Әдеби kz ұшқан ұя Роман Бауыржан Момышұлы /16/2013 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет115/144
Дата28.04.2023
өлшемі1,19 Mb.
#87840
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   144
Байланысты:
Ұшқан Ұя

Әдеби KZ 
Келінім кетті, үйім берекесіз болып қалды. Бір әзәзілдің өсегіне еріп, өз қуанышыма балта 
шауыппын мен бейбақ. Кінәсіз, күнәсіз келінімді халық алдында қаралап, қас масқара 
болыппын. Көргенді жердің көркем қызы еді. Өсек сөз жарқынымның өзегін өртеп 
жіберіпті ғой. Шыдай алмады. Отауыма өсек сөз ойран салыпты. Бізді тастап төркініне 
кетіп қалды. Мен жерге отырып қалдым. Бір ақымақтың бүлдіргенін, жүз ақылды түзете 
алмайды демеуші ме еді. Менің жайымды Жарымбет те, Момыш та түсінбеді ғой. 
Айтқанымды өткізе алмадым оларға да. Ел-жұртқа беделің бар, жасың кіші болса да, 
талай жұртқа ақыл айтар азамат едің, шырағым Садықжан. Сенен көмек сұрай 
кепотырмын. Құдаларыммен сөйлесіп, келінімді ошағымның басына қайта қайтаруға 
септігің тиер ме деп кеп отырмын. Келінімнің береке екенін де, мереке екенін де енді 
түсінбедім бе мен бейбақ. Амалым таусылып, ақылым алжып, алдыңа келген жайым бар, 
жарқыным. 
Қайғыма ортақ болғын, қарағым! 
Аққұл бұдан ары сөйлей алмады. Иегі кемсендеп, көзінен жас парлап бара жатты. Садық 
осынау ел алдында өзін еркін ұстайтын, ауылының алға тұтар ақсақалы болған маңғаз 
Аққұлдың еңсесі түсіп езілгенін тұңғыш рет көріп отыр. Кәрі көзден шыққан жас бетінен 
сорғалай ағып, ақ мұрты, салалы сақалынан мөлдірлей тамшылап аққанда, Садық ішінен 
жылап жібере жаздады. Бірақ та ұстамдылық өз орнын алды. Жүрегіндегі ақиқат лебізін, 
шындық сөзін айтпай отыра алмады. 
— Солай ма еді, Ақа-ау! Қиын болған екен ғой. Мына жай менің де қабырғамды 
қайыстырып отыр, Ақа... Әйтсе де, Ақа, менің билігім Зәуреге жүрмейді. Оған сіз дұрыс 
түсініңіз. 
Мен сіздің жүрегіңіздің шын сөзін айтып отырғаныңызды білем. Орны толмас опынуға да 
түскеніңізге де түсінем. Әйтсе де құдаларыңызға бара алмаймын. Зәурешті сіздің 
қолыңызға қайтар дей алмаймын. Әділдік дегеннің, әділ заң дегеннің мәні де осында ғой, 
Ақа. Оған менің бұйрығым жүрмейді. Зәуре арқа сүйеген, Зәуре медеу тұтып, батыл 


187 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет