Барлық оқушылар: өткен бөлім бойынша негізгі сөздік қорды тірек суреттер бойынша атай алады, қарапайым сұрақтарға үлгі бойынша жауап бере алады, тапсырмаларды мұғалімнің қолдауымен орындай алады.
Оқушылардың басым бөлігі:7-бөлімдегі негізгі материалды жақсы түсінеді, үйренген үлгі бойынша айта алады, дәптердегі тапсырмаларды жеңіл орындай алады.
Кейбір оқушылар: 7-бөлім бойынша өткен материалды өмірлік жағдаяттарда еркін қолдана алады, дәптердегі тапсырмаларды өз бетінше орындай алады.
Сабақтың барысы
Сабақ кезеңі/ уақыты
Педагогтің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді, амандасады.
«Сиқырлы алаң» әдісі бойынша сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастырады.
Мұғалім оқушыларға №3 жұмыс дәптерін таратады, дәптердегі тапсырмалардың осы бөлім бойынша өткендерін қайталауға құрылғанын, сондай-ақ бұл дәптер кітапша түрінде белгілеу, бояу, сурет салу,
Оқушылар отбасы қайталайды.
мүшелерін
Мұғалім оқушылардың сабақтағы белсенділігін мақтау, мадақтау, қошеметтеу
№3 жұмыс
дәптері (8-сабақ,
20-23 бб)
Осы бөлімдегі
сәйкестендіру сияқты жеңіл, бірақ бірнеше тапсырмадан тұратынын түсіндіреді.
1-тапсырмаға дайындық мақсатында мұғалім «Сиқырлы сандық» әдісі бойынша нан, бауырсақ, шай, сүт, кәмпит, шырын, май, сорпа, ботқа, балмұздақ сөздерін қайталатады. Содан кейін мұғалім оқушылардың назарын 1-тапсырмаға аударады. Оқушылардың сөздерді дұрыс оқу дағдыларына көңіл бөледі. Сөз бен суретті сәйкестендіру тапсырмасын түсіндіреді.
2-тапсырмамен жұмыс
«Сен не аласың? Сен не алмайсың?» сұрақтарын қайталатудан басталады. Мұғалім оқушыларды жұпқа бөледі. Оқушылардың өзара сұрақ-жауабын ұйымдастырады. Ол заттардың макетін немесе суреттерді пайдалануға болады. Оқушылардың аламын, алмаймын сөздерін сөйлесуде дұрыс қолдана алуларына көңіл бөледі. Сондай-ақ оқушылардың «х», «» белгілерін дұрыс қолдана алуларына назар аударады.
3-тапсырмада мұғалім оқушылардың оқу, толықтырып жазу дағдыларын жетілдіруге көңіл бөледі.
Тапсырмадағы «иә», «жоқ» сөздеріне қатысты «аламын, алмаймын» сөздерін қолдана алуды түсіндіреді.
Мысалы:
1-тапсырмада оқушылар тағам мен cусынға қатысты сөздерді қайталайды. Тапсырмада берілген сөздерді оқиды, суреттер мен сөздерді сәйкестендіреді.
2-тапсырмада оқушылар
«Сен не аласың? Сен не алмайсың?» сұрақтарын қайталайды.
Мұғалімнің «Сен не аласың?» деген сұрағына жауап береді.
Осы сұрақты бір-біріне қояды. Тапсырмада аламын (х), алмаймын (v) белгілерін дұрыс қолданады.
3-тапсырмада оқушылар диалогті толықтырып оқиды.
Диалогті аламын, алмаймын сөздерімен толықтырып жазады.