1.1.3.1* тыңдаған мәтіннің (ұзақтығы 0,5–1 мин шамасында) мазмұны бойынша мұғалімнің қолдауымен сұрақтарға жауап беру және оған сәйкес фото/сюжетті суреттер/сызбалар таңдау;
1.2.3.1 сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және үлгі бойынша жауап беру;
1.5.1.5* мұғалімнің қолдауымен сөз тіркестері/сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін дұрыс қолдану.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:4-бөлімде өткен тақырыптарды қандай деңгейде меңгергендерін көрсете алады.
Мұғалімнің сұрақтарына жауап бере алады, басқа оқушыларға сұрақ қоя алады.
Оқушылардың басым бөлігі:4-бөлімде өткен тақырыптар бойынша өзара тілдесе алады.
Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін дұрыс сақтап қолдана алады.
Кейбір оқушылар: 4-бөлім бойынша өткен материалдарды өмірлік жағдаяттарда еркін қолдана алады.