сабақтың соңы
Сабақты қорытындылау мақсатында оқушылармен кері байланыс орнатады.
Өздерінің сабақта қалай жұмыс істегендерін бағалайды, сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.