|
і дыбысы кездесетін есімдер туралы да ақпарат береді (Інжу т.б). Осыған орай оқушылар «Сенің атың кім?» деген сұрақты қайталайды, еске түсіреді.
«Көп және тез» ойыны бойынша қазақ тіліне тән дыбыс кездесетін сөздерді қайталату жұмыстары жүргізіледі.
«Есте сақта!» айдары бойынша оқушылар сұрақтарды қайталайды (кім? не? неше? қандай?). Мұғалім і дыбысы кездесетін сөздерге қандай сұрақтар қойылатынын түсіндіреді. Мысалы: кітап (не?), піл (не?), бір (неше?), Інжу (кім?).
Мұғалім оқушылармен сергіту сәтін ұйымдастырады.
Мұғалім оқушыларға дәптердегі тапсырмалардың орындалу жолын түсіндіреді (№2 жұмыс дәптері).
1-тапсырмада оқушылардың әріпті бастыру, өз бетінше жазу, сөздерді көшіріп жазу дағдылары қалыптастырылады. Мұғалім оқушылардың әріптерді сөз ішінде дұрыс байланыстырып жазуларына, ұқыпты әрі таза жұмыс істеулеріне назар аударады.
2-тапсырмада мұғалім оқушылардың сөзді өз бетінше жаза алу дағдыларын қалыптастыруға көңіл бөледі.
3-тапсырмада тыңдалым жүзеге асырылады. Оқушылар аудиодиск бойынша тыңдаған ақпаратты
|
І дыбысы кездесетін сөздер қатарын сурет бойынша атайды: кітап, піл, бір. Қазақ тіліне тән дыбыс кездесетін сөздерді атайды.
«Есте сақта!» айдары бойынша кім? не? неше? қандай? сұрақтарын қайталайды, сұраққа сәйкес келетін жауапты таңдайды.
Оқушылар сергіту жаттығуын жасайды.
Дәптердегі тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен орындайды.
1-тапсырмада оқушылар «І і» әрпін бастырады, өз бетінше жазады, піл, бір сөздерін көшіріп жазады.
2-тапсырмада оқушылар суретте берілген сөздерді айтады, оны өз бетінше жазады.
3-тапсырмада оқушылар аудиодиск арқылы ақпаратты тыңдайды, тыңдаған ақпаратқа сәйкес, мектеп пен
|
Оқушылардың дәптердегі жұмысы стикер жапсыру немесе смайл қою
арқылы бағаланады.
|
№2 жұмыс
дәптері
Аудиодиск_
Дәптер: 5.3.3
|