Ә. Ж. Хазимова, Б. О. Салыхова, М. Ж. Бейсебекова Қазақ тілі әдістемелік нұСҚАУ



бет92/180
Дата21.11.2022
өлшемі3,65 Mb.
#51617
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   180
Байланысты:
1класс МЕТОДИКА

Кейбір оқушылар: 4-бөлім бойынша өткен материалды өмірлік жағдаяттарда еркін қолдана алады, дәптердегі тапсырмаларды өз бетінше орындай алады.

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңі/ уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді, амандасады. «Көңіл күйді анықтау» әдісі бойынша сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастырады.

Мұғаліммен амандасып, назарларын сабаққа аударады.



Сабақтың
ортасы

Мұғалім оқушыларға №3 жұмыс дәптерін таратады, дәптердегі тапсырмалардың осы бөлім бойынша өткендерін қайталауға құрылғанын түсіндіреді.
1-тапсырмаға дайындық мақсатында мұғалім «Қызықты суреттер» әдісін қолданады:

  1. Мұғалім аңның суреті бар карточканы көрсетеді, оқушылар хормен атайды.

  2. Мұғалім сөздің бастапқы буынын айтады, оқушылар

аяқтайды. Мысалы: ке – рік, 3) түл – кі, қас – қыр т.б.
4) Мұғалім карточкаларды төмен қаратып қояды, әр оқушы бір карточканы алып, сурет бойынша аңды атайды.

Оқушылар тірек суреттер бойынша сөздерді қайталайды.

Мұғалім оқушылардың сабақтағы белсенділігін мақтау, мадақтау, қошеметтеу сөздерімен қолдап отырады.

№3 жұмыс
дәптері (8-сабақ,
7-10-бб)
Аңдардың
суреті берілген карточкалар, Түрлі түсті
қарындаштар




Сондай-ақ мұғалім «Не жоқ?» ойынын да қолдана алады.







Содан кейін мұғалім бірнеше аңның суреті бар карточкалармен (немесе интербелсенді тақта бойынша) жұмыс істеу арқылы сандарды қайталатады. Бұл 1-тапсырманы орындаумен жалғасады.
Мысалы: үш кірпі, бес қоян, бес кірпі, үш піл.
2-тапсырма мұғалім оқушылардың назарын арыстан мен аюдың суретіне аударады. Сурет бойынша «Мынау не?» деген сұрақ қояды. Арыстан, аю, сөздерінің бірінші дыбысына көңіл бөлулерін сұрайды.
3-тапсырмадағы сурет бойынша мұғалім күн, тау, гүл, ағаш сөздерін қайталатады. Оқушыларға суреттерді өз қалауы бойынша бояуды тапсырмады. Сол кезде әр оқушымен жеке жұмыс істей алады (дәптердегі сурет бойынша сөздерді және қарындаштарды пайдалану арқылы түстерді сұрай алады).
Тапсырманы «Қайталай ғой» ойыны бойынша жалғастырады.
4-тапсырмада мұғалім оқушылардың назарын суреттегі балаларға аударады, олардың не істейтіндерін сұрайды, сол арқылы сурет салу етістігі қайталанады. Мұғалім оқушыларға «Сен ненің суретін саласың?» сұрағын қояды. Оқушылар тапсырмадағы тірек

1-тапсырмада оқушылар аңдарды атайды, санайды, содан кейін санын белгіленген орынға цифрмен жазады.
2-тапсырмада оқушылар сурет бойынша аңдарды атайды.
Белгіленген орынға сөздердің (арыстан, аю) бірінші әрпін (а) жазады.
Содан кейін суретті бояйды.
3-тапсырмада оқушылар күн, тау, гүл, ағаш сөздерін атайды, суреттерді қалауы бойынша бояйды.
Ойында бір оқушы өзі қалаған бір сөзді атайды, екінші оқушы сол сөзді қайталап, өзінің бір сөзі қосады. Үшінші оқушы екі сөзді қайталап, тағы бір бір түсті атайды.
4-тапсырмада оқушылар тірек суреттер бойынша мұғалімнің сұрағына жауап береді, өз жауабын белгі қою арқылы көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет