Мұғалім оқушыларға №3 жұмыс дәптерін таратады, дәптердегі тапсырмалардың осы бөлім бойынша өткендерін қайталауға құрылғанын түсіндіреді. 1-тапсырмаға дайындық мақсатында мұғалім оқушыларға осы бөлімде үйренген тау, мектеп, дүкен, үй, саябақ сөздерін суреттер бойынша қайталатады:
Мұғалім суретті көрсетеді, оқушылар хормен сөзді айтады.
№3 жұмыс
дәптері (8-сабақ,
11-14 бб)
Тау, мектеп, дүкен, үй, саябақ суреті берілген карточкалар, түрлі түсті
қарындаштар
аяқтайды. Мысалы:
cая-бақ, мек-теп, дү-кен. 3) Мұғалім карточкаларды төмен қаратып қояды, әр оқушы бір карточканы алып, сурет бойынша сөзді айтады.
Содан кейін оқушылардың назарын
1-тапсырмадағы суретке аударады. Сурет бойынша тау, мектеп сөздері қайталанады. Мұғалім оқушылардың осы сөздерді қатесіз жаза алуларына көңіл бөледі. Сондықтан оқушылар жазып болған соң, тақтаға жазу (немесе интербелсенді тақтадан көрсету) арқылы тексертуге болады. 2-тапсырмада мұғалім карточкалар бойынша оқу құралдарын қайталатады. Содан кейін оқушылардан өздерінде бар оқу құралдарын атап шығуларын сұрайды. Тапсырмадағы «Сенде не бар?» сұрағы бойынша әр оқушы өзінде бар оқу құралын атай алады. Мұғалім оқушыларға «Сенде неше қарындаш бар?» деген сияқты қосымша сұрақтар қоя алады. Содан кейін дәптердегі тапсырма орындалады.
3-тапсырмада оқушылардың «Сен қайда барасың?» сұрағына сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін дұрыс сақтай отырып жауап берулеріне көңіл бөлінеді. Мұнда етістіктің (барамын) сөйлемнің соңында тұратыны ерекше ескеріледі. Оқушылар тапсырмада
1-тапсырмадағы сурет бойынша оқушылар тау, мектеп сөздерін қайталайды.
Аталған сөздерді тапсырмада берілген орынға жазады.
Өздерінің жазғандарын тақта бойынша тексереді.
2-тапсырмада оқушылар өздерінде қандай оқу құралдары бар екенін айтады.
Содан кейін дәптердегі тапсырма бойынша оқу құралын атайды, санайды, жазады.
3-тапсырмада оқушылар тірек
суреттер бойынша
«Сен қайда барасың?» сұрағына жауап береді.
Өздерінің таңдаған жауабына сәйкес жолды бояйды.