Әдеби kz ұшқан ұя Роман Бауыржан Момышұлы /16/2013 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет113/144
Дата28.04.2023
өлшемі1,19 Mb.
#87840
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   144
Байланысты:
Ұшқан Ұя

Әдеби KZ 
Табанда осы жерден қуып шығамын десеңіздер де еріктеріңізде. Алайда мені тыңдауға
аз ғана көңіл бөліп, жайымды ұғуға дәтіңіз шыдай ма, жарықтық? Тыңдайды деп келіп 
тұрмын! 
Бұл сөздің бәрін келіншек бойындағы дірілін, кеудесіндегі ызасы мен толқуын жеңіп 
тұрып, қолмен қойғандай, шегемен қаққандай айқын баяндады. Адал адам ғана осылай 
батыл сөйлей алады деп ойладым мен ішімнен. Өйткені оның сөзі жан сезімнің нұрын 
шашып, жалаға қарсы жалындап тұр еді. Әйелдің бүкіл бітімі, жан дүниесі, тіптен киімінің 
әр түймесіне дейін әділетсіздікке деген айбатын айқын танытатын сияқты. Қаны қашып, 
сұрланған жүзі қуқылданып көрінсе де, батыл шешімнің, ұстамдылықтың, өжеттіктің 
нышанын әйгілей түседі. 
Жарымбет ақсақал да, өзге жұрт та келіншектің батылдығына қайран қалып ұйып отыр. 
Қарт келіншектің бетіне тура қарап еді, одан сезіктенуді, әлде имену нышанын аңғара 
алмады. 
— Айта ғой, балам, айта ғой, — деді Жарымбет абыржып. Сөйтіп екі қолымен сақалын 
кезек-кезек сипай берді. 
—Мен алдарыңызға келгенде,—деді Зәуре өзін-өзі әдепті ұстап, — сіздермен айтысайын, 
тартысайын, соттасайын деп келгем жоқ. Ондай күн туса, ол үшін жаңа заманның соты
Советтің әділ заңы бар. Алдымен соған жүгінем. Ол соттың алдына ерлермен бірдей өз 
сөзімді өзім айта алам. 
Маған арашалаудың керегі жоқ. Бірақ айтайын дегенім ол емес еді. Мен сіздердің 
алдарыңызда, мына күйеуіме өз шешімімді естірте кетейін деп келіп тұрмын. Өйткені 
осының байбаламымен жұрттың бәріне күлкі болдық. Сөйтіп тектен-тек мазақ болып
жұрт көзіне түрткі боп тұрмын. Таза жүрегім өсектің қозына көмілгендей, өне бойым 
ұяттан өртеніп барады. Енді бұл күйікке шыдай алмаспын. Жаңа өкімет еркіндікке, 
теңдікке ерік беріпті. Сол теңдігімді енді пайдаланам. Масқара боп жүре алмаймын. 


184 
Әдеби KZ 
Сондықтан, бұл үйден біржола кетуге бел байладым. Қараниеттің қасында қалуға енді 
менде шама жоқ. 
Мына сөзді естігенде, отырғандар ауыр күрсініп алды. 
— Келгелі өзіңізден кейіс естіп көрген жоқ едім. Қабақ шытып, көңіліме тиген жоқсыз. 
Мұныңызға мың да бір рақмет, ата. Алдыңыздан өтіп, қоштаса кетейін деп келдім,— деді 
Зәуре енді Аққұлға бұрылып. 
— Не дейсің, балам, не дейсің! — деп кемсеңдей берді Аққұл. Бірақ Зәуре бұл сөзді 
естімегендей Жарымбет жаққа бұрылып: 
— Жарықтық, мені төркініме жеткізіп сал деп, бір жігітке тапсыруға жарайсыз ба? 
Сізге айтар тілегім осы еді, — деп Зәуре енді күйеуіне тесіле қарады да. — Ал, сенің 
босағаңнан тірі жүріп аттамаспын, — деді. 
Ақсақалдардың алдында тағы да кешірім сұрап, келіншек бұрылып жүре берді. Жұрттың 
бәрі томсырайып, төмен қарап отырып қалды. Қолайсыз тыныштықты ешкім бұза алмады. 
Жарымбет ақсақал абыржып, алақанын уқалай берді. Ақыры қатты күрсініп: 
— Байғұс бала-ай, әбден қорланған екен-ау! Төрімнен көрім жақын кезінде оған мен 
тоқта деп айта алмаймын. Төркініне апарып салыңдар. Біраз ата-анасының алдында 
жүріпашуын басар, ойланар!.. Менің айтарым осы, көпшілік, — деп қарт орнынан тұрып, 
атына қарай жүріп кетті. 
Қайтарда Зәуре жайлы әркім әрқалай толғанып келе жатты. Алайда бәрі де бишара әйелге 
керемет қиянат жасалғанын іштей мойындап еді... 
Кенет арт жақтан әжемнің даусы естілгендей болды: «Есуас болсаң да. бүгін өзіңді 
ақылды ұстадың», — деді әлгі дауыс. 
Мен бұрылып қарасам, сөйлеп келе жатқан әжем емес, әкем екен. Әкемнің үні мен даусы 
әжеме ұқсас еді. Қатарласып келе жатқан інісіне айтқан екен әлгі сөзді. 


185 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет