Ә. Ж. Хазимова, Б. О. Салыхова, М. Ж. Бейсебекова Қазақ тілі әдістемелік нұСҚАУ



бет102/180
Дата21.11.2022
өлшемі3,65 Mb.
#51617
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   180
Байланысты:
1класс МЕТОДИКА

«Бағдаршам» әдісі


Сабақтың тақырыбы: Мен анаммен барамын

Бөлімі: 5

Саяхат

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы: 1

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Мен анаммен барамын

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:

1.2.3.1 сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және үлгі бойынша жауап беру;
1.3.4.1* мұғалімнің қолдауымен мәтін немесе иллюстрация бойынша қарапайым сұрақтар (кім? не? қандай? қанша?) қою және қысқаша жауап беру;
1.4.4.1 бас әріптер мен кіші әріптерді дұрыс байланыстырып, көркем жазу.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар: өзінің қандай да бір жерге (дүкенге, саябаққа, мектепке, үйге, тауға) кіммен баратынын айта алады, і әрпін таниды, дұрыс дыбыстайды, жаза алады, і дыбысы кездесетін сөздер қатарын атай алады.
Оқушылардың басым бөлігі: өзінің қайда/кіммен баратынын айта алады, мұғалімнің көмегімен көмектес септігінің жалғауын дұрыс қолдана алады.
Кейбір оқушылар: сабақта үйренген құрылымдық үлгілерді өмірлік жағдаятта еркін қолдана алады.

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңі/уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді, амандасады. «Күлкі сыйла» әдісі бойынша

Мұғаліммен амандасып, назарларын сабаққа аударады.






сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастырады.










Сабақтың ортасы

Оқушылардың назарын оқулықтағы 1-тапсырмада берілген суретке аударады. Сурет бойынша балалардың мектепке кіммен баратынын түсіндіреді. Сөздермен жұмыс «Шеңбер» ойыны бойынша жүргізіледі. Оқушыларға ата, әже, ана сөздерін қайталатады, қайда баратынын айта алуға жаттықтырады. Оқушылардың назарын кіммен? сұрағына, оның беретін мағынасына аударады.
2-тапсырма арқылы қайда? сұрағы қайталанады. Сен қайда барасың? деген сұраққа оқушылар кесте бойынша жауап береді (Мен мектепке (тауға, дүкенге, саябаққа) барамын). Суреттер бойынша оқушылардың есіне мектеп, тау, саябақ, дүкен сөздерін түсіреді. Сөздер қатары «Араласқан әріптер» ойыны бойынша жаттықтырылады.
Екінші кесте бойынша кіммен? деген сұрақты жаттықтырады. Бұл сұраққа да кесте бойынша жауап беру үлгілерін көрсетеді. Мысалы: Мен анаммен (әкеммен, атаммен, әжеммен) барамын. Осы тапсырма арқылы оқушыларға қайда баратынын, кіммен баратынын айта алуды үйретеді.
3-тапсырмада оқушыларды сөйлесу

1-тапсырмадағы үлгі бойынша кіммен? деген сұрақпен танысады, тапсырмада берілген сөйлеу үлгілерін аудиодискіден тыңдайды, қайталайды.
2-тапсырмада қайда? кіммен? сұрақтарымен жұмыс істейді. Оқушылар араласқан әріптерден сөз құрайды.
Тапсырмада берілген кесте арқылы екі сұраққа жауап бере алуға жаттығады.
Сұрақтар:
Сен қайда барасың?
Сен кіммен барасың?
3-тапсырмада жұппен жұмыс істейді.

Мұғалім оқушылардың сабақтағы белсенділігін мақтау, мадақтау, қошеметтеу сөздерімен қолдап отырады.

Оқулық
Аудиодиск:
5.3.1




үлгісімен таныстырады. Оқушылардың сұрақ қоя алу дағдыларын дамытуға көңіл бөледі. «Сұрақ-жауап» әдісі бойынша сұрақтарға жауап алады.
Осы тапсырма арқылы қайда? кіммен? сұрақтарын жаттықтырады.
Мысалы:

  • Сен қайда барасың?

  • Мен мектепке барамын.

  • Сен кіммен барасың?

  • Мен анаммен барамын. «Есте сақта!» айдары бойынша барамын етістігінің болымсыз түрін (бармаймын) түсіндіреді. Оны сөйлеу үлгісінде қолдануға жаттықтырады.

4-тапсырмада оқушылардың шартты белгілер бойынша жұмыс істей алу дағдыларына дамытады. Тапсырмада берілген сөйлемдерді ,  белгілері бойынша барамын, бармаймын сөздерімен толықтырып айта алуға үйретеді. Тапсырмадағы Сен қайда барасың? Сен кіммен барасың? деген сұрақтарға жауап беру арқылы бару етістігін I жақта қолдануды бекіте түседі.
5-тапсырмада оқушыларды І і дыбысымен, оның әрпімен таныстырады, і дыбысының дұрыс дыбысталуына ерекше назар аударады. І дыбысы кездесетін сөздер қатарын сурет бойынша үйретеді. Олар: кітап, піл, бір. Сондай-ақ оқушыларға

Бірінші оқушы сұрақ қояды, екінші оқушы жауап береді.
Екінші бала сұрақтарға өз қалауы бойынша жауап береді.
«Есте сақта!» айдары бойынша «барамын» етістігінің болымсыз түрін үйренеді.
4-тапсырмада барамын, бармаймын етістігінің қолданысын берілген сөйлемдерді толықтырып айту арқылы қайталайды.
Сөйлемнің қасына қойылған белгі бойынша ( – барамын,  – бармаймын) барамын, бармаймын сөздерін қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет