1.1.1.1* хабарлау, сұрау мақсатында баяу және анық айтылған сөзді зейін қойып тыңдау, түсіну және тиісінше іс-әрекет жасау (қимыл, ым-ишараны қолдану).
1.3.1.1 жиі қолданылатын сөздерді тұтас оқу;
1.4.5.1* мұғалімнің қолдауымен ә, ө, і, қ, ғ әріптері кездесетін сөздерді анықтап, дұрыс жазу
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:өткен бөлім бойынша негізгі сөздік қорды тірек суреттер бойынша атай алады, қарапайым сұрақтарға үлгі бойынша жауап бере алады, тапсырмаларды мұғалімнің қолдауымен орындай алады.
Оқушылардың басым бөлігі:5-бөлімдегі негізгі материалды жақсы түсінеді, үйренген үлгі бойынша айта алады, дәптердегі тапсырмаларды жеңіл орындай алады.
Кейбір оқушылар: 5-бөлім бойынша өткен материалды өмірлік жағдаяттарда еркін қолдана алады, дәптердегі тапсырмаларды өз бетінше орындай алады.